О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 353 «Об утверждении Правил применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении» и приостановлении его структурного элемента
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 353 «Об утверждении Правил применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении» и приостановлении его структурного элемента
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына толықтыру енгізу және оның құрылымдық элементін тоқтата тұру туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 61
- Қабылданған күні
- 09.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 09.02.2024 193166_686227.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400033990
- ЭКБ идентификаторы
- 193166
- Редакция идентификаторы
- 193166_686227
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:16
0
«Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына толықтыру енгізу және оның құрылымдық элементін тоқтата тұру туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген) мынадай толықтыру және оның құрылымдық элементін тоқтата тұру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында:
19-тармақтың 6) тармақшасының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын;
мынадай мазмұндағы 51-2-тармақпен толықтырылсын:
«51-2. Осы Қағидалардың 48-тармағының екінші бөлігінің және 51-тармағының талаптары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген тасымалдаушыларға, егер Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына жүктерді тасымалдауды алдыңғы тасымалдаушының отандық рұқсаттары болған кезде тасымалдаушыны қайта тиеу (тиеу/түсіру) және (немесе) ауыстыру арқылы бірнеше тасымалдаушы дәйекті түрде орындаған жағдайда қолданылмайды.».
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші және бесінші абзацтары 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады деп белгіленсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі