Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 354 «Об утверждении Правил пользования маломерными судами и базами (сооружениями) для их стоянок»

Бұйрық · № 706 · қабылданған 11.10.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-354-ekb-125720/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 354 «Об утверждении Правил пользования маломерными судами и базами (сооружениями) для их стоянок» Қолданыста Бұйрық ·№ 706 ·11.10.2018
11.10.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 354 «Об утверждении Правил пользования маломерными судами и базами (сооружениями) для их стоянок»

Қолданыста Бұйрық ·№ 706 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 354 «Об утверждении Правил пользования маломерными судами и базами (сооружениями) для их стоянок»
Атауы (қаз.)
«Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
706
Қабылданған күні
11.10.2018
Көрсетілген редакция
11.10.2018 125720_366914.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017574
ЭКБ идентификаторы
125720
Редакция идентификаторы
125720_366914
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:55

0 «Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жолаушылар сыйымдылығы, жүк көтергіштігі, шекті қуаты және қозғалтқыш саны, желкендердің рұқсат етілетін алаңы, жүзу ауданы, кеме жүзе алатын толқын биіктігі, су үсті бортқа отыру, құтқару және өртке қарсы құралдармен, сигнал оттарымен, навигациялық және басқа да жабдықтармен жарақталуы бойынша белгіленген шарттарды, нормаларды және техникалық талаптарды сақтай отырып, шағын көлемді кемелер кеме кітабында мемлекеттік тіркелгеннен, борт тіркеу нөмірлерінің белгіленуінен, сонымен қатар техникалық куәландырылуынан кейін оларды пайдалануға жол беріледі (палубалы шағын көлемді кемелер үшін).»;
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мынадай:
кеме кітабында тіркелмеген;
техникалық куәландырудан өтпеген (палубалы шағын көлемді кемелер үшін);
борт нөмірлері жоқ;
қайта жабдықталған;
тиеу, жолаушылар сыйымдылығы, аудан және жүзу шарттары бойынша нормалары бұзылған;
өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі жоқ;
мас күйінде шағын көлемді кемені басқаруға;»;
35-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кеме жүргізушіде шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігінің, жыл сайын техникалық куәландырудан өткені туралы белгі қойылған кеме билеті болмаса (палубалы шағын көлемді кемелер үшін);».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_________________ Ө. Шөкеев
2018 жылғы «__» ____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
________________ Е. Сағадиев
2018 жылғы «__» ____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________ Қ. Қасымов
2018 жылғы «__» ____________

Қолданыстағы