О приостановлении действия некоторых структурных элементов приказа исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 353 «Об утверждении Правил применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О приостановлении действия некоторых структурных элементов приказа исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 353 «Об утверждении Правил применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының халықаралық катынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің қолданысын тоқтата тұру туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 310
- Қабылданған күні
- 03.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2023 181020_657470.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032457
- ЭКБ идентификаторы
- 181020
- Редакция идентификаторы
- 181020_657470
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:20
0
«Қазақстан Республикасының халықаралық катынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің қолданысын тоқтата тұру туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларының 48-тармағының екінші бөлігінің және 51-тармағының қолданысын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасында тіркелген тасымалдаушылар үшін 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бұйрық күшіне енгенге және осы бұйрықтың 1-тармағында көзделген мерзім аяқталғанға дейін 5 жұмыс күні бұрын кәсіпкерлік субъектілерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуді жүргізсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі