Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 353 «Об утверждении Правил применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении»

Бұйрық · № 22 · қабылданған 12.01.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-353-ekb-192458/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 353 «Об утверждении Правил применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении» Қолданыста Бұйрық ·№ 22 ·12.01.2024
12.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 353 «Об утверждении Правил применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении»

Қолданыста Бұйрық ·№ 22 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 353 «Об утверждении Правил применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
22
Қабылданған күні
12.01.2024
Көрсетілген редакция
12.01.2024 192458_681084.kaz
Соңғы өзгеріс
12.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400033905
ЭКБ идентификаторы
192458
Редакция идентификаторы
192458_681084
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:30

0 «Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген ) мынадай толықтыру енгізілсін:
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:
«51-1. Осы Қағидалардың 48-тармағының екінші бөлігінің және 51-тармағының талаптары отандық тасымалдаушыларға қолданылмайды:
1) Қазақстан Республикасының теңіз порттарына паромдармен келетін, одан әрі Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына бару үшін;
2) халықаралық автомобильдік жүк тасымалдары саласындағы үкіметаралық келісімдер жасалмаған елдерден/елдерге;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасын өткізу пункттерінде шетелдік рұқсат бланкілерін беруді көздейтін Қазақстан Республикасы үкіметаралық келісімдер жасасқан елдерден/елдерге жүкті халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын.».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы