Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 367 «Об утверждении норм летной годности гражданских воздушных судов Республики Казахстан»

Бұйрық · № 200 · қабылданған 31.07.2026
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-367-ekb-228456/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 367 «Об утверждении норм летной годности гражданских воздушных судов Республики Казахстан» Мәртебесі расталмаған Бұйрық ·№ 200 ·31.07.2026
31.07.2026 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 367 «Об утверждении норм летной годности гражданских воздушных судов Республики Казахстан»

Мәртебесі расталмаған Бұйрық ·№ 200 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 367 «Об утверждении норм летной годности гражданских воздушных судов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
200
Қабылданған күні
31.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
17.08.2026
Көрсетілген редакция
31.07.2026 I228456_0.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039481
ЭКБ идентификаторы
228456
Редакция идентификаторы
I228456_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
07.08.2026 03:31

0 «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларында:
1-тараудың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Нормалар азаматтық әуе кемелеріне және пилотсыз авиациялық жүйелерге, сондай-ақ азаматтық әуе кемелерінің қозғалтқыштарына, компоненттері мен жабдықтарына қолданылады және ұшу жарамдылығы талаптарын белгілейді.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Нормаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) айналыстың максималды жиілігі – егер максималды режим техникалық пайдалану жөніндегі басшылықта көзделмесе, қосымша газ турбиналық қозғалтқышты пайдаланудың күтіліп отырған жағдайында максималды немесе максималды ұзақ режимде ротор айналысының максималды жиілігі;
2) алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі әуе винтінің ресурсы – пайдаланудан бастап алғашқы күрделі жөндеуге дейін белгіленген атқарым. Топтамалық өндіріс және алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі ресурстар оны бастапқы мәнінен әуе винтіне техникалық құжаттамамен берілген мәнге дейін ұлғайтуға жатады. Күрделі жұмысқа және жөндеу аралық ресурстары шегінде Техникалық қызмет көрсету бағдарламасында көзделген жергілікті жөндеулер мен жеке бөлшектерді ауыстыру арқылы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі;
3) алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі газ-турбиналық қозғалтқыштың ресурсы – пайдалану басталғаннан бастап алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі белгіленген атқарым. Топтап шығару процесінде және пайдалану барысында ресурс алғашқы күрделі жөндеуге дейін оның бастапқы мәндерінен бастап газ-турбиналық қозғалтқышқа берілген техникалық шарттар мәніне дейін ұлғаюға жатады. Алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі ресурс пен жөндеуаралық ресурстар шегінде кейбір бөлшектердің ауыстыра отырып, Техникалық қызмет көрсету бағдарламасында көзделген жергілікті жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жол беріледі;
4) антенна-фидер құрылғысы – навигацияның борттық қонудың радиотехникалық жабдығының және/немесе радиобайланыс жабдығының электр-магниттік энергияны қабылдауын және/немесе оның сәуле шығаруын қамтамасыз ететін, құрамында антеннасы, байланыс элементтері мен фидерлері бар құрылғылар жиынтығы. Антенна-фидер құрылғыларының құрамына сүзгілер, коммутациялық құрылғылар және басқа элементтер де кіруі мүмкін.
5) аспап – дербес пайдалану мәні бар және параметрді (параметрлерді) өлшеу мен индикациялауды қамтамасыз ететін құрылғы;
6) атқарым – әуе кемесінің, қозғалтқыштың, қозғалтқыштың немесе әуе винтінің ұшуда және (немесе) жерде пайдаланылу ұзақтығы, ол сағаттармен, ұшу немесе пайдалану циклдарының санымен, қосулар санымен не басқа белгіленген бірліктермен көрсетіледі;
7) ауыспалы процесс – белгіленген екі режим арасында (іске қосу, бір режимнен екінші бір режимге ауысу, тоқтау, ішінара қабылдағыштығы, дросселдеу, газдың түсуі, қалдықтар мен басқалар) қозғалтқыш параметрлерінің уақыт ішіндегі өзгеру процесі;
8) ауадан жеңіл әуе кемесі – негізінен өзінің аэростатикалық көтергіш күші есебінен ауада ұсталып тұратын әуе кемесі;
9) аэростат – күш қондырғысымен қозғалысқа келтірілмейтін, ауадан жеңіл әуе кемесі;
10) әзірлеуші мемлекет – типті құрылысқа жауапты ұйымға қатысты юрисдикциясы бар мемлекет;
11) ӘК әсер ету бұрышы α – бойлық осі ОХ мен ЭК жылдамдық проекциясының арасындағы ОХУ жазықтығына байланысты координаттар жүйесінің бұрышы. α келтірілген барлық құжаттарда бойлық остің таңдалуы көрсетілуге тиіс. Көтеру күшін (Су) тиісті а коэффициенті координаталардың жылдамдық жүйесінде айқындалады;
12) ӘК басқару – ӘК басқару тұтқаларының (штурвал мен басқыштардың) ауытқуына жауап ретінде кеңістікте тиісті сызықтық және бұрыштық орын ауыстыруларды орындау қасиеті;
13) ӘК-нің ұшу жарамдылығының экспорттық сертификаты – экспорттаушы мемлекеттің әуе кемесінің бекітілген типтік конструкцияға сәйкестігін және оны импорттаушы мемлекетке беру үшін оның ұшу жарамдылығының қолайлы мәртебесін растайтын құжаты, бұл құжат ұшуларды орындау үшін жарамды болып табылмайды;
14) ӘК өрттен қорғау құралдарының кешені – өрттен қорғаудың конструктивтік шараларының, өрт сигнал беру және өрт сөндіру құралдарының, оларды ӘК бақылау мен басқарудың жиынтығы;
15) ӘК сырғу бұрышы β – ӘК жылдамдығының бағытымен V және координаттарға байланысты ОХУ жүйесі жазықтығының арасындағы бұрыш;
16) ӘК теңгеру – әрбір конфигурация үшін рульдердің тиісті ауытқуларымен қамтамасыз ететін ұшудың белгіленген режимінде ӘК барлық іс-қимыл жасаушы сәттердің тепе-теңдік жай-күйі. ӘК теңгеруді қамтамасыз ететін басқару рульдері мен иінтіректерінің жағдайлары теңгермелік деп аталады. Босатылған басқарумен ӘК теңгерілуі деп басқару иінтіректердегі күштер триммерлік құрылғылар арқылы іс-жүзінде нөлге дейін азаюын теңгерілу деп атайды. Босатылған басқарумен ӘК теңгеру басқару иінтіректеріндегі күштер триммер құрылғылары арқылы іс жүзінде нөлге дейін азаюын теңгеру деп аталады. Күштер бойынша теңгерілген ӘК басқару иінтіректерін босату қалдық теңгерімсіздіктің ықпал етуімен олардың жүрісіне әкелмейді - қалдық теңгерімсіздікке тек қана басқарудағы үйкеліс күштерінің шегінде жол беріледі;
17) ӘК ұшуы – ӘК-нің ұшу кезіндегі екпіндеуінен бастап (тік ұшу кезінде жер немесе су бетінен көтерілуі) жүрісі аяқталғанға (ұшу-қону жолағын аялдаусыз босату) немесе тік қону кезінде жер (су) бетіне жанасқанға дейінгі жер (су) бетімен және әуе кеңістігіндегі қозғалысы;
18) ӘК функционалдық жүйесі – міндеттелген жалпы функцияларды орындауға арналған өзара байланысты бұйымдар жиынтығы;
19) әуелік винт – қозғағыш айналысқа келтіретін және ӘК қозғауы үшін қажетті тартқышты алуға арналған қалақты жылытқыш;
20) әуе винтінің теріс тартым күші – ӘК қозғалысының қарама-қарсы бағытындағы әуе винтінің тартым күші;
21) әуе винтінің қуаты (Nв) – ӘК қозғалысына жұмсалатын қуат;
22) әуе винтінің реттегіші – әуе винтінің қадамын басқаратын және оның айналысының берілген жиілігін автоматты түрде ұстап тұратын қозғалтқыштың агрегаты;
23) әуе винтінің реттеу және басқару жүйесі – қалақтарды орнату бұрышы өзгертумен әуелік винтінің айналу жиілігін реттеуге арналған жүйе;
24) әуе винтінің теріс тартым күші – ӘК қозғалысының қарама-қарсы бағытындағы әуе винтінің тартым күші;
25) әуе винтінің төлкесі – қалақтарды қозғалтқыш біліктерімен (редукторлармен) біріктіретін әуе винтінің бөлігі;
26) әуе винтінің (бөліктерінің) жиынтық атқарымы, оған жеткен кезде әуе винтінің (бөліктерінің) жай-күйіне қарамастан пайдалану тоқталуы тиіс. Әуе винтінің белгіленген ресурсы шегіндегі регламенттелген жөндеулер, оның ішінде күрделі жөндеулер және кейбір бөлшектерін ауыстыра отырып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі мүмкін, ал бөлшектердің белгіленген ресурстары шегінде олардың регламенттелген қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Әуе винтінің (бөлшектерін) уақытша белгіленген ресурсының мәндері оның бастапқы мәндерінен бастап көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштағы техникалық шарттарымен берілген мәндеріне дейін біртіндеп ұлғаяды. Әуе винтінің (бөлшектердің) уақытша белгіленген ресурсы регламенттелген жөндеу немесе қалпына келтіру жұмыстары кезінде міндетті түрде ауыстырылуы көзделмеген негізгі бөлшектердің уақытша белгіленген ресурстары шегінде орнатылады. Әуе винтінің (бөлшектердің) уақытша белгіленген ресурсының ұлғаюына қарай оның пайдалануын ұзартуға болады;
27) әуе винтін пайдаланудағы күтілетін жағдайлар төменде көрсетілген ұшу параметрлерін (режимдерін), жай-күйі, параметрлерді және әуе винтіне сыртқы ортаның әуе винтіне әсерін және пайдалану факторларын, оның ішінде ұшу циклы ішінде бұл сипаттамалардың уақыт бойынша өзгеруін (мүмкін болатын жерде) қамтиды. Ұшу циклы күтілетін белгіленген режимдерді және жерде қозғағыштарды іске қосудан бастап ӘК қондырғаннан кейін ажыратқанға дейінгіні, әуе винті жұмысының ауыспалы процесін, сондай-ақ бір ұшу техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізген кездегі, циклына жатқызған барлық режимдерді өзіне қамтиды;
28) әуе кемесi – жер (су) бетiнен шағылысқан ауамен әрекеттесуді қоспағанда, атмосферада ауамен өзара әрекеттесуі есебiнен ауада ұсталып тұратын аппарат;
29) әуе қозғалысын басқару режимі – радиолокациялық жауапкердің қайталама жүйесінде қабылданған жиілік диапазонында және «сауал-жауап» кодтары бойынша жұмыс режимі;
30) барометрлік биіктік – стандартты атмосферасы бойынша осы қысымға сәйкес келетін абсолюттік биіктік шамаларымен көрсетілген атмосфералық қысым;
31) басқаруды беру – қашықтықтан пилоттауды басқаруды бір қашықтықтан пилоттау пунктінен екіншісіне беру әрекеті;
32) бастапқы тарату жүйесі – электр энергиясын өндіру жүйесінен тарату құрылғыларына жеткізетін тарату жүйесінің бір бөлігі;
33) бастапқы электрмен жабдықтау жүйесі - генераторлары ӘК қадамдық қозғалтқыштары немесе көмекші күш-қуат қондырғысы арқылы қозғалысқа келетін электрмен жабдықтау жүйесі;
34) белгіленген режим – қозғалтқыштың өлшемдері уақыт бойынша өзгермейтін (техникалық құжаттамада көрсетілген кіруге рұқсат шегінде өлшемдердің өзгеруіне жол беріледі) оның жұмысының режимі;
35) белгіленген ресурс – ӘК, агрегаттардың және жинақтаушы бұйымдардың/компоненттердің жиынтық атқарымы, оған қол жеткізілген кезде олардың жай-күйіне қарамастан пайдаланылуы тоқтатылуға тиіс;
36) бос жүріс режимі – газ-турбиналық қозғалтқыштың қуат алмай жұмыс істейтін оның қалыптасқан жұмыс режимі;
37) бұйымдардың жарамдылығы туралы куәлік немесе сертификат – қозғалтқыш немесе жабдық үлгісінің осы Нормаларға сәйкестігін куәландыратын құжат;
38) газдың (қозғалтқыштың газды әуе трактісі қималарының бірінде) температурасы – газдың (осы қимадағы) тежелген ағысының орташа массалық температурасы;
39) газтурбиналық қозғалтқыштың эквивалентті әуе қуаты – газтурбиналық қозғалтқыштан алынатын сығылған ауаның атмосфералық қысымға дейін адиабаталық кеңеюі кезінде дамытатын қуаты;
40) датчик – өлшенетін жатқан параметрдің ағымдағы мәні туралы сигналды шығаруға арналған өлшеу құрылғысы;
41) дирижабль – күш қондырғысымен қозғалысқа келтірілетін, ауадан жеңіл әуе кемесі;
42) екінші айналымға кетудің ең аз биіктігі – осы Нормаларда белгіленген жағдайларда екінші айналымға кету мүмкіндігі бар ШҚЖ-ның деңгейінен ең аз биіктік;
43) екінші айналымға кету – қонуға кіру режимінен биіктікті алуға ӘК ауыстыру маневрі;
44) ең жоғары қол жеткізілген әсер ету бұрышы (көтергіш күш коэффициенті) αд max (Су д max) – ӘК ұшу сынақтары кезінде қол жеткізген әсер ету бұрышының (көтеру күші коэффициенті) ең үлкен мәні;
45) ең жоғары рұқсат етілген ұшу массасы рұқс. mmax. – осы әуеайлақ үшін пайдаланудың күтілетін жағдайларында рұқсат етілген ӘК-нің ең үлкен ұшу салмағы, бірақ ұшу массасынан аспайды;
46) ең жоғары теңгерімділік әсер етудің бұрышы (көтергіш күш коэффициенті) αбmax (Субmax) – ұшудың қаралып отырған жағдайларында (конфигурация, орталықтау, стабилизатордың ахуалы, қозғалтқыштардың жұмыс істеу режимі) тік көтерілуге штурвалдың толық ауытқушылығы кезінде ӘК әсер ету бұрышының (көтермелі күштің коэффициенті) неғұрлым орнықтырылған мәні;
47) есептік жүктеме – тиісті қауіпсіздік коэффициентіне көбейтілген шекті жүктеме;
48) есептік қону салмағы – конструкцияның беріктігін есептеу кезінде қонуға көзделетін әуе кемесінің массасы ретінде қабылданатын әуе кемесінің ең жоғары массасы;
49) есептен шығарғанға дейінгі ресурс – шектік жағдаймен байланысы пайдаланудың басынан ӘК-тің есептен шығарылуына дейінгі оның ресурсы;
50) есептік ұшып көтерілу массасы – конструкцияның беріктігін есептеу кезінде ұшып көтерілу кезіндегі екпін алудың басында көзделетін әуе кемесінің массасы ретінде қабылданатын әуе кемесінің ең жоғары массасы;
51) ескерту белгілерін туындауының әсер ету бұрышы (көтергіш күш коэффициенті) αn (Суn) – онда рұқсат етілетін әсер ету бұрышына (көтергіш күш коэффициенті) αn (Суn) табиғи немесе жасанды жасалған ескерту белгілері туындайтын әсер етудің бұрышы (көтермелі күштің коэффициенті);
52) жабдық түрі – мақсатының, іс-қимыл қағидатының немесе жұмыс процесінің ортақ белгілері бар жабдық;
53) газ құбыры қозғалтқышын жалған іске қосу – газ турбиналық қозғалтқыштың роторын от алдыру жүйесі ажыратылған кезде жану камерасына отын немесе консевациялық май бере отырып, іске қосу құрылғысы арқылы айналдыру;
54) жалғастырылған (аяқталған) ұшып көтерілу – ұшып көтерілу сипаттамасына әсер етуші ӘК қозғалтқышы немесе жүйелері істен шыққан сәтіне дейін қалыпты сияқты өтетін шарықтауы, одан кейін істен шыққан қозғалтқышпен немесе жүйемен шарықтау жалғастырылады және аяқталады;
55) жарық-техникалық жабдық – жолаушылар салонын, экипаж кабинасын, техникалық және жүк бөліктерін, басқару аспаптары мен пульттерін жалпы және жергілікті жарықтандыруды, белгілеуді және сыртқы жарықтандыруды авариялық шығатын жерлерді, ӘК орналасқан жерді белгілеуді, сондай-ақ жүргізгенде, ұшып көтерілгенде, қонғанда сыртқы кеңістікті жарықпен және ӘК конструкциясы элементтерін жарықтандыруды қамтамасыз ететін жабдық;
56) жердегі кіші газ режимі – жердегі ротор мен тартымның (қуаттың) минималды айналу жиілігі кезінде, оның тұрақты жұмысын және талап етілетін қабылдауыштығын қамтамасыз ететін қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимі;
57) жөнделетін қозғалтқыш – жөндеуаралық ресурс шегінде оның одан әрі пайдаланылуын қамтамасыз ететін жағдайға дейін жөнделген топтамалық қозғалтқыш;
58) жөндеу – авиациялық техниканың зақымдануы немесе тозуы нәтижесінде оның ұшу жарамдылығын тиісті ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес қалпына келтіру;
