Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 364 «Об утверждении Правил медицинского осмотра членов экипажа судна, требований к состоянию их здоровья и физической пригодности, а также формы медицинского заключения»

Бұйрық · № 646 · қабылданған 14.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-364/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 364 «Об утверждении Правил медицинского осмотра членов экипажа судна, требований к состоянию их здоровья и физической пригодности, а также формы медицинского заключения» Қолданыста Бұйрық ·№ 646 ·14.09.2018
14.09.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 364 «Об утверждении Правил медицинского осмотра членов экипажа судна, требований к состоянию их здоровья и физической пригодности, а также формы медицинского заключения»

Қолданыста Бұйрық ·№ 646 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 364 «Об утверждении Правил медицинского осмотра членов экипажа судна, требований к состоянию их здоровья и физической пригодности, а также формы медицинского заключения»
Атауы (қаз.)
«Кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидаларын, олардың денсаулығы мен дене жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ медициналық қорытындының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 364 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
646
Қабылданған күні
14.09.2018
Көрсетілген редакция
14.09.2018 124984_358579.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017461
ЭКБ идентификаторы
124984
Редакция идентификаторы
124984_358579
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:13

0

«Кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидаларын, олардың денсаулығы мен дене жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ медициналық қорытындының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 364 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидаларын, олардың денсаулығы мен дене жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ медициналық қорытындының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 364 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11546 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме экипажы мүшелерінің денсаулық жағдайына және дене жарамдылығына қойылатын талаптар осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген медициналық қорытындының нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
________________ Е. Біртанов
2018 жылғы «____» ___________

1 Кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 646 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 364 бұйрығына
1-қосымша
Кеме экипажы мүшелерін
медициналық қарап-тексеру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-28) тармақшасына, түзетулер енгізілген 1978 жылғы Теңізшілерді даярлау және диплом беру және вахта жұмысын атқару туралы халықаралық конвенцияның (бұдан әрі – Конвенция) I/9 қағидаларына сәйкес әзірленген және кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеруді жүргізу (бұдан әрі - медициналық қарап-тексеру) тәртібін белгілейді.

2 2. Қағидалардың талаптары теңіз кемелері экипажының мүшелеріне қолданылады.

3 3. Медициналық қарап-тексеру зертханалық және функционалдық зерттеулерді толық көлемде жүргізу үшін білікті мамандарға, материалдық-техникалық ресурстарға ие медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.

4

4. Медициналық қарап-тексеруді жүзеге асыратын медициналық ұйым басшысының бұйрығымен бес жыл мерзімге кәсіби патология бойынша қайта даярлаудан өткен және маман (кәсіби патолог) сертификаты бар, медициналық қарап-тексеруге және медициналық қорытындыны беруге жауапты дәрігер (бұдан әрі – Дәрігер) тағайындалады.
Дәрігерді тағайындау немесе оны ауыстыру туралы бұйрық (себебін көрсете отырып) оны бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган Дәрігерлердің тізімін құрайды және өзінің: www.mid.gov.kz интернет ресурсында жариялайды.

5 5. Медициналық қарап-тексеру осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

Дәрігер Кеме экипажы мүшелерінің денсаулық жағдайына және дене жарамдылығына қойылатын талаптарды басшылыққа алады.

6 6. Дәрігер медициналық қарап-тексеру барысында толық кәсіби еркіндігін қолданады.

7 7. Кеме экипажының мүшелеріне үміткерлерді медициналық тексеріп қараудың мақсаты кәсібі бойынша денсаулық жағдайы бойынша олардың жұмысқа жарамдылығын анықтау болып табылады.

Жұмыс істейтін кеме экипажының мүшелерін медициналық тексеріп қараудың мақсаты:

1 1) кемелерде жұмыс істейтін адамдардың денсаулық жағдайын динамикалық қадағалау;

2 2) ауруларды, оның ішінде кемелерде жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін кәсіби ауруларды уақытында анықтау;

3 3) жұмыскерлердің денсаулығын сақтауға және еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған профилактикалық және оңалтушылық іс-шараларды жүргізуді бақылау;

4 4) инфекциялық және паразиттік арулардың таралуын диагностикалау және алдын алу болып табылады.

8 8. Медициналық қарап-тексеру екі жылда бір рет өткізіледі, он сегіз жасқа толмаған адамдар жыл сайын өтіп тұрады.

9

9. Медициналық ұйым үш жұмыс күні ішінде Порттың теңіз әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 417 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11033 болып тіркелген) сәйкес Кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының және жеңілдік рұқсаттардың тізіліміне енгізу үшін ұсынады.

10 10. Порттың теңіз әкімшілігі шетелдік медициналық қорытындыларды Қазақстан Республикасы және аталған қорытындыны берген мемлекеттің арасында Конвенцияның I/10 қағидаларына сәйкес, егер аталған келісімде өзгеше көрсетілмесе, тиісті келісім болған жағдайларда таниды.

2 2-тарау. Медициналық қарап-тексеру тәртібі

11 11. Медициналық қарап-тексеруге он алты жастан асқан кеме экипажы мүшелері және кемеде жұмыс істейтін экипаж мүшелері жатады.

12 12. Медициналық тексеріп қарау кезінде функционалдық және зертханалық зерттеулер мыналарды қамтиды:

1 1) клиникалық қан талдауы, глюкозаға қан талдауы;

2 2) адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ) қан талдауы;

3 3) есірткі заттары мен ішімдік белгілеріне қан мен несеп талдауы;

4 4) көру өткірлігін зерттеу, көз іші қысымын өлшеу;

5 5) естуін зерттеу.

13 13. Медициналық тексеріп қарау процесінде анықталған медициналық көрсеткіштер кезінде зерттеудің қосымша зертханалық-инструменталдық және функционалдық әдістері жүргізіледі.

14 14. Медициналық қарап-тексеруді жүргізу кезінде Дәрігер осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес кеме экипажы мүшесінің дене жарамдылығын есепке алудың медициналық картасында кеме экипажының мүшесі туралы мәліметтер және келесі шешімдердің біреуін енгізеді:

1 1) кемедегі жұмысқа шектеусіз жарамды;

2 2) кемедегі жұмысқа шектеулі жарамды;

3 3) кемедегі жұмысқа жарамсыз.

Егер кеме экипажының мүшесі кемедегі жұмысқа шектеулі жарамды деп танылса, Дәрігер осы шектеулерді көрсетеді.

