Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 357 «Об утверждении Правил выдачи и ведения судовых документов для судов, осуществляющих судоходство по внутренним водным путям»

Бұйрық · № 760 · қабылданған 01.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-357-ekb-126521/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 357 «Об утверждении Правил выдачи и ведения судовых документов для судов, осуществляющих судоходство по внутренним водным путям» Қолданыста Бұйрық ·№ 760 ·01.11.2018
01.11.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 357 «Об утверждении Правил выдачи и ведения судовых документов для судов, осуществляющих судоходство по внутренним водным путям»

Қолданыста Бұйрық ·№ 760 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 357 «Об утверждении Правил выдачи и ведения судовых документов для судов, осуществляющих судоходство по внутренним водным путям»
Атауы (қаз.)
«Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 357 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
760
Қабылданған күні
01.11.2018
Көрсетілген редакция
01.11.2018 126521_375113.kaz
Соңғы өзгеріс
01.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017783
ЭКБ идентификаторы
126521
Редакция идентификаторы
126521_375113
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:45

0 «Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын

кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
27 наурыздағы № 357 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11093 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларында:
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«87. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру мерзімі кеме иесі бекіткен штаттық кесте мен кемені пайдалану режимі және экипаждың жұмысы туралы бұйрықты (немесе басқа құжат) қоса бере отырып, кеме иесі өтінішті ұсынғаннан кейін екі жұмыс күнін құрайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________Т. Сүлейменов
2018 жылғы «___» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_______________ Қ. Бозымбаев
2018 жылғы «___» __________

Қолданыстағы