59) жөндеуші әуе винті – жөндеу аралық ресурс шегіндегі әрі қарай пайдалануды қамтамасыз ететін жай-күйге дейін жөнделген топтамалы әуе винті;
60) жүйе – берілген функцияларды орындауға арналған бір-бірімен байланысты авиациялық техника бұйымдарының жиынтығы;
61) зақымдану – одан соң белгілі бip шамадағы жүктемеге төтеп бере алатындай мүмкіндігі сақталатын жартылай бұзылулар; тоза бастаған зақымданулар – тозудан туындаған зақымдалулар;
62) индикатор – өлшемдер шамасының саны немесе сапасы туралы ақпаратты бейнелеу құралы;
63) кешен – жалпы функционалдық мақсаттағы міндеттер тобын бірлесіп орындауға арналған ақпараттық жүйелердің, есептеу-бағдарлама құралдарының, индикация, сигнал беру және басқару жүйелерінің жиынтығы;
64) көлбеу траекториясының бұрышы – Vк жер жылдамдылығы мен координаттар қалыпты жүйелерінің OXgZg көлденең жазықтығы арасындағы бұрыш.Vk жер жылдамдығы – координаттардың қандай да бір жердегі жүйелеріне қатысты ӘК салмағының орталығының қозғалыс жылдамдығы;
65) қосалқы күштік қондырғының электр қуаты – қосалқы күштік қондырғының электр генераторларынан әуе кемесінің электр энергиясын тұтынушылары үшін алынатын электр қуаты;
66) газ-турбиналық қозғалтқыштың (бөлшектердің) жиынтық атқарымы, оған жеткен кезде қозғалтқыштың (бөлшектердің) жай-күйіне қарамастан пайдалану тоқталуы тиіс. Газ-турбиналық қозғалтқыштың белгіленген ресурсы шегіндегі регламенттелген жөндеулер, оның ішінде күрделі жөндеулер және кейбір бөлшектерін ауыстыра отырып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі мүмкін, ал бөлшектердің белгіленген ресурстары шегінде олардың регламенттелген қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Газ-турбиналық қозғалтқыштың (бөлшектердің) уақытша белгіленген ресурсының мәндері оның бастапқы мәндерінен бастап көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштағы техникалық шарттарымен берілген мәндеріне дейін біртіндеп ұлғаяды. Газ-турбиналық қозғалтқыштың (бөлшектердің) уақытша белгіленген ресурсы регламенттелген жөндеу немесе қалпына келтіру жұмыстары кезінде міндетті түрде ауыстырылуы көзделмеген негізгі детальдардың уақытша белгіленген ресурстары шегінде орнатылады. Газ-турбиналық қозғалтқыштың (бөлшектердің) уақытша белгіленген ресурсының ұлғаюына қарай оның пайдалануын ұзартуға болады;
67) күш және қосалқы қондырғылардың жұмысын бақылайтын құралдар – қозғалтқыштар жұмысының параметрлерін және күш және қосалқы қондырғылар жүйелерін өлшеу мен индекстеуді қамтамасыз ететін аппаратура;
68) күш қондырғысы – әуе кемесінде орнатылған барлық қозғалтқыштардан, жетекті жүйе компоненттерінен (бар болған жағдайда) және әуе винттерінен (орнатылған болса), олардың агрегаттарынан, қосалқы бөліктерінен, отын жүйесі мен майлау жүйесінен тұратын жүйе; оған тікұшақтың көтергіш винттері жатпайды;
69) күш қондырғысын суыту және желдету жүйесі – мотогондол конструкциясының неғұрлым жылу қарбаластығы элементтерін, қозғалтқыштың сыртқы корпустары мен агрегаттарын суыту, ал қосымша газ-турбиналық қозғалтқыш үшін оны ұшуда іске қосуға қосымша қажетті температуралық жағдайлар жасау үшін ауаны әкелу мен шығаруды қамтамасыз ететін ӘК пен қозғалтқыш элементтерінің жиынтығы;
70) күш қондырғысы жұмысын бақылау құралдары (осы Норманың 17-тараудың 6-параграфында және 18-тараудың 13-параграфында қаралып отырған) – экипажға қозғалтқыштардың, отын және май жүру жүйелерінің жұмыстары параметрлерін өлшеуді және индикациялауды қамтамасыз ететін аспаптар;
71) кіші газ режимі – көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың орнықты жұмысын қамтамасыз ететін турбокомпрессор роторы айналысының минимальды жиілігіндегі қалыптасқан режим;
72) қабылдауыштықты тексеру режимі – ұшып көтерілу тартымының (қуаттың) 5 секунттан аспайтын, 95% жеткенге дейінгі регламенттелген қабылдағыштықтың уақытын тексертетін ұшып көтерілу режиміндегі оның мәнінен 15% аспайтын тартымы (қуаты) бар текшедегі қозғалтқыш жұмысының режимі. Бұл ретте регламенттелген қабылдағыштықтың уақытын ұшудың кіші газ режимінен, егер осы режим қозғалтқышқа белгіленсе, анықтау мүмкін болады;
73) қадамды орталыққа келтіретін ауыртпалық – әуе винтінің қадамдарын ұлғайту арқылы оның тарқатылуын болдырмауға арналған қорғаушы құрылғы;
74) қадамды орталыққа келтіретін орнықтырғыш – әуе винтінің қадамдарын орнықтыру арқылы тарқатылуын болдырмауға арналған қорғауыш құрылғы;
75) қайталама тарату жүйесі – электр энергиясын тарату құрылғыларынан электр энергия қабылдағыштарына жеткізетін тарату жүйесінің бір бөлігі;
76) қайталама электрмен жабдықтау жүйесі – қуат көздері бастапқы жүйеден қуат ала отырып, түрлендіргіш қондырғылар болып табылатын электрмен жабдықтау жүйесі;
77) қайта жүктелім – белгіленген жүктеменің әуе кемесінің салмағына қатынасы, бұл ретте жүктеме аэродинамикалық және инерциялық күштер немесе жер бетімен өзара әрекеттесу күштері шамаларымен көрсетіледі;
78) қалдық беріктік – зақымданулар бар болған кезде конструкцияның (элементінің, материалының) беріктігі;
79) қалыптасқан режим – параметрлері уақыт ішінде (техникалық құжаттамадағы рұқсат берілген шектерде параметрлерді өзгертуге жол беріледі) өзгермейтін газ-турбиналық қозғалтқыштың жұмыс режимі;
80) қалыпты ұшып көтерілу – ұшу сипаттамасына әсер етуші ӘК барлық қозғалтқыштары мен жүйелерінің қалыпты жұмыс істеу кезіндегі шарықтау;
81) қалыпты іске қосу – қозғалтқыштың немесе газ-турбиналық қозғалтқыштың роторын (роторларын) қозғалыссыз күйінен (немесе авторотация режимінен) техникалық құжаттамада белгіленген іске қосу уақыты мен басқа параметрлердің шектерін сақтай отырып, кіші газ режиміне немесе бос жүріс режиміне дейін жеткізгенге дейін айналдырудың ауыспалы процесі;
82) қатерлі зардаптармен әуе винті істен шығуы – авариялық жағдайға әкеп соқтыратын істен шығу. Қатерлі салдарлары бар істен шығуларға әуе винті қалақтарының немесе олардың бөліктерінің үзілуіне әкеп соқтыратын бұзылуы, жол берілмейтін теріс тартымға әкеп соқтыратын істен шығулар жатады;
83) қауіпсіздіктің шеткі жолағы (бұдан әрі – ҚШЖ) – ШҚЖ-ның тікелей жиегінде орналасқан және ерекше жағдайларда ӘК жүруін аяқтауға арналған ҰЖ-ның бөлігі;
84) қауіпсіз зақымданулар – қалдық беріктігін рұқсат етілген деңгейден төмендетпейтін конструкцияның зақымдануы;
85) қауіпті зардаптарға әкелетін газ-турбиналық қозғалтқыштың істен шығуы – авариялық жағдайларға әкелуі мүмкін болатын жабдықтардың істен шығулар. Қауіпті зардапқа әкелетін істен шығуларға: газ-турбиналық қозғалтқыш корпусының ішінде сынықтары алмайтын ротор элементтерінің қирауы (оқшауландырылмаған қираулар), газ-турбиналық қозғалтқыштағы оқшауландырылмаған өрттер, (ауаны баптау жүйесіне) алынатын ауадағы қозғалтқыштан туындаған зиянды қоспалардың рұқсат етілген шоғырлануының артуына әкелетін жабдықтардың істен шығуы, авариялық жағдайда ұшу барысында газ-турбиналық қозғалтқышты пайдалануға мүмкіндік бермейтін жабдықтардың істен шығуы жатады;
86) қауіпті зардаптармен қозғалтқыштың істен шығуы – апатты жағдайларға алып келуі мүмкін істен шығулар. Қауіпті зардаптары бар істен шығуға: сынықтары ішкі корпустарда (оқшаулаусыз бұзылу) ұстамайтын роторлар элементтерінің бұзылуы, оқшаулаусыз өрт, тартылатын ауада (ауаны баптау жүйесіне) рұқсат етілетіннен астам концентрациялардан жоғары қозғалтқыш шығаратын зиянды қоспалардың ұсталуын арттыруды туындататын істен шығу, ӘК қозғалысына қарама-қарсы бағытта рұқсат етілмейтін тартымның туындауына алып келетін істен шығу, қозғалтқышты ажырату мүмкіндігін болдырмайтын істен шығу жатады;
87) қауіпті қозғалтқыш – істен шығуы қарастырылып отырған жағдайға қатысты әуе кемесінің сипаттамаларына ең қолайсыз әсер ететін кез келген қозғалтқыш;
88) қашықтықтан пилоттау пункті – қашықтықтан пилотталатын авиациялық жүйенің құрамдас бөлігі, ол қашықтықтан пилотталатын әуе кемесін пилоттау үшін пайдаланылатын жабдықты қамтиды;
89) қисаю бұрышы Ψ – OΖ көлденең осі мен жалтару бұрышы нөлге тең жағдайға келтірілген қалыпты координаттар жүйесінің OΖg осі арасындағы бұрыш. Қалыпты координаттар жүйесінің басы әуе кемесінің массалар центрінде орналасады. OΖg осі жергілікті тік бағыт бойынша жоғары бағытталған. OXg және OΖg осьтерінің бағыттары есепке сәйкес таңдалады;
90) қозғалтқыш – әуе кемесін қозғалысқа келтіру мақсатында пайдаланылатын немесе пайдалануға арналған құрылғы. Ол, кемінде, оның жұмыс істеуі мен басқарылуы үшін қажетті компоненттер мен жабдықты қамтиды, бірақ әуе винтін/көтергіш винттерді (қолданылатын болса) қамтымайды;
91) қозғалтқыштарды басқару жүйесі – іске қосуды, жұмыс режимін (тартымды немесе қуатты) өзгерту мен ұстап тұруды және қондырғысының әрбір қозғалтқыштың күш ажыратуды қамтамасыз ететін барлық элементтердің жиынтығы;
92) қозғалтқыштың алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі ресурсы – пайдаланудан бастап алғашқы күрделі жөндеуге дейін белгіленген атқарым. Ресурстардың сериялық өндірісі мен алғашқы күрделі жөндеуге дейін пайдалану процесінде оның бастапқы мәнінен қозғалтқышқа берілген техникалық талаптарға дейін көбейту жатады. Алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі ресурстар мен жөндеуаралық ресурстардың шегінде техникалық регламентте көзделген жергілікті жөндеулер мен жекелеген бөлшектерді айырбастау арқылы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі;
93) қолда бар екпінінің ұзындығы (бұдан әрі – ҚЕҰ) – бұру учаскесінің ұзындығына кемітілген ҰҚЖ-ның ұзындығы;
94) қолда бар қону арақашықтығы (бұдан әрі – ҚҚА) – ҰҚЖ-ның ұзындығына тең көлденең қашықтық;
95) қолда бар ұшу жолағы (бұдан әрі – ҚҰЖ) – ұшу-қону жолағы мен бір шеткі қауіпсіздік жолағы ұзындықтарының (егер ондай бар болса) жиынтығы;
96) қонуға кіру – қозғалтқыш қонуға кірудің пайдалану режимінде жұмыс істейтін уақыт кезеңімен айқындалатын ұшу кезеңі;
97) қону арақашықтығы Lкон – ол толық тоқтағанға дейін ҰҚЖ шет жағасының деңгейінен 15 м (осы Норманың 110-тармағында айтылған жағдайлар үшін 9 м) биіктіктен бастап ӘК өтетін көлденең қашықтық;
98) қону – тигенге дейін және толық тоқтағанға дейін әуе учаскесін қамтитын ҰҚЖ шет жағының кіру деңгейінен 15 м (осы Норманың 111-тармағында айтылған жағдайлар үшін 9 м) биіктіктен ұшу кезеңі;
99) қосалқы күш қондырғысы – жерде немесе ұшу кезінде борттық жүйелерді электр энергиясымен және сығылған ауамен қамтамасыз ететін, негізгі қозғалтқыштан (қозғалтқыштардан) бөлек автономды борттық күш қондырғысы;
100) қосымша үлгі сертификат – модификацияны әзірлеуші мемлекет авиациялық техниканың ірі модификациясын бекіткенін куәландыратын, өзгеріске ұшыраған аймақтар немесе конструктивтік элементтер көрсетілетін құжат;
101) құлаудың αс әсер етуінің бұрышы (көтермелі күштің коэффициенті) (Сус – шығарып тастаудың басталуына сәйкес келетін ӘК әсер етуі (көтермелі күштің коэффициенті) бұрышы. Құлаусыз басталуы деп ұшқыштың бағалауы бойынша әсер етудің үлкен бұрыштарында жол берілмеуге тиіс ӘК өздігінен апериодтты немесе тербеліс қозғалысының (рульдердің әдеттегі шағын ауытқушылығымен оңай амалданатын қозғалысты қоспағанда) туындау сәті мен тіркеу деректері бойынша әсер ету бұрышын кемітпей тоқтамауы түсініледі. Құлау деп әсер етудің үлкен бұрыштарында пайда болатын, әсер ету бұрышын кемітпей тоқтамайтын үлкен амплитудасы бар ӘК өздігінен апериодтты немесе тербеліс қозғалысымен сипатталатын құбылыс түсініледі;
102) қысқа кезеңді қозғалыс – ӘК ұшудың нақты тұрақты жылдамдығы V кезінде ӘК айналуының кинематикалық параметрлерін салыстырмалы тез тербелісті өзгерісімен сипатталатын салмақтарының орталығына қатысты өзіндік бойлық қозғалысының түрі;
103) май жүйесі – қозғалтқыш пен күш қондырғысының агрегаттары мен тораптарын қамтитын, майдың орналасуы мен суытылуын, сондай-ақ оның жұмысы барысында қозғалтқыштың үйкелісі, тораптарын майлау мен суыту үшін оның айналысын қамтамасыз ететін күш қондырғысының жүйесі;
104) максималды режим – қозғалтқыштың жерде немесе ұшуда белгіленген шектеулі уақыт ішінде пайдалануға арналған орныққан жұмыс режимі, мұнда ең жоғары тарту күші, қуат не баламалы ауа және (немесе) электр қуатының ең жоғары рұқсат етілген іріктеп алынуы қамтамасыз етіледі;
105) максималды ұзақ режим – жұмыс уақытын шектеусіз техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен рұқсат етілген эквиваленттік әуе және электр қуатының алынатын максималды мөлшерімен сипатталатын қозғалтқыштың немесе газ-турбиналық қозғалтқыштың қалыптасқан жұмыс режимі;
106) айналудың максимальды жиілігі – пайдаланудың күтілетін жағдайларында максимальды (ұшу) режимдегі ротордың ең жоғары айналу жиілігі;
107) максимальды рұқсат берілген қону массасы mmaxдп – осы тармақтың 155) тармақшасының талаптарын ескере отырып, осы әуеайлақ үшін пайдаланудың күтілетін жағдайларында рұқсат етілген бірақ ӘК ең жоғары қону массасынан аспайтын рұқсат етілген ең жоғары қону массасы;
108) максимальды рұқсат етілетін айналдыру сәті (еркін турбиналы қозғалтқыштарға ғана қолданылады) – максимальды қолжетімді айналдыру сәті, оны қолдану 20 секундқа дейін уақыт кезеңі ішінде оны қолдану қозғалтқыш үшін қауіпті салдарларға әкелмейді;
109) бағыт бойынша ұшу – ұшып көтерілу аяқталған сәттен бастап қонуға кіру басталғанға дейінгі ұшу кезеңі;
110) модификация – әуе кемесінің, қозғалтқыштың немесе әуе винтінің үлгі конструкциясын өзгерту;
111) модификацияны әзірлеуші мемлекет – әуе кемесінің, қозғалтқыштың немесе әуе винтінің модификациясын немесе жөндеуін әзірлеуге жауапты жеке тұлғаға немесе ұйымға қатысты юрисдикцияны жүзеге асыратын мемлекет;
112) модификацияланған әуе винті – сипаттамасы мен ұшу жарамдылығына айтарлықтай әсер ететін өзгертілген құрылымдардың сериялық әуе винтінің дамуы болып табылатын әуе винті;
113) навигацияның, қонудың және әуе қозғалысын басқарудың радиотехникалық жабдығы – ӘК ұшақтың ұшу, маршрутта болуы, ұшуы мен қонуы кезіндегі орнын анықтауды, сондай-ақ радиотехникалық әдістермен жердегі әуе қозғалысын басқару қызметтеріне автоматты түрде деректер беруді қамтамасыз ететін жабдық;
114) нақты траектория – ұшу сынақтарында көрсетілген траектория;
115) негізгі бөлшектер – бұзылу немесе бұзылу салдары ӘК үшін қауіпті салдарларға алып келуі мүмкін бөлшектер. Негізгі бөлшектердің нақты тізбесі қозғалтқышты бабына жеткізу және оның түпкі үлгілерін пайдалану тәжірибесін ескере отырып, қауіпті салдары болуы мүмкін істен шығуларды талдау негізінде анықталады;
116) негізгі жабдық – күтіліп отырған пайдалану жағдайларында берілген негізгі функцияларды қамтамасыз ету үшін қажет болатын міндетті жабдық;
117) негізгі отын қоры – қабылданып болжанған жағдайларда (сыртқы ауаның температурасы және трасса бойынша желдің жылдамдығы) кезінде, сондай-ақ есептелген режимдер мен ұшудың профилін ұстаған кезде айқындалатын қозғалтқыштарды іске қосқан және жылытқан, бұру, ұшып-көтерілу, ұшу, қонуға кіру және қону кезінде жұмсалатын отын массасы;