15 15. Кеме экипажы мүшесі кемедегі жұмысқа жарамды деп танылған жағдайда Медициналық қорытынды беріледі.

16 16. Медициналық қорытынды мынадай шешімдердің біреуін қамтиды:

1 1) денсаулық жағдайы бойынша кемедегі жұмысқа шектеусіз жарамды (міндеттер түрін көрсете отырып);

2 2) денсаулық жағдайы бойынша кемедегі (міндеттер түрін көрсете отырып) жұмысқа шектеулі жарамды (жүзудің аудандары, рейстердің ұзақтығы, басқа да шектеулер);

17 17. Денсаулық жағдайы бойынша кемелердегі жұмысқа жарамсыз адамдарға медициналық қорытынды берілмейді.

18 18. Медициналық қорытынды Дәрігердің қолымен және мөрімен расталады.

Медициналық қорытынды:

1 1) он сегіз жасқа толмаған кеме экипажы мүшелері үшін бір жыл;

2 2) он сегіз жастағы және одан үлкен кеме экипажы мүшелері үшін екі жыл;

3 3) медициналық қарап-тексеру кезіндегі кеме экипажы мүшесінің денсаулық жағдайы негізінде шектеулі кезең ішінде жарымды болады.

Егер медициналық қорытындының жарамдылық мерзімі рейс кезінде аяқталатын болса, онда ол осы мерзім үш айдан аспайтын шартпен, Дәрігері бар келесі портқа дейін жарамды болып қала береді.

19 19. Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген қорытындымен келіспеген жағдайда кеме экипажының мүшесі Порттың теңіз әкімшілігіне үш жұмыс күні ішінде жүгінеді. Порттың теңіз әкімшілігі бес жұмыс күні ішінде басқа медициналық ұйымнан Дәрігерді тартады.

Басқа медициналық ұйымнан тартылған Дәрігер қайта жүргізген тексеріс негізінде жоғарыда көрсетілген қорытындыны растайды немесе жоққа шығарады, ол туралы Порттың теңіз әкімшілігіне хабарлайды.
Қайта жүргізген тексеріс нәтижесімен келіспеген жағдайда, кеме экипажының мүшесі тексеріс нәтижесіне сот тәртібінде шағым жасай алады.

20 20. Кеме экипажының мүшесі кемедегі жұмыстан:

1 1) тиісті медициналық қорытындысы болмағанда;

2 2) ауруын жасыру салдарынан сәйкес келмейді деген медициналық қорытынды берілген жағдайларда шеттетіледі.

1.1 Кеме экипажы мүшесінің дене жарамдылығын есептеудің медициналық картасы

Кеме экипажы мүшелерін
медициналық қарап-тексеру қағидаларына
қосымша
Нысан
Кеме экипажы мүшесінің дене жарамдылығын есептеудің
медициналық картасы
1. Кеме экипажының мүшесі туралы ақпарат
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты
(бар бол­са)
Ту­ған кү­ні (кк/аа/жж­жж)
Үй ме­кен­жайы
Аза­мат­тығы
Жы­ны­сы

Ер

Әй­ел
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат
Тү­рі:
Нө­мі­рі:
Бө­лім­ше

Па­лу­ба

Ма­ши­на­лық

Ра­дио­руб­ка

Азық-тү­лік

Бас­қа
Күн сай­ын­ғы және ава­ри­я­лық жағ­дай­лар ке­зін­де­гі мін­дет­тер (егер қол­да­ныл­са)
Ке­ме­нің тү­рі

Құр­ғақ жүк

Кон­тей­нер та­сы­мал­да­у­шы

Жо­ла­у­шы

Тан­кер

Бас­қа
Жү­зу ау­ма­ғы

Шек­тел­ме­ген

Жа­ға­лау ма­ңын­да­ғы

Тро­пик­тер

Бас­қа

2 2. Кеме экипажының мүшесі туралы жеке ақпарат

(толтырған кезде қажет болғанда медициналық персонал көмек көрсетеді)
Тө­мен­де­гі қан­дай да бір жағ­дай бол­ды ма және қа­шан?
Жағ­дайы
Иә
Жоқ
1.
Көз / кө­ру про­бле­ма­ла­ры


2.
Жо­ға­ры қан қы­сы­мы


3.
Жү­рек / қан та­мыр­ла­ры ау­ру­ла­ры


4.
Жү­рек­ке опе­ра­ция


5.
Та­мыр­лар­дың ва­ри­коз­дық ке­ңе­юі /
ге­мор­рой түй­ін­де­рі


6.
Де­мі­к­пе/ бронх қа­бы­нуы


7.
Қан ау­ру­ла­ры


8.
Диа­бет


9.
Қал­қан­ша бе­зі про­бле­ма­ла­ры


10.
Ас қо­ры­ту­дың бұ­зы­луы


11.
Бүй­рек про­бле­ма­ла­ры


12.
Те­рі ау­ру­ла­ры


13.
Ал­лер­гия


14.
Ин­фек­ция / жұқ­па­лы ау­ру­лар


15.
Жа­рық


16.
Жы­ныс дис­функ­ци­я­сы


17.
Жүк­ті­лік


18.
Ұй­ық­тау про­бле­ма­ла­ры


19.
Ал­ко­голь неме­се есірт­кі­ні тұ­ты­ну


20.
Опе­ра­ция / хи­рур­ги­я­лық ара­ла­су


21.
Эпи­леп­сия / қо­ян­шық ау­руы


22.
Бас ай­на­луы / та­лу


23.
Естен та­ну


24.
Пси­хи­ка про­бле­ма­ла­ры


25.
Күй­зе­ліс


26.
Өзіне қол жұм­сау жағ­дай­ла­ры


27.
Жады­нан ай­ы­ры­лу


28.
Те­пе-тең­дік­ті сақ­тай ал­мау


29.
Қат­ты бас ау­ру­ла­ры


30.
Құ­лақ (есту, шу) / мұ­рын / та­мақ про­бле­ма­ла­ры


31.
Қи­мыл­дау шек­те­уі


32.
Ар­қа неме­се буын про­бле­ма­ла­ры


33.
Ам­пу­та­ция


34.
Сы­ну / буын шы­ғу


Егер Сіз жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген тар­мақ­тар­дың бі­ре­уіне «иә» деп жа­у­ап бер­се­ңіз то­лық жа­зы­ңыз:
Қо­сым­ша сұ­рақ­тар
Иә
Жоқ
35.
Сіз ке­ме­ден ау­ру сал­да­ры­нан босап шы­ғып неме­се ота­ны­ңыз­ға жі­бе­рі­ліп көр­ді­ңіз бе?


36.
Ау­ру­ха­на­да жат­ты­ңыз ба?


37.
Ке­ме­де­гі қыз­мет­тік мін­дет­тер­ді орын­дау үшін жа­рам­сыз бо­лып та­ныл­ды­ңыз ба?


38.
Ме­ди­ци­на­лық қо­ры­тын­ды­ңыз шек­тел­ді ме неме­се жой­ыл­ды ма?


39.
Өз ден­са­улы­ғы­ңы­зда­ғы про­бле­ма­лар ту­ра­лы бі­ле­сіз бе?


40.
Ти­іс­ті ла­у­а­зым бой­ын­ша функ­ци­я­лар­ды орын­дау үшін өзі­ң­із­ді сау және жа­рам­ды се­зі­не­сіз бе?


41.
Ме­ди­ци­на­лық пре­па­рат­тар­ға ал­лер­ги­я­ңыз бар ма?


Тү­сі­нік­те­ме­лер:
Қо­сым­ша сұ­рақ:
Иә
Жоқ
42.
Дә­рі­лік пре­па­рат­тар­ды ре­цепт­пен неме­се ре­цепт­сіз қа­был­дай­сыз ба?


Иә бол­са, атал­ған дә­рі­лік пре­па­рат­тар­ды, олар­ды қа­был­дау се­беп­те­рін және мөл­шер­ле­рін атап шы­ғы­ңыз:
ЕСКЕРТУ:
Жалған немесе анық емес ақпаратты беру қатаң қылмыстық-жазалаушылық әрекет болып саналады және қылмыстық қудалауға әкелуі мүмкін.
Осымен жоғарыда көрсетілген ақпараттың нақтылығын растаймын
Қолы: _____________ Дата (күні/айы/жылы): ___ / ___ / ___
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (баспаханалық әріптерімен):
____________________________________________________________________
Осымен медициналық мекемелерден және қоғамдық ұйымдардан менің медициналық
картамдағы бұрынғы барлық жазбаларды
___________________________ (бекітілген дәрігеріне) ұсынуға рұқсат беремін
Қолы: _____________ Дата (күні/айы/жылы): ___ / ___ / ___
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (баспаханалық әріптерімен):
____________________________________________________________________
Бұрынғы медициналық тексерістер бойынша байланыс деректері және өту күні
(белгілі болса):
____________________________________________________________________

3 3. Медициналық тексеріс:

Кө­ру
Кө­зіл­ді­рік­ті неме­се көз­ге са­лы­на­тын лин­за­лар­ды пай­да­ла­ну: Иә / Жоқ (иә бол­са, тү­рін және та­ғу мақ­сат­та­рын нақ­ты­ла­ңыз)
Кө­ру дең­гейі
Қо­сал­қы құ­рал­дар­ды қол­дан­ба­ған кез­де
Қо­сал­қы құ­рал­дар­ды қол­дан­ған кез­де
Оң көз
Сол көз
Екі көз
Оң көз
Сол көз
Екі көз
Алыс
Жа­қын
Кө­ру ай­ма­ғы
Ор­та­ша
На­шар
Оң көз
Сол көз
Түр­лі-тү­сті ажы­ра­ту

Тек­се­ріл­ме­ген

Ор­та­ша

Анық емес

На­шар
Есту
Тон және аудио­мет­рия (дБ ар­қы­лы анық­та­ла­ды)
500 Гц
1000 Гц
2000 Гц
3000 Гц
Оң құ­лақ
Сол құ­лақ
Сөй­ле­уді және сы­быр­ла­уды қа­был­дау те­сті (метр­лер)
Нор­ма
Сы­быр­лап
Оң құ­лақ
Сол құ­лақ
Клиникалық нәтижелер
Бойы (см):
Сал­ма­ғы (кг):
Пульс жи­і­лі­гі (мин):
Ыр­ғақ­ты­лы­ғы:
Ар­те­рия қы­сы­мы:
Си­сто­ли­ка­лық (мм рт.ст.):
Диа­сто­ли­ка­лық (мм рт.ст.):
Зәр тал­да­уы:
Глю­ко­за:
Ақуыз:
Қан:
Мөл­шер ше­гін­де
Мөл­шер­ден ауыт­қу
Бас
Қуы­стар, мұ­рын, жұт­қын­шақ
Ауыз / ті­стер
Құ­лақ (жал­пы)
Даб­ыл жар­ға­ғы
Көз
Оф­таль­мо­ско­пия
Қа­ра­шық­тар
Көз жы­л­жуы
Өк­пе және ке­уде
Ке­уде­ні қа­рау
Жү­рек
Те­рі
Ва­ри­коз та­мыр­ла­ры
Қан та­мыр­ла­ры (аяқ­тың пуль­сын қо­са ал­ған­да)
Құр­сақ қуы­сы және іш­кі ор­ган­дар
Жа­рық
Арт­қы те­сік (рек­таль­дық емес қа­рау)
Зәр-жы­ныс жүй­е­сі
Аяқ-қол
Омырт­қа (м/б, к/б және б/б)
Нев­ро­ло­ги­я­лық (то­лық / же­дел)
Пси­хи­ат­ри­я­лық
Па­ци­ент­тің жал­пы кө­рі­ні­сі
Ке­уде рент­ге­ні

Орын­дал­ма­ды

Орын­дал­ды (кү­ні/айы/жы­лы): __ / ___ / ___
Нәти­же­лер:
Бас­қа ди­а­гно­сти­ка­лық те­сті­лер және олар­дың нәти­же­ле­рі
Тест:
Нәти­же:
Қан­дай да бір шек­те­улер се­бе­бін көр­се­те оты­рып дә­рі­гер­дің тү­сін­дір­ме­сі және жа­рам­ды­лы­ғын ба­ға­ла­уы:

4 4. Теңізде қызмет атқаруға жарамдылығын бағалау:

Сынақтан өтіп отырған адамның жеке өтініші, менің клиникалық тексеруім және жоғарыда жазылған диагностикалық тестілеу нәтижелері негізінде медициналық көрсеткіштер бойынша Мен, сынақтан өтушіні растаймын:
☐ Қар­сы қа­ра­у­шы ре­т­ін­де жа­рам­ды ☐ қар­сы қа­ра­у­шы ре­т­ін­де жа­рам­сыз
Па­лу­ба­да­ғы қыз­мет
Ма­ши­на­лық бө­лім­ше­де­гі қыз­мет
Та­мақ­пен қам­та­ма­сыз ету­ші қыз­мет
Бас­қа қыз­мет
тер
Жа­рам­ды ☐ ☐ ☐ ☐
Жа­рам­сыз ☐ ☐ ☐ ☐
☐ Шек­те­у­сіз ☐ Шек­те­улер­мен
Кө­ру­ді тү­зе­ту­ге ☐ Иә ☐ Жоқ
қо­сал­қы құ­рал­дар
қа­жет еті­ле­ді
Шек­те­улер­ді ашып жа­зы­ңыз
(ерекше қыз­мет, ке­ме­нің тү­рі, жү­зу ау­ма­ғы және бас­қа­лар)
Медициналық қорытындының
жарамдылық мерзімі (күні/айы/жылы): ___ / ___ / ___
Медициналық қорытындыны беру мерзімі (күні/айы/жылы): ___ / ___ / ___
Медициналық қорытындының нөмірі: ________________________________
Дәрігердің қолы: ________________________________
Дәрігер туралы деректер (аты, лицензиясының нөмірі, мекенжайы):

2 Кеме экипажы мүшелерінің денсаулық жағдайына және дене жарамдылығына қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 646 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 364 бұйрығына
2-қосымша
Кеме экипажы мүшелерінің
денсаулық жағдайына және дене жарамдылығына
қойылатын талаптар

1

1. Осы кеме экипажы мүшелерінің денсаулық жағдайына және дене жарамдылығына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 наурыздағы № 244 қаулысымен ратификацияланған Теңізшілерді даярлау мен диплом беру және вахта жұмысын атқару туралы халықаралық конвенцияға сәйкес белгіленген және кеме экипажы мүшелерінің ең аз дене қабілеттерінің негізінде Талаптарға 1-кестеге сәйкес анықталған.

2 2. Кеме экипажы мүшелерін тексеріп қарау кезінде өлшеуге жататын буынның қызметі мен қозғалыс көлемін бағалау Талаптарға 2-кестеге сәйкес жүргізіледі.

3 3. Қашықтықтан және түрлі-түсті көруді бағалау Талаптарға 3-кестеге сәйкес кеме экипажы мүшелері үшін ең төменгі қолданыстағы көру стандарттары негізінде жүргізіледі.

Талап етілетін стандартқа сәйкес болуы үшін көруді түзету құрылғыларын пайдалану қажеттілігі туралы жазу кемелердегі жұмыс үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы туралы медициналық қорытындыға енгізілуі тиіс.
Кемедегі өз міндеттерін орындау үшін көзілдірікті немесе көру линзаларын пайдалануы қажет кеме экипажы мүшесінің бортта қосымша көзілдірігі немесе көру линзалары болуы тиіс.

4 Кеме экипажы мүшелерінің ең төменгі физикалық қабілеті

4. Кеме экипажы мүшесінің естуі (қосалқы құралдарсыз) 500, 1000, 2000 және 3000 Гц жиілігі шегінде (тиісінше 3 м және 2 м қашықтықта сөйлеуді естуге сәйкес келеді) ең азы жақсы еститін құлақта 30 дБ және нашар еститін құлақта 40 дБ болуы тиіс. Палубада/көпіршікте жұмыс істейтін кеме экипажының мүшелері 3 метр қашықтықта сыбырлап сөйлеуді естулері тиіс.
Естуді тексеріп қарау таза есту дыбысының аудио өлшегішінің көмегімен жүргізіледі. Сондай-ақ сөйлеуді қабылдаудың нашарлауын өлшейтін ұқсас тәсілдерді қолдануға болады. Гуілдің әсерінен естуден айырылу диагностикаласа, басқа өлшем шарттар және бағалаудың әдістері пайдаланылады.
Қосалқы есту құралдары, кеме экипажының мүшесі өз міндеттерін, оның ішінде авариялық жағдайларда, қауіпсіз және тиімді орындай алу жағдайында медициналық куәлігі қолданысы кезеңінде пайдаланады. Кемеде аталған құралдардың қосалқы даналары және шығыс материалдары болу тиіс.
Кемедегі авариялық дабылдың жұмысы кеме экипажы мүшесінің ұйқыдан оятуды кепілдеуі тиіс.
Кеме экипажы мүшелерінің
денсаулық жағдайына
және дене жарамдылығына
қойылатын талаптарға
1-кесте
Кеме экипажы мүшелерінің
ең төменгі физикалық қабілеті
Ке­ме тап­сыр­ма­сы, функ­ци­я­сы, күр­де­лі­лі­гі неме­се та­лап­та­ры 3
Ти­іс­ті фи­зи­ка­лық қа­бі­ле­ті
Қа­рап те­се­ру­ді жүр­гі­зе­тін ме­ди­ци­на қыз­мет­ке­рі кан­ди­дат4 мы­на­лар­ды орын­дай­тынды­ғы­на қа­на­ғат­та­нуы ти­іс:
Ке­ме бой­ын­ша күн­де­лік­ті қоз­ға­лыс:
- жы­л­жи­тын сал­дар­да
- дең­гей­лер ара­сын­да
- сек­ци­я­лар ара­сын­да
1- ес­керт­пе осы қа­тар­ға қол­да­ны­ла­ды
- Ба­ланс пен қоз­ғалт­қы­шты қай­та сақ­тай­ды
- тік бас­пал­дақ­тар мен са­ты­лар бой­ын­ша кө­те­рі­ле­ді және тү­се­ді
- Би­ік­ті­гі 600 мм ко­минг­стер­ден ат­тап өте­ді
- Тұм­ша­лан­ған есік­тер­ді аша­ды және жа­ба­ды
- Ба­ланс се­зі­мі­мен қиын­дық ту­дырт­пай­ды
- Ти­іс­ті қоз­ға­лы­стар мен фи­зи­ка­лық жүк­тер­ді бол­дыр­май­тын қан­дай да бір па­то­ло­ги­я­ның неме­се ау­ру­дың бол­мауы
Кө­мек­сіз5 мы­на­лар бо­луы мүм­кін:
- Тік бас­пал­дақ пен са­ты­лар бой­ын­ша кө­те­рі­лу
- Би­ік та­бал­ды­рық­тан ат­тай­ды
- Есік­тер­ді бас­қа­ру жүй­е­ле­рін бас­қа­ра­ды
Борт­та­ғы күн­де­лік­ті тап­сыр­ма­лар:
- қол құ­рал-сай­ман­да­рын пай­да­ла­ну
- ке­ме қор­ла­ры­ның ор­нын ауы­сты­ру
- би­ік­тікте жұ­мыс
- кла­пан­дар жұ­мысын қам­та­ма­сыз ету
- 4-са­ғат­тық вах­та­ны ат­қа­ру
- жа­бық үй-жай­лар­да­ғы жұ­мыс
- даб­ы­л­ға, ес­кер­ту­ге және нұс­қа­у­ға ден қою
- ауыз­ша ха­бар­ла­ма
1-ес­керт­пе осы қа­тар­ға қол­да­ны­ла­ды
- Ме­ха­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­лар­ды бас­қа­ру ке­зін­де­гі күш, ай­ла және шы­дам­ды­лық
- Жүк­ті кө­те­ру, сүй­реу және ар­қа­лау (сал­ма­ғы 18 кг)
- Жо­ға­ры­ға кө­те­рі­лу
- Ұзақ ке­зең­де тұ­ру, жү­ру және сер­гек боп қа­лу
- Шек­те­улі үй-жай­лар­да жұ­мыс және тар са­ңы­ла­у­лар ар­қы­лы қоз­ға­лу (н-р, қа­ғи­да 11-I/3-6.5.1 СО­ЛА­Сжүк үй-жай­ла­ры мен ава­ри­я­лық шы­ға­бе­рі­стер­де­гі са­ңы­лау 600 мм-ге ке­мін­де 600 мм мөл­ше­рін­де құ­ра­ды)
- Объ­ек­ті­лер­ді, өл­шем­ді және даб­ыл­ды көз­бен ай­ы­ра бі­лу
- Ес­кер­ту мен нұс­қа­у­лар­ды есту
- Нақ­ты сө­збен си­паттай бі­лу
- ке­ме­нің қа­уіп­сіз жұ­мысы үшін қа­жет­ті ауыр жұ­мысты орын­дау қа­бі­лет­ті­лі­гін азай­та­тын бел­гі­лі бір на­шар­ла­уы неме­се ди­а­гно­сти­ка­лық мед.көр­сет­кіш­ті жоқ
- мы­на­дай қа­бі­лет­тер­ге ие:
- кө­те­рі­л­ген қол­мен жұ­мыс іс­теу
- узақ уа­қыт бойы тұ­ру және жү­ру
- жа­бық үй-жай­ға кі­ру
- кө­ру стан­дарт­та­ры­на сәй­кес ке­лу (A-I/9 кесте­сі)
- құ­зі­рет­ті ор­ган­дар бел­гі­ле­ген есту стан­дарт­та­ры­на сәй­кес ке­лу неме­се ха­лы­қа­ра­лық нұс­қа­у­лар­ды на­зар­ға алу
- қа­лып­ты сөй­ле­су­ді ұстау
Борт­та­ғы ава­рия жағ­дай­ын­да­ғы мін­дет­тер6:
- ке­ме­ні ава­ри­я­лық та­стап ке­ту
- өрт сөн­ді­ру
- кө­ші­ру
2-ес­керт­пе осы қа­тар­ға қол­да­ны­ла­ды
- құт­қа­ру кө­кі­рек­ше неме­се гид­ро­ком­би­не­зон кию
- тү­т­ін­дел­ген үй-жай­ды та­стап ке­ту
- де­ма­лу ап­па­ра­ту­ра­сын пай­да­ла­ну­ды қо­са ал­ған­да, өрт сөн­ді­ру бой­ын­ша мін­дет­тер­ге қа­ты­суы
- ке­ме­ден кө­ші­ру про­це­сіне қа­ты­су
ке­ме­нің қа­уіп­сіз жұ­мысы үшін қа­жет­ті ауыр жұ­мысты орын­дау қа­бі­лет­ті­лі­гін азай­та­тын бел­гі­лі бір на­шар­ла­уы неме­се ди­а­гно­сти­ка­лық мед.көр­сет­кіш­ті жоқ
- мы­на­дай қа­бі­лет­тер­ге ие:
- құт­қа­ру кө­кі­рек­ше­ні неме­се гид­ро­ком­би­не­зон­ды кию
- жор­ға­лау
- тем­пе­ра­ту­ра­да­ғы ай­ыр­ма­шы­лық­ты се­зі­ну
- өрт сөн­ді­ру бой­ын­ша жаб­дық­ты пай­да­ла­ну
- де­ма­лу ап­па­ра­ту­ра­сын сүй­реу (он­да мін­дет бө­лі­гі ре­т­ін­де қа­жет)
Ескертпе:

1

1. Осы кестенің 1 және 2-қатары мыналарды сипаттайды: (a) қарапайым кеме тапсырмалары, функциялары, оқиғалары және талаптары; (b) кеме экипажы мүшелерінің, экипаждың және кеменің басқа мүшелерінің қауіпсіздігі үшін қажетті деп саналуы мүмкін тиісті физикалық қабілетілігі; (c) кеме экипажы мүшесінің түрлі міндеттерін және олар жұмысқа жалданған бортта олардың жұмыс мәнін назарға ала отырып, медициналық жарамдығын бағалау кезінде тәжірибеленуші дәрігерді пайдалану үшін жоғары өлшемшарттар.

2

2. Жоғарыда көрсетілген кестенің 3-қатары мыналарды сипаттайды: (a) авария жағдайында борттағы тапсырмалар, функциялар, қиындықтар және көрсеткіштер (талаптар); (b) теңізшінің, экипаждың және кеменің басқа мүшелерінің қауіпсіздігі үшін қажетті деп саналуы тиіс, тиісті физикалық қабілетілігі; және (c) кеме экипажы мүшелерінің түрлі міндеттерін және олар жұмысқа жалданған бортта олардың жұмыс мәнін назарға ала отырып, медициналық жарамдығын бағалау кезінде тәжірибеленуші дәрігерді пайдалану үшін жоғары өлшемшарттар.

3

3. Осы кесте борттағы мүмкін көрсеткіштерге көрсетуге немесе әлеуетті біліктілігін жоғалтқан медициналық жағдайға көрсетуге ниетті емес. Тараптар кеме экипажы мүшелерінің белгілі бір санатына қолданатын физикалық қабілетті нақтылауы тиіс (капитан көмекшісі және машина бөлімінің қатардағы қызметкері ретінде). Жеке тұлғалар және арнайы немесе шектеулі міндеттері барлар үшін ерекше жағдайлар тиісті түрде қаралуы тиіс.

4 4. Егер күмән туындаған жағдайда, тәжірибеленуші дәрігер кез келген тиісті нашарлаудың дәрежесін немесе деңгейін объективті тестілерді жүргізу, егер тестілер қолданылған және қолжетімді болған жағдайда, немесе кандидатты одан әрі тексеруге жіберу арқылы есептеуі тиіс.

5 5. «Көмекші» термині тапсырманы орындау үшін басқа адамды пайдалануды білдіреді.

6 Кеме экипаждары мүшелерін тексеріп қарау кезінде өлшеуге жататын буынның қызметі мен қозғалыс көлемі

6. «Авариялық жағдайлар кезіндегі міндет» термині жеке күн көрінісін қамтамасыз ету үшін әр теңізші орындауы тиіс рәсімдер ретінде кемені тастап кету немесе өрт сөндіру тәрізді авариялық жағдайға жен қоюдың барлық стандартты жағдайларын қамту үшін пайдаланылады.
Кеме экипажы мүшелерінің
денсаулық жағдайына
және дене жарамдылығына
қойылатын талаптарға
2-кесте
Кеме экипаждары мүшелерін тексеріп қарау кезінде
өлшеуге жататын буынның қызметі
мен қозғалыс көлемі
Буын
Қи­мыл ба­ғы­ты
Өл­шем үшін шы­ға­ру жағ­дайы; есеп­теу ба­ста­ла­тын бұ­рыш
Қоз­ға­лыс кө­ле­мі (бұ­рыш)
Мөл­шер­де
Шек­теу; еле­у­сіз ре­т­ін­де жік­те­луі
1
2
3
4
5
Иық
Бү­гі­луі (ал­ға жы­л­жу; иық буын­да­рын қо­сқан­да)
Тұр­ған­да. Қол дене бой­ы­на тү­сі­рі­л­ген; ор­та қа­лып­та су­пи­на­ция және про­на­ция ара­сын­да (0)
175 – 180
120-ға дей­ін
Иілуі (арт­қа жы­л­жу)
Сон­дай
45-50
20-ға дей­ін
Бұ­ры­луы (иық буы­нын қо­сқан­да)
Тұр­ған­да. Қол тік қа­лып­ты; су­пи­на­ция (0)
180
120-ға дей­ін
Шын­тақ
Бү­гі­луі
Тұр­ған­да. Қол тү­сі­рі­л­ген; кіш­кене қай­ы­ры­л­ған (180)
27 – 30
80-ге дей­ін
Иілуі
Сон­дай
180
160
Кә­рі жі­лік
Про­на­ция
Тұр­ған­да және отыр­ған­да. Қол 90 гра­дус­қа жи­нал­ған. Бі­лек ор­та қа­лып­та, са­у­сақ және са­у­сақ сүй­ек­те­рі бі­лек­пен бір жа­зық­тық­та (0)
90
60-қа дей­ін
Су­пи­на­ция
Сон­дай
90
60-қа дей­ін
Ала­қан бө­лік­те­рі
Бү­гі­луі
Тұр­ған­да. Қол ке­уде бө­лі­гін­де, бі­лек буы­ны­на бү­гі­л­ген, бі­лек бү­гі­л­ген 180
80
30-ға дей­ін
Иілуі
Сон­дай
70
15-ке дей­ін
Бұ­ры­луы
Ол да сон­дай, бі­лек су­пи­на­ция жағ­дай­да, са­у­сақ суй­ек­те­рі иық­пен бір жа­зық­тық­та 180
160
175-ке дей­ін
Кел­ті­руі
Сон­дай
135 - 140
165-ке дей­ін
Ала­қан және са­у­сақ сүй­ек­те­рі
Бү­гі­луі
Оты­ру. Шын­тақ ті­ре­гі тік, са­у­сақ­тар тік қа­лып­та (180)
Бі­рін­ші са­у­сақ 135-ке дей­ін, бас­қа­сы 90-95
155-ке дей­ін
60-дей­ін
Иілуі
Сон­дай
180 – 210
165-170
Са­у­са­қа­ра­лық буын­да­ры­ның қоз­ға­лы­сы­ның шек­те­улі бо­луы­на қа­рай қол үші ұстау қа­бі­ле­ті сақ­тау ке­рек және 1-ші са­у­сақ­тың бас­қа­лар­ға қар­сы қой­ы­лы­мы сақ­та­луы ке­рек
Жан­бас-бел сүй­ек­те­рі
Бү­гі­луі
Ар­қа­ға жа­ту. Ті­зе бү­гі­луі. Жан­бас бе­кі­ті­луі (0)
120
100
Иілуі
Ішпен жа­ту бол­ма­са сау бүй­і­рі­мен жа­ту. Ті­зе­ні боса­ту. Жан­ба­сты бі­рік­ті­ру (0)
15 – 20
10
Бұ­ры­луы
Ар­қа­ға жа­ту. Та­бан ор­та жағ­дай­да, ті­зе­нің 90к (0) бұ­ры­шын­да
50 – 90
30
Кел­ті­руі
Сон­дай
20 – 30
10
Су­пи­на­ция
Сон­дай, ті­зе боса­ты­л­ған
60
40
Про­на­ция)
Сон­дай
40
20-ға дей­ін
Бал­тыр және та­бан сүй­ек­те­рі
Бү­гі­луі
Ар­қа­ға жа­ту бол­ма­са бүй­ір­ге жа­ту. Бал­тыр­ға та­бан­ның бұ­ры­шы 90
130
110
Иілуі
Сон­дай
70
80
Са­май және жақ сүй­е­гі
Тік қоз­ға­лыс
Аузын кең ашып см-мен өл­шей­ді тө­мен­гі және жо­ғар­ғы ал­дын­ғы ті­стер­дің ара­лы­ғын
Ауы­здың бір­қа­лып­ты ашы­луы 3 см-ден 6 см-ға дей­ін
3 см
Кеме экипажы мүшелерінің
денсаулық жағдайына
және дене жарамдылығына
қойылатын талаптарға
3-кесте
Кеме экипаждары мүшелерін үшін ең төменгі қолданыстағы
көру стандарттары
ПДНВ кон­вен­ци­я­сы­ның қа­ғи­да­ла­ры
Ке­ме эки­паж­да­ры мү­ше­ле­рін са­на­ты
Қо­сал­қы құ­рал­ды пай­да­ла­на оты­рып, қа­шық­тық­тан кө­ру1
Жа­қын/ор­та­ша кө­ру
Түр­лі-тү­сті кө­ру3
Кө­ру ая­сы4
Түн­гі көр­ме­у4
Ди­пло­пия (көз­де екі кө­рі­ну)4
1 көз 2ші көз
Екі көз (қо­сал­қы құ­рал­дар­ды пай­да­ла­на оты­рып және олар­ды пай­да­лан­бай)
I/11
II/1
II/2
II/3
II/4
II/5
VII/2
Ка­пи­тан­дар, ко­ман­да­лық құ­рам және ал­да қа­ра­у­шы­лар функ­ци­я­ла­рын орын­да­уы ти­іс қа­тар­да­ғы қыз­мет­кер­лер
0.52 0.5
Ке­ме қоз­ға­лы­сы үшін қа­жет­ті кө­ру (н-р, кар­та­лар мен те­ңіз жа­ри­я­лым­дар­ға өті­ну, кө­пір­шек­те құ­рал-сай­ман­дар мен жаб­дық­тар­ды пай­да­ла­ну, және ке­ме жүр­гі­зу үшін қо­сал­қы құ­рал­дар­ды анық­тау)
6-мы­сал­ды қа­ра­ңыз
Қа­ра­пай­ым кө­ру ая­сы
Са­па­ны на­шар­лат­пай қа­раң­ғы­да бар­лық қа­жет­ті функ­ци­я­лар­ды орын­дау үшін қа­жет­ті кө­ру
Нақ­ты ма­ңы­зды жағ­дай­лар жоқ
I/11
III/1
III/2
III/3
III/4
III/5
III/6
III/7
VII/2
Бар­лық ме­ха­ник­тер, электр ме­ха­ник­тер, элек­трик­тер және қа­тар­да­ғы қыз­мет­кер­лер және ма­ши­на бө­лі­мі вах­та­сы­ның құ­ра­мын­да­ғы бас­қа адам­дар
0.45 0.45
Жаб­дық­ты бас­қа­ру үшін және ол қа­жет ете­т­ін­дей жүй­е­ні/ком­по­нет­тер­ді анық­тау үшін жа­қын қа­шық­тық­тан ас­пап­тар­ды оқу үшін қа­жет­ті кө­ру
7-мы­сал­ды қа­ра­ңыз
Жет­кі­лік­ті кө­ру ая­сы
Са­па­ны на­шар­лат­пай қа­раң­ғы­да бар­лық қа­жет­ті функ­ци­я­лар­ды орын­дау үшін қа­жет­ті кө­ру
Нақ­ты ма­ңы­зды жағ­дай­лар жоқ
I/11
IV/2
ГМССБ ра­дио­опе­ра­тор­ла­ры
0.4 0.4
Жаб­дық­ты бас­қа­ру үшін және ол қа­жет ете­т­ін­дей жүй­е­ні/ком­по­нет­тер­ді анық­тау үшін жа­қын қа­шық­тық­тан ас­пап­тар­ды оқу үшін қа­жет­ті кө­ру
7-мы­сал­ды қа­ра­ңыз
Жет­кі­лік­ті кө­ру ая­сы
Са­па­ны на­шар­лат­пай қа­раң­ғы­да бар­лық қа­жет­ті функ­ци­я­лар­ды орын­дау үшін қа­жет­ті кө­ру
Нақ­ты ма­ңы­зды жағ­дай­лар жоқ
Ескертпе:

1 1. Мәндер он сандық Snellen жүйесінде көрсетілген.

2 2. Бір көздегі кем дегенде 0,7 ретінде мәні көз ауруы негізінде жатқан белгісіздік тәуекелін төмендету үшін ұсынылады.

3 3. Жарықтандыру жөніндегі халықаралық комиссияның көлігі үшін түрлі түсті көру талаптарына қойылатын халықаралық ұсынымдармен айқындалғандай (кез келген кейінгі нұсқаларды қоса алғанда, CIE-143-2001).

4 4. Бастапқы тексеріп қарау кезінде анықталғаны көрсетілген клиникалық көру маманы бағалауға тиіс.

5 5. Машина бөлімінің персоналы кемінде 0.4. көруі араласқан болуы тиіс.

6 6. CIE 1 немесе 2 түрлі түсті көру стандарты.

7 7. CIE 1, 2 немесе 3 түрлі түсті көру стандарты.

3 Seafarer medical fitness certification Медициналық қорытынды

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 646 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 364 бұйрығына
3-қосымша
Нысан
Оң жағы
Seafarer medical fitness certification
Медициналық қорытынды
Осы куәлік Қазақстан Республикасының атынан теңізшілерді медициналық тексеріп қарау қағидалары және түзетілген, 1978 жылғы Теңізшілерді даярлау, диплом беру және вахтаны атқару туралы халықаралық конвенциясына (бұдан әрі ДДВА Конвенциясы) сәйкес беріледі.
This certificate is issued on behalf of the Government of the Republic of Kazakhstan in compliance with the requirements of the Regulations on Medical Examination of Seafarers and the International Convention on Standards of Training 6 Certification and Watchkeeping for Seafarers6 1978, as amended (STCW Convention), and the Maritime Labour Convention, 2006

1 1.ТЕҢІЗШІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ / DATA OF SEAFARER

Те­гі, аты / Full name
Фо­то / Photo
Ту­ған кү­ні (дд/мм/гггг)/
Date of birth (day/month/year)
Аза­мат­тығы / Nationality
Жы­ны­сы / Gender:

Ер / Male

Әй­ел / Female
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат /
Identification document
Тү­рі / Type
Нө­мі­рі / Number
Мін­дет­те­ме­ле­рі / Occupation

Мін­бе­де ба­қы­лау және вах­та­ны ат­қа­ру / look out and watch duties on the bridge

Ма­ши­на­лық бө­лім­ше­де вах­та­ны ат­қа­ру/ watch duties in the engine room

Кү­зет және қа­уіп­сіз­дік мін­дет­те­рі­мен ба­қы­лау­сыз вах­та­ны ат­қа­ру /
without look-out or watch duties but with safety and/or security duties

Жо­ға­ры­да атал­ған мін­дет­тер­дің еш­бі­ре­уін­сіз /
without any of the aforementioned duties

2 2. ШЕКТЕУЛЕР/ LIMITATIONS

Жү­зу ауда­ны / Validity area

Дү­ние жү­зі бой­ын­ша / Worldwide

Шек­те­улі аумақ / Limited area:
Жа­рам­ды­лы­ғы бой­ын­ша шек­те­улер / Limitations on fitness

3 3. ДДВА КОНВЕНЦИЯСЫНА СӘЙКЕС ДЕНЕ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ /

JUDGEMENT MEDICAL FITNESS SEAFARER UNDER STCW CODE
Естуі A-I/9-бө­лі­мі­нің стан­дарт­та­ры­на сәй­кес / Hearing meets the standards in section A-I/9

Иә / Yes

Жоқ / No

Қол­да­ныл­май­ды / Not applicable
Естуі тү­зе­ту­сіз қа­на­ғат­та­нар­лық / Unaided hearing satisfactory

Иә / Yes

Жоқ / No
Кө­ру жі­ті­лі­гі A-I/9-бө­лі­мі­нің стан­дарт­та­ры­на сәй­кес / Visual acuity meets standards in section A-I/9

Иә / Yes

Жоқ / No
Түр­лі тү­сті ажы­ра­ту A-I/9-бө­лі­мі­нің стан­дарт­та­ры­на сәй­кес / Colour vision meets standards in section A-I/9

Иә / Yes

Жоқ / No
Түр­лі тү­сті ажы­ра­ту­ға те­сті­ле­удің соң­ғы кү­ні (ал­ты жыл сай­ын өт­кі­зі­ле­ді) (кк/аа/жж­жж) / Date of last colour vision test (only needs to be conducted every six years) (dd/mm/yyyy)
Ба­қы­лау функ­ци­я­сы­на жа­рам­ды / Fit for lookout duties

Иә / Yes

Жоқ/ No
Кө­зіл­ді­рік неме­се кө­ру лин­за­ның екін­ші жұ­бы бар / 2nd pair of spectacles or contact lenses available

Иә / Yes

Жоқ / No

Қол­да­ныл­май­ды / Not applicable
Қо­сым­ша есту ап­па­ра­ты және жет­кі­лік­ті кө­лем­де ба­та­рей­ка­лар және бас­қа шы­ғын ма­те­ри­ал­да­ры бар / Back-up hearing aid and sufficient batteries and other consumables

Иә / Yes

Жоқ / No

Қол­да­ныл­май­ды / Not applicable
Теріс жағы

4 2.ТЕҢІЗШІНІҢ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ / DECLARATION OF THE SEAFARER

Те­ңіз­ші ку­ә­лік­тің маз­мұ­ны­мен та­ныс және ке­ме эки­па­жы мү­ше­ле­рін ме­ди­ци­на­лық тек­се­ріп қа­рау қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес қа­рас­ты­ру­ға құқы­лы еке­ні ту­ра­лы мә­лім­дей­ді / The seafarer declares to be informed of the content of the certificate and the right to a review in accordance with paragraph 6 of section A-I/9 of the STCW Code
Те­ңіз­ші­нің қо­лы /
Signature of the seafarer:

5 5. ДӘРІГЕРДІҢ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ / DECLARATION OF THE RECOGNIZED MEDICAL PRACTITIONER

Қол қоюшы белгіленген дәрігер мәлімдейді / The signing medical practitioner declares
ол Қазақстан Республикасында тіркелген теңіз кемесіндегі жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық тексеріп қарауды жүргізуге және медициналық қорытынды беруге жатады / To be recognized by the Government of the Republic of Kazakhstan as a medical practitioner to conduct medical examinations and to issue medical certificates of fitness for the service on board seagoing vessels registered in Kazakhstan;
тексеріп қарау кезінде теңізшінің жеке басы тексерілді / that he/she checked the seafarer identity at the point of the examination;
теңізші Кеме экипажы мүшелерінің денсаулық жағдайы және дене жарамдылығы талаптарына сай, теңіздегі жұмыс кезінде ушығатын немесе ондай жұмысқа жарамсыздыққа әкеп соқтыратын немесе кеме бортындағы басқа адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін қандай да бір аурумен ауырмайды / that the seafarer complies to the latest medical criteria of the Regulations on medical examination of seafarers of the RK and that the seafarer is not suffering from any medical condition likely to be aggravated by service at sea or to render him/her unfit for such service or to endanger the health of other persons on board.

6 6. КУӘЛІКТІ БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІНІҢ АЯҚТАЛУЫ /

ISSUE AND EXPIRY DATE OF CERTIFICATE
Бе­рі­л­ген кү­ні: (кк/аа/жж­жж) /
Issue date (day/month/year)
Жа­рам­ды­лық мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы: (кк/аа/жж­жж)/ Expiry date (day/month/year)

7 7. ҚОЛЫ / SUBSCRIPTION

Дә­рі­гер­дің же­ке мө­рі /
Name stamp of medical practitioner
_____________________
Дә­рі­гер­дің қо­лы /
Signature of medical practitioner
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым
мө­рі­нің ор­ны
_____________
Дә­рі­гер­дің қо­лы/
Signature of medical
Practitioner
___________________
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым
бас­шы­сы­ның те­гі, аты-жө­ні
Ескертпе:

1 1. Медициналық ұйымдарды Теңізшінің денсаулығы жағдайы туралы медициналық қорытындының бланкілерімен (бұдан әрі – Қорытынды бланкілері) қамтамасыз ету орталықтан жүзеге асырылады.

Корытынды бланкілерінде нөмірлер мен сериялар болуы қажет.

2

2. Қорытынды бланкілер және сертификаттардың тапсырушысы – сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган, оларды медициналық ұйымдардың берген өтінімдері және олармен жасасқан шарттар негізінде полиграфиялық қорғау дәрежесі бар баспа өнімдерін шығаруға рұқсаты бар ұйымдарға тапсырыс береді.

3 3. Сериялардың нөмірлері сандардан немесе әріптер мен сандардан құралады.

Қорытынды бланкілерінің нөмірлері сандардан құралады, бланктердің нөмірлері толассыз, сандар бірігіп көрсетіледі. Қорытынды бланкілерінің нөмірлеріндегі белгілердің саны оның қажеттілігін қанағаттандыратын нақты медициналық ұйым үшін болуы тиіс.

4 4. Қорытынды бланкілері қатаң заттай-сандық есепке жатқызылады.

Қорытынды бланкілерін сақтау, есепке алу және беру медициналық ұйымның басшысы бұйрығымен тағайындалған жауапты тұлғамен жүзеге асырылады.

Қолданыстағы