О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 355 «Об утверждении Положения о квалификационных комиссиях, Правил дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 355 «Об утверждении Положения о квалификационных комиссиях, Правил дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 350
- Қабылданған күні
- 14.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 14.06.2017 114131_217693.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015442
- ЭКБ идентификаторы
- 114131
- Редакция идентификаторы
- 114131_217693
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:48
0
«Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларында:
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа жеке басты сәйкестендіру үшін ұсынылады);»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруді жүргізу туралы өтінішті аумақтық бөлімше өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік жиырма екі күн ішінде қарайды.
Аумақтық бөлімше командалық құрамының адамдарына диплом беруді жүргізуді мынадай:
1) диплом берілетін адамның ұсынған құжаттарын және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) диплом берілетін адамның және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген, Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің талаптары бойынша (бұдан әрі – Қағидалар мен Рұқсат беру талаптары) сәйкес келмеуі негіздері бойынша бас тартады.»;
21-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа жеке басты сәйкестендіру үшін ұсынылады);»;
26-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа жеке басты сәйкестендіру үшін ұсынылады);»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына аттестаттау жүргізу туралы өтінішті аумақтық бөлімше өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік жиырма екі күн ішінде қарайды.
Аумақтық бөлімше командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан жүргізуді мынадай:
1) аттестатталатын адамның ұсынған құжаттарын және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) аттестатталатын адамның және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттауға қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалар мен Рұқсат беру талаптарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша бас тартады.»;
30-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа жеке басты сәйкестендіру үшін ұсынылады);».
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және
коммуникациялар министрі
_______________ Д. Абаев
2017 жылғы «___» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_______________ Е. Сағадиев
2017 жылғы «___» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
_______________ Е. Біртанов
2017 жылғы «___» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________Т. Сүлейменов
2017 жылғы «___» __________