118) орныққан режим – тиісті бұйымға арналған техникалық құжаттамада белгіленген рұқсат етілген ауытқулар шегіндегі өзгерістерді қоспағанда, әуе винтінің немесе газтурбиналық қозғалтқыштың параметрлері уакыт бойынша өзгеріссіз қалады;
119) орнықтылық – ӘК ұшқыш араласпай оқыс емес қозғалыстың кинематикалық параметрлерін қалыпқа келтіру мен ӘК оқыс әрекеттері аяқталғаннан кейін бастапқы режиміне қайту сипаты;
120) орталық сигнал шамы – ӘК авариялық немесе ескерту сигналдарының кез келгенінің қосылғаны туралы ӘК экипажы мүшелерінің назарын аударуға және ақпарат үшін арналған жарық-сигнал құрылғысы;
121) орташаланған ұшу циклы (ұшу циклды) – қозғалтқышқа кірудегі ауа қысымы мен температурасының уақыт бойынша өзгеруі және қозғалтқыш роторларының айналу жиіліктерінің және қозғалтқыштың ӘК жұмыс режимдерін сипаттайтын басқа да параметрлердің өзгеруі. Ұшу циклы пайдаланудағы қозғалтқыштың нақты жұмыс жағдайлары туралы деректерді пайдалана отырып, үлгілік ұшу циклдарын талдау, топтастыру және орташаландыру арқылы алынады;
122) орташа алынған пайдалану циклы (бұдан әрі – пайдалану циклы) – қосалқы газ-турбиналық қозғалтқышқа кірудегі ауа қысымының және температурасының уақыт бойынша өзгеруі, роторлар айналысы жиілігінің және ӘК көмекші газ турбиналық қозғалтқыштың жұмыс режимін сипаттайтын басқа да параметрлердің өзгеруі. Пайдалану циклы пайдаланудағы қозғалтқыштың нақты жұмыс жағдайлары туралы деректерді пайдалана отырып, ӘК және ұшуда жерүсті жағдайларында қосалқы газ-турбиналық қозғалтқыштың жұмысының үлгілік циклдерін талдау, топтастыру және орташаландыру арқылы жасалады;
123) орындаушы (дайындаушы) – авиациялық техникалардың тәжірибелі үлгісін жобалауды, жасауды және ӘК сериялық шығаруды, қозғалтқыштар мен жабдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйым;
124) отқа төзімді материал – алау диаметрі 120 мм және 1100+50 0С температурамен 5 минут ішінде керосин немесе газ лампасының жалыны әрекетіне шыдайтын материал;
125) отынды авариялық ағызу жүйесі – құрылғылар мен кәріз құбырларын қамтитын, қажет болған жағдайларда ұшу уақытында атмосфераға бактардан белгілі бір мөлшерде отынды тез ағызуды қамтамасыз ететін ӘК отын жүйесінің бір бөлігі;
126) отынды қысыммен беру сорғысы – қозғалтқыштарға отынды шығыс багынан немесе отын багының шығыс бөлігінен беретін сорғы;
127) отынды айдап құю сорғысы – әуе кемесінің бір отын багынан екіншісіне отынды айдап құюға арналған сорғы;
128) отынды орталықтандырылған құю жүйесі – құрылғылар мен кәріз құбырларын қамтитын, отынды қысыммен беру кезінде бактарды берілген бірізділікпен және белгілі бір мөлшерде отынмен толтыруды қамтамасыз ететін ӘК отын жүйесінің бір бөлігі;
129) отынның кессон багы – отынды орналастыруға арналған ӘК конструкциясының герметикаланған бөлігі;
130) отынының шығыс багы – отынды қозғалтқыштарға (қозғалтқышқа) және басқа тұтынушыларға беретін ӘК отын багы;
131) отын багының шығыс бөлігі – ӘК отынды қозғалтқышқа және басқа тұтынушыларға беретін отын багының бір бөлігі;
132) отын бактарын дренаждау жүйесі – құрылғылар мен құбырларын қамтитын, атмосферамен бактардың ауа қуыстарының қатынасын қамтамасыз ететін ӘК отын жүйесінің бір бөлігі;
133) отын жүйесі – отынды ӘК орналастыруға, оны белгілі бір тәртіппен шығаруға, отынды күш қондырғысы және қосалқы күш қондырғы қозғалтқышына және басқа да тұтынушыларға беруге, сондай-ақ қосалқы функцияларды орындауға арналған жүйе;
134) өзгермелі қадамды әуе винті – қалақтары жұмыс уақытында автоматты түрде немесе қолмен басқару арқылы өз осінен айнала алатын және қажетті бұрышта орнығатын әуе винті;
135) өлшеу (басқару) тракты – қабылдау, өлшеу және параметрді индикациялау (басқару) міндеттерін шешетін бір немесе бірнеше жүйелерде немесе кешендерде жүйелі байланысқан элементтердің тізбегі;
136) өміршеңдік – конструкцияның (элементінің, материалының) зақымданулар бар болған кезде (оның ішінде тоза бастаудан) беріктігін сақтап қалу қасиеті;
137) өміршеңдіккe сынақтар – жартылай зақымдалған конструкцияның қалдық беріктігін эксперименттік анықтау;
138) өміршеңдікті есепке ала отырып, пайдаланудағы рұқсат етілген атқарым – шегінде қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету зақымданулардың болуымен, қалдық беріктігі рұқсат етілген деңгейден төмендететін сипатталатын жай-күйді болдырмауға бағытталған конструкцияны арнайы қарауды талап ететін атқарым;
139) өндіру жүйесі – электр энергиясының (генераторлардың, токтың және кернеу шамасының түрлендіргіш қондырғыларының, аккумуляторлардың) бір орталықтан өндірілуін және оның сипаттамаларының берілген шекте болуын қамтамасыз ететін электр энергиясы көздерінің немесе түрлендіргіштерінің, олардың кернеулері мен жиіліктерін тұрақтандыру құрылғыларының, қатар жұмыстар жүргізу, қорғау, басқару мен бақылау құрылғыларының жиынтығы;
140) өртке қарсы қолданылатын құбыршүмек – қозғалтқышқа және өрт қауіпі бар бөліктің басқа да тұтынушыларына отынның түсуін тоқтатуға арналған арақашықтық басқару бар құрылғы;
141) өрт қауіпі бар бөлік – ӘК өрт ошағы туындауының әлеуетті қауіптілігі бар бөлік;
142) өтемдік отын қоры – ӘК жүргізу және отынды өлшеу жүйелерінің дәлдігімен, пайдаланылатын ӘК мен қозғалтқыштардың жеке сипаттамаларының шашыңқылығымен, метеорологиялық жағдайлардың болжанғаннан ауытқу мүмкіндігімен байланысты ақауларды өтеу үшін қажетті отын салмағы, сондай-ақ ұшуға отын қорының қажетті есебінің әдістемелік қателіктерін өтеу үшін қажетті қосымша отын салмағы;
143) пайдаланудың күтілетін жағдайлары – тәжірибеден белгілі болған немесе оның пайда болуын әуе кемесінің немесе оның мақсатын ескере отырып қашықтықтан пилоттау пунктінің қызмет ету мерзімі ішінде жеткілікті негіздемемен болжауға болатын жағдайлар. Бұл жағдайлар атмосфераның метеорологиялық жай-күйіне, жер бедеріне, әуе кемесі мен қашықтықтан пилоттау пунктінің жұмыс істеуіне, персоналдың біліктілігіне және ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өзге де барлық факторларға байланысты. Күтілетін пайдалану шарттарына мыналар кірмейді:
тиісті пайдалану қағидаларын қолдану арқылы табысты түрде болдырмауға болатын экстремалды жағдайлар;
Стандарттардың осы жағдайларға қатысты талаптарын орындау қажетті және практикалық тұрғыдан негізделген ұшуға жарамдылық деңгейінен жоғары деңгейді қамтамасыз етуге алып келетіндей дәрежеде өте сирек туындайтын экстремалды жағдайлар;
144) пайдалану шектеулері – ӘК пайдалану процесінде олардың шектерінен әдейі шығуға жол берілмейтін параметрлердің шарттары, режимдері мен мәндері;
145) радиобайланыс жабдығы – радиоарналар бойынша хабарларды қабылдауды және жіберуді, экипаж мүшелері арасында байланыс жүргізуді, сондай-ақ жолаушыларды хабардар етіп отыруды қамтамасыз ететін жабдық;
146) резервтік жабдық – негізгі жабдықтың жекелеген түрлері істен шыққанда немесе оларды пайдалану мүмкін болмағанда қолайлы дәл сипаттамалары бар функциялардың шектелген санының қалыпты орындалуын қамтамасыз ету үшін қажет болатын міндетті жабдық;
147) резервтік отын қоры – екінші айналымға кетуге және Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ұйғарылған биіктікте отынның ең аз километрлік шығысына сәйкес келетін жылдамдықпен болжанған метеожағдайларда бағыт бойынша ұшудың есептелген нүктесінен қосалқы әуе айлағына ұшуды орындауға; қосалқы әуе айлағының үстінде күту режимінде ұшуды орындауға; шешім қабылдаған биіктікке дейін қонуға кіруді жүзеге асыруға арналған қажетті отын салмағы;
