Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 355 «Об утверждении Положения о квалификационных комиссиях, Правил дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан»

Бұйрық · № 866 · қабылданған 13.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-355-ekb-118980/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 355 «Об утверждении Положения о квалификационных комиссиях, Правил дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 866 ·13.12.2017
13.12.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 355 «Об утверждении Положения о квалификационных комиссиях, Правил дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 866 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 355 «Об утверждении Положения о квалификационных комиссиях, Правил дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
866
Қабылданған күні
13.12.2017
Көрсетілген редакция
13.12.2017 118980_296044.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016385
ЭКБ идентификаторы
118980
Редакция идентификаторы
118980_296044
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:49

0

«Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттауға өтініштерді қабылдау және кемелердiң командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткені туралы анықтаманы беру Портал арқылы жүзеге асырылады.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау туралы анықтаманы алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) диплом;
3) кемеде жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссия қорытындысы (086/е нысанды медициналық анықтама).»;
29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Аттестаттаудан өту туралы анықтаманы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Портал арқылы аумақтық бөлімшелер береді.
30. Кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткені туралы анықтама жоғалған немесе ол жарамсыз болып қалған жағдайда (физикалық тозу, бүліну) анықтаманы бұрын берген аумақтық бөлімшеге Портал арқылы жоғалу және бүліну жағдайы мен себептерін жаза отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және
коммуникациялар министрі
Д. Абаев
2017 жылғы 29 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев
2017 жылғы 15 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов
2017 жылғы 27 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов
2018 жылғы 31 қаңтар

Қолданыстағы