148) ресурс – пайдаланудан бастап немесе ӘК пайдалануды тоқтатқанға немесе тоқтата тұрғанға дейінгі жөндеуден кейін жаңғыртылуынан атқарымы;
149) рұқсат берілетін әсер етудің бұрышы (көтеру күштің коэффициенті) αдоn (Cyдоn) – ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың нұсқама ұйғарылған ӘК конфигурациялары мен ұшу режимдері үшін пайдалану шектеулері ретінде белгіленетін әсер ету бұрышының (көтеру күштің коэффициенті) мәні;
150) рұқсат етілген максималды айналыс жиілігі – максималды айналыс жиілігінен асып кеткен кезде газ-турбиналық қозғалтқыш автоматты түрде ажыратылатын пайдаланудың күтіліп отырған жағдайларындағы ротор айналыс максималды жиілігі;
151) салқын түрде іске қосу – қозғалтқышты (оның ішінде газтурбиналық қозғалтқышты) өшіргеннен кейін кемінде екі сағат өткен соң немесе техникалық құжаттамада белгіленген өзге уақыт аралығынан кейін жүзеге асырылатын қалыпты іске қосу;
152) сәйкестілік кестесі – ӘК-і үлгілерінің, қозғалтқышының, жабдығының осы Нормалардың талаптарына сәйкестілігі туралы куәландыратын құжат;
153) сертификаттау базисі – авиациялық техниканың үлгілік конструкциясын бекіту немесе қабылдау немесе осындай үлгілік конструкцияны өзгерту үшін негіз ретінде мемлекет белгілеген қолданылатын ұшу жарамдылығы және қоршаған ортаны қорғау стандарттары. Сертификаттау базисіне, сондай-ақ мемлекет осы үлгілік конструкцияға олардың қолданылуын айқындаған жағдайда, ұшу жарамдылығының арнайы шарттары, қауіпсіздіктің баламалы деңгейін растау шарттары және (немесе) талаптардан босату шарттары кіреді;
154) сигнализатор – параметрдің, жүйенің немесе объектінің талап етілетін мәнге немесе жай-күйіне сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ақпараттың көрсетілуін көзбен шолып қарау, дыбыстық және тактильді сигналдар түріндегі қамтамасыз ететін аспап;
155) стандартты атмосфера – мынадай түрде айқындалатын атмосфера:
ауа идеал құрғақ газ болып табылады;
ауаның физикалық тұрақтылары мынадай:
– теңіз деңгейіндегі орташа молярлық масса:
M₀ = 28,964 420 × 10⁻³ кг/моль;
- теңіз деңгейіндегі атмосфералық қысым:
P₀ = 1 013,25 гПа;
– теңіз деңгейіндегі температура:
t₀ = 15 °C, T₀ = 288,15 K;
– теңіз деңгейіндегі тығыздық:
ρ₀ = 1,225 0 кг/м³;
– мұздың еру температурасы:
Tᵢ = 273,15 K;
– әмбебап газ тұрақтысы:
R* = 8,314 32 Дж/(K × моль);
температуралық градиенттер мынадай
Геопотенциалдық биіктік (км)
Температуралық градиент (стандартты геопотенциалдыққа Кельвин шәкілі бойынша 1 км-ге дейін)
бастап
дейін
-5,0
11,0
-6,5
11,0
20,0
0,6
20,0
32,0
+1,0
32,0
47,0
+2,8
47,0
51,0
0,0
51,0
71,0
-2,8
71,0
80,0
-2,0
Стандартты геопотенциалдық метрдің мәні 9,80665 м²/с²-қа тең.
156) газ-турбиналық қозғалтқыштың сынақ циклы – пайдалануда пайдаланушы циклдарды пайдаланудың салыстырмалы жиіліктерін ескере отырып, осы циклдерде жинақталған зақымданудың ең толық және жеделдетілген көрінісін қамтамасыз ететін стендтік сынақтар кезінде роторлардың айналыс жиіліктерінің, реттегіш органдар қалыптарының уақыт бойынша өзгеруі;
157) әуе винтінің сынақ циклы – стендтік сынақтар кезінде әуе винтінің немесе қозғалтқыштың жұмыс режимдерінің, роторлар айналу жиілігінің, реттеу органдарының жағдайының және кіру шарттарының уақыт бойынша өзгеруі, ол ұшу циклдарында жинақталған зақымдануды осы циклдарды пайдалану жиілігін ескере отырып барынша толық және жедел қайта өндіруді қамтамасыз етеді;
158) тапсырыс беруші – азаматтық ӘК-ге тапсырыс беруші және (немесе) оны пайдаланушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары, азаматтық авиация ұйымдары;
159) тартымның кері қимылдау режимі – қосылған кері қимылдайтын құрылғы жағдайында қозғалтқыш жұмысының орныққан режимі;
160) тәжірибелік әуе винті – мемлекеттік сынақтардан өтпеген әуе винті. Мемлекеттік сынақтар – тәжірибелік әуе винтінің нормативтік-техникалық құжаттаманың және ұшуға жарамдылық куәлігін ресімдеу үшін әуе винтін әуе кемесіне орнатқанға дейін сертификаттауды белгілейтін осы Нормалардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында ресми комиссия жүргізетін сынақтары;
161) тоза бастаудан зақымдану – есептеу тәсілмен (мысалы, тоза бастаудан зақымдану қосудың желілік гипотезасын пайдалана отырып) анықталатын тоза бастаудың шартты шамасы;
162) тозу беріктігі (тозуға төтеп бергіштік) – тоза бастауға төтеп беретін конструкцияның (элементінің, материалының) қасиеті;
163) тозу – қасиеттерінің өзгеруіне, сызаттардың пайда болуы мен дамуына әкелетін ауыспалы жүктемелік жұмыс істеулер әрекетін конструкциясыда (элементінде, материалында) зақымданулардың біртіндеп жиналу процесі;
164) толық траектория – тартымы (қуаттылығы) бойынша номинал реттелуіне және Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың белгіленген қозғалтқыштарды жылыту рәсімдерін ескере отырып Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың тапсырылған жағдайлар мен ұшу режимдеріне қайта санамаланған нақты траектория;
165) топтамалық қозғалтқыш – топтамалық өндіріспен жасалатын және негізгі деректері, параметрі және конструкциясы мен қолданылатын материалдары бойынша мемлекеттік сынақтан өткен және Жарамдылығы туралы куәлік алған қозғалтқышқа сәйкес келетін қозғалтқыш;
166) төзімділік – конструкцияның (элементінің, материалының) тоза бастаудан зақымданулар пайда болуы мен дамуына төтеп беретін қасиеті (тоза бастаудан зақымданулар пайда болғанға дейінгі кезеңдегі төзімділік, тоза бастаудан зақымданулар дамыған кезеңдегі төзімділік);
167) төзімділікке сынақтар – конструкцияға ауыспалы жүктемелерді көп мәрте түсіру арқылы төзімділіктің сандық сипаттамаларын эксперименттік анықтау;
168) төзімділік шарттары бойынша пайдалануға рұқсат етілген атқарым – конструкцияны арнайы қараусыз шектерінде қауіпсіздіктің (қалдық беріктікті рұқсат етілген деңгейден төмендететін тозу зақымданулардың болуымен сипатталатын жай-күйді болдырмау) қажетті деңгейі қамтамасыз етілетін атқарым;
169) түрлендірілген қозғалтқыш – топтамалық қозғалтқышты, оның сипаттамасы мен ұшу жарамдылығына елеулі әсер ететіндей конструкциясын өзгертулермен топтамалы қозғалтқыштарды дамыту болып табылатын қозғалтқыш;
170) тіркеу мемлекеті – әуе кемесі тіркелген тізілімді жүргізетін мемлекет;
171) ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі нұсқаулар – авиациялық техниканың конструкциясын бекіту иесі оның сертификаттау базисіне сәйкес әзірлеген техникалық деректер мен техникалық қызмет көрсетуді жоспарлау және орындау жөніндегі нұсқаулар жиынтығы. Ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі нұсқаулар пайдаланушыға өзінің техникалық қызмет көрсету бағдарламасын әзірлеу үшін, сондай-ақ бекітілген техникалық қызмет көрсету ұйымына жұмыстарды орындау технологиясын белгілеу үшін қажетті ақпаратты ұсынады;
172) ұшу жолағы (бұдан әрі – ҰЖ) – ұшып көтерілу-қону жолағынан (ҰҚЖ), қауіпсіздіктің шеткі жолақтарынан (ҚШЖ) және ондайлар болса қауіпсіздіктің бүйірлі жолақтарынан (ҚБЖ) тұратын жердің учаскесі;
173) ұзын кезеңді қозғалысы – ӘК әсер етудің нақты тұрақты бұрышы кезінде ұшу жылдамдығында, биіктігінде салыстырмалы баяу тербелісті өзгерісімен сипатталатын ұшудың бастапқы траекториясына қатысты өзіндік бойлық қозғалысының түрі;
174) ұсынылатын ұшу режимдері – ӘК-ні ұшу пайдалануы жөніндегі басшылықта белгіленген пайдалану шектеулері шегіндегі ұшу режимдері;
175) ұшуға талап етілетін отын қоры – негізгі мен аэронавигациялық отын қорын қамтиды. Аэронавигациялық отын қоры өтемдік пен резервтік отын қорларынан тұрады;
176) ұшудағы кіші газ режимі – ротордың минималды қолжетімді айналу жиілігі кезінде, қонуға кірген кездегі тартымның талап етілетін қабылдауыштығы мен шамасын қамтамасыз ететін қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимі;
177) ұшудың қолда бар арақашықтығы ҰҚД – әуеайлақ қызметі мәлімдеген ұшу бағытына қарай екпінінің қолда бар ұзындығы, ҚШЖ-ның және бос аймақтың жиынтығына тең қашықтық, бірақ та ҰКД ҰҚЖ-ның ұзындығынан 150% аспауға тиіс;
178) ұшудың таза траекториясы –градиенттері осы Нормаларға сәйкес кемітілген ұшудың толық траекториясы;
179) ұшу-навигациялық жабдық – жалпы ұшудан бастап қонғанға дейін ұшудың, навигацияның және ұшақ жүргізудің міндеттерін шешуге және тұтынушыларға ақпарат беруге арналған ӘК бортындағы өлшеу, есептеу және басқару жүйелері мен құрылғыларының және ақпаратты бейнелеп көрсету жүйесінің жиынтығы;
180) ұшып көтерілу – қозғалтқыш есептік тарту режимінде жұмыс істейтін уақыт кезеңімен айқындалатын ұшу кезеңі;
181) ұшып көтерілу режимі – ӘК ұшу кезіндегі жердегі (Н=0, М =0) қозғалтқыш жұмысының максималды режимі;
182) үзілген ұшып көтерілу арақашықтығы – рульдеу учаскесінің ұзындығына қысқартылған қолда бар ұшу жолағының ұзындығы;
183) үзілген ұшып көтерілу – ұшып көтерілу сипаттамасына әсер етуші ӘК қозғалтқышы немесе жүйелері істен шыққан сәтіне дейін қалыпты сияқты өтетін ұшуы, одан кейін ӘК жалғаспалы тежелуімен ол толық тоқтағанға дейін шарықтаудың тоқтатылуы басталады;
184) үлгілік конструкция – ұшуға жарамдылығын белгілеу мақсатында әуе кемесінің, қащықтан басқаратын әуе кемесінің, қозғалтқыштың немесе әуе винтінің типін айқындау үшін қажетті деректер мен ақпараттар жиынтығы;
185) флюгирлеу жүйесі – әуе винтінің қалақтарын флюгерлік күйге келтіруге арналған және автоматты түрде де, қолмен де іске қосылатын жүйе;
186) шекті әсер етудің бұрышы (көтергіш күш коэффициенті) αnред (Су nред) – Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұйғарылған ӘК конфигурациялары мен ұшу режимдері үшін шекті шектеулер ретінде белгіленетін әсер ету бұрышының (көтергіш күштің коэффициенті) мәні;
187) шекті жай-күй – қауіпсіздік талаптары бұзылуына немесе берілген параметрлердің белгіленген шектерден шығуына немесе пайдалану тиімділігінің рұқсат етілгеннен төмендетілуіне байланысты конструкцияны одан әpi пайдалану тоқтатылатын кездегі оның жай-күйі;
188) шекті жүктемелер – күтілетін пайдалану шарттарында туындауы мүмкін ең жоғары жүктемелер;
189) шекті шектеулер – қандай да болмасын жағдайларда олардан тыс шығуға жол берілмейтін ұшу режимдерінің шектеулері;
190) шешім қабылдау биіктігі – егер оған жеткенге дейін қонуды орындау үшін қажетті бағдармен көз көрім байланыс орнатылмайтын немесе, егер осы биіктікте ұшудың берілген траекториясына қатысты қауіпсіз қонуын қамтамасыз етпейтін жағдайларда екінші айналымға кетудің маневрі басталуға тиіс ҰҚЖ шет жағасының деңгейінен есептелетін салыстырмалы биіктік;
191) шиыршықты қозғалыс – ӘК осы қозғалыстың тұрақтылығы немесе тұрақсыздығының дәрежесіне қарай өздігімен оның қисықтығы мен қисаю бұрышын кеміте немесе ұлғайта отырып, оның үдерісі кезінде ӘК шиыршықты түрдегі траектория бойынша жүретін өзіндік бүйірлі апериодтты қозғалысының (әдетте баяу ететін) түрі;
192) ыстық түрде іске қосу – қозғалтқышты өшіргеннен кейін 15 минуттан кешіктірмей жүзеге асырылатын қалыпты іске қосу;
193) істен шығу жай-күйі (бұдан әрі – функционалдық істен шығу) – осы жай-күйге әкелген себептерге қарамастан оның функциясының белгілі бір бұзылуымен сипатталатын жалпы жүйенің жұмысқа қабілетсіз жай-күйінің түрі;
194) эквивалентті қуат (Nэкв) – әуе винті қуатының сомасы және турбовинттік қозғалтқыштың реактивтік ағысының қуаты;
195) электрмен жабдықтау жүйесі – электр энергиясын өндіруді және оны тарату жүйелерінің жиынтығы;
196) электро-техникалық жабдық – электр энергиясын қабылдайтындар арасында электр энергиясының генерациялануын, түрленуін, таралуын қамтамасыз ететін жабдық, сондай-ақ дербес мақсаты бар және басқа жүйелердің элементтері болып табылмайтын әр түрлі электротехникалық құрылғылар;
197) электр энергиясының авариялық қуат көзі – қадамдық қозғалтқыштар мен қосалқы күш-қуат қондырғысында орнатылған бастапқы қуат көздері жұмысынан тәуелсіз электр-энергия көзі. Авариялық қуат көзі электр энергиясын қабылдағыштардың шектеулі құрамына (І санатына) қуат беру үшін бастапқы қуат көздері істемей қалған немесе/және өшірілген кездегі ұшуда қолданылады. Авариялық қуат көздеріне аккумулятор және одан қоректенетін түрлендіргіш мысал бола алады;
198) электр энергиясын қабылдағыштар – жұмыс істеу үшін электр энергиясын қажет ететін жүйелер, құрылғылар, жекелеген блоктар. Электрмен жабдықтаудың сенімділік талаптары сипаты бойынша электр энергиясының қабылдағыштары мынадай санаттарға бөлінеді; осы Нормалардың 30-тармағына сәйкес жұмысы ұшу мен қонудың қауіпсіз аяқталуын қамтамасыз ету үшін қажетті бірінші санатты электр энергиясын қабылдағыштар; ұшу тапсырмасы бойынша жоспарланған жұмысы ұшу мен қонудың қауіпсіз жалғасуы үшін қажетті екінші санатты электр энергиясын қабылдағыштар;
199) электр энергиясын тарату жүйесі – электр энергиясын туындату жүйесінен, жердегі қуат көзінің қосылу элементінен тарату құрылғыларына және тарату құрылғыларынан соң қажетті коммутациялар өндіруді, қабылдағыштардың электрмен қуаттануын резервтеуді және тарату жүйесін бұзылудан қорғауды қамтамасыз ететін электр энергия қабылдағыштарына жеткізіп отыратын құрылғылар жиынтығы;
200) биіктікке көтерілу градиенті, пайызбен көрсетілген: ηнв= tgΕнв*100%, где Eнв – мұнда Eнв – биіктікке көтерілу траекториясының көлбеу бұрышының тангенсі;
201) ηпн – биіктікті алудың толық градиенті – осы Нормаларда қарастырылған жағдайларда ӘК ұшу сынақтары кезінде көрсетілген және Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен белгіленген қозғалтқыштарды жылыту рәсімдерін ескере отырып тартымы (қуаттылығы) бойынша қозғалтқыштарды номинал реттеуіне келтірілген биіктікті алу градиенті;
202) Lр екпіннің ұзындығы – ҰҚЖ-дан оның бастау нүктесінен көтерілу нүктесіне дейін ӘК өтетін көлбеу бойынша қашықтығы;
203) nуmах Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген ең жоғары пайдалану жүктелімі – қаралып отырған ұшу салмағында және ӘК конфигурациясы кезінде координаттардың байланысқан жүйесінде айқындалатын маневрлеу кезінде ӘК салмағының ортасында конструкцияның беріктігі бойынша барынша рұқсат етілетін қалыпты жүктелімнің мәні;
204) Lұшу қалыпты (жалғастырылған) ұшудың арақашықтығы – старт нүктесінен үзілу нүктесінде ҰҚЖ-ның деңгейінен 10,7 м биіктіктегі нүктеге дейін ӘК өтетін көлбеу бойынша қашықтығы;
205) Lүзіл ұшу үзілген ұшудың арақашықтығы – старт нүктесінен толық аяқталған нүктесіне дейін ӘК өтетін көлбеу бойынша қашықтық;
206) ηчнв биіктікті алудың таза градиенті – осы Нормаларға (осы тармақтың 206) тармақшасы) сәйкес кемітілген биіктікті алудың толық градиенті;
207) RBS (A, AC) режимі (Radar Beacon System) – Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциясының 10-қосымшасына сәйкес радиолокациялық жауап жиілік диапазонында және «сауал-жауап» кодтары бойынша ӘКБ-ның жұмыс режимі;
208) ηсн - төмендету градиенті XCH-төмендеу траекториясы көлбеуінің тангенс бұрышының абсолюттік мөлшері, пайызбен көрсетілген: hCH =(tgXCH)*100%.
θ тангаж бұрышы – OX бойлық осі мен координаттар қалыпты жүйелерінің OXg Zg көлденең жазықтығы арасындағы бұрыш.
6. ӘК орнықтылығы мен басқарылу сипаттамасын қарау кезінде пайдаланылатын шартты белгілер:
φ, δв, δэ, δн – стабилизаторға, биіктік руліне, элерондарға, бағыттау руліне тиісінше басқару органдарының аэродинамалық ауытқу бұрыштары;
φш.э - бейтарап жағдайынан штурвалдың бұрыштық ауытқуы;
Хв, Хэ, Хн – өзінің бейтарап жағдайларына қатысты басқару штурвалы мен басқыштары (ұшқыш күш салған орында) иінтіректерінің желілік ауыспалығы;
Рв, Рэ – бойлық пен көлденең бағыттарында тиісінше штурвалдағы күштер;
Ри = Рн оң - Рн сол – басқыштардағы күштің әртүрлігі;
τв, τэ, τн – биіктік руль триммерлерінің, элерондардың және бағыт рулінің (өзінің бейтарап жағдайына сәйкес) ауытқу бұрыштары;
dPe/dхв, dPэ/dхэ, dPн/dхн, – олардың жүруі бойынша штурвалда және басқыштарда күштер өзгерісінің градиенттері;
ωх, ωy, ωz – координаттар байланысқан жүйесінде қисаюының, жалтарудың және тангаждың жылдамдығы;
Рnв=dPв/dny, Хnв=dxв/dny – тиісінше штурвалда күштердің өзгеруі мен қалыпты жүктелімнің бірлігіне штурвалдың ауысуы;
^ny-заб=^ny-заб/^ny – биіктік рулінің (стабилизатордың) кезеңді ауытқу кезінде салыстырмалы қалыпты жүктелімді тастау (орнықтырылған үстелімге қатысы бойынша);
tср – биіктік рулінің (стабилизатордың) кезеңді ауытқуы кезінде қалыпты жүктелімнің белгіленген үстелімінің 95% жету үшін қажетті уақыт аралығы ретінде анықталатын іске қосылу уақыты;
ӘК орнықтылығы мен басқарылуын қарау кезінде қабылдаған координаттардың байланысқан (OXYZ) және жылдамдық (ОХа YaZa) жүйелері мен белгілердің ережесі. Жүйе координаталарының басталуы ӘК салмағының ортасында болады. ОХ бойлық осі симметрия жазықтығында жатады және ӘК соңынан тұмсық жағына қарай бағытталады. Бойлық осьтің бағыты ӘК, қанаттың немесе фюзеляждің базалық остері бойынша да, екпіннің бас остері бойынша да бағытталуы мүмкін.
ОҮ қалыпты осі ӘК симметрия жазықтығында орналасқан және оның жоғарғы бөлігіне бағытталған. OZ көлденең осі ӘК симметрия жазықтығына перпендикуляр және қанаттың оң жағына қарай бағытталған.
Vmin эр (VMCG) – екпіннің ең аз эволютивтік жылдамдығы.
Vmin эв (VMCA) – ұшудың ең аз эволютивтік жылдамдығы.
Vmin көтеріл (VMU) – көтерілудің ең аз жылдамдығы.
Vi.ш (Vef) – қозғалтқыш істен шыққан кездегі жылдамдық.
V1 - шешім қабылдау жылдамдылығы, онымен ұшуды қауіпсіз тоқтатуға да және қауіпсіз жалғастыруға да мүмкін ӘК екпінінің жылдамдығы.
Vалд.тірек (VR) – шассидің алдыңғы тірегінің көтерілу сәтіндегі жылдамдық, екпінде тангаж бұрышын ұлғайту үшін "өзіне қарай" бағытта штурвалдық ауытқуының басталу жылдамдығы.
Vотр (VLof) – көтерілу жылдамдығы, шарықтау жағдайында екпін аяқталғаннан кейін ШҚЖ-ның бетінен шассидің негізгі тіректерінің көтерілу сәтіндегі ӘК жылдамдығы.
V2 – ұшып көтерілудің қауіпсіз жылдамдығы.
V2n – барлық жұмыс істейтін қозғалтқыштармен бастапқы биіктікті алу жылдамдығы.
V3 – ұшып көтерілу тетіктемені жинай бастау сәтіндегі жылдамдық.
V4 – ұшып көтерілу ұшу конфигурациясы кезіндегі жылдамдық.
Vmin эn (VMGL) – қонуға кірудің минималды эволютивтік жылдамдығы.
Vmin эn -1 (VMGL) – жұмыс істемейтін бір қозғалтқышпен қонуға кірудің ең аз эволютивтік жылдамдығы.
Vmin эn -2 (VMGL-2) – жұмыс істемейтін екі қозғалтқышпен қонуға кірудің минималды эволютивтік жылдамдығы. Жақшалар ішінде ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымы қабылдаған жылдамдықтар келтірілген.
VЗПДmin – қонуға кірудің минималды көрсетімді жылдамдығы.
VЗПmax – қонуға кірудің максимальді көрсетімді жылдамдығы.
VЗП (VREF) – қонуға кірудің жылдамдығы.
VЗП_n-1 (VREF-1) – жұмыс істемейтін бір қозғалтқышпен қонуға кірудің жылдамдығы;
VЗП_n-2 (VREF-2) – жұмыс істемейтін екі қозғалтқышпен қонуға кірудің жылдамдығы;
Vc (Vs) – құлау жылдамдығы немесе байланысты координаттар жүйесінде көтергіш күш коэффициентінің ең үлкен мәніне сәйкес келетін ӘК-нің ең аз жылдамдығы, ол тежеу процесінде шабуыл бұрышы αпред немесе αс-қа дейін жеткенде анықталады (егер αпред осы Нормалардың 44-тармағында көзделген шарттар бойынша құлау арқылы белгіленсе), nуа = 1-ге келтірілген.
Vcl (Vsl) – ұшудың кіші газына сәйкес келетін ӘК салмағының, орталықтаудың және қозғалтқыштар жұмысы режимдерінің қаралып отырған мәндері үшін қаралып отырған конфигурацияда шығарып тастаудың жылдамдығы немесе ӘК ең аз жылдамдығы.
Va доп (Vc у доп), nyа = 1 келтірілген әсер етудің рұқсат етілетін бұрышы (көтергіш күш коэффициенті) кезіндегі жылдамдығы.
Vnn nyа = 1; келтірілген ескертуші белгілердің туындауына сәйкес келетін жылдамдық.
Vmaх э – ең жоғары пайдалану жылдамдығы.
Vmax max – есептік шекті жылдамдық.
Жылдамдықтарды қысқа белгілеу үшін мынадай қысқартулар пайдалану қажет:
ПЖ (JAS) – аспаптық жылдамдық;
ИЖ (CAS) – индикаторлық жер жылдамдығы;
ГОК (EAS) – индикаторлық жылдамдық;
ШЖ (TAS) – ақиқат жылдамдық.
Көрсетілген қысқартулар мөлшері бар сандық мәнінен кейін қойылады.
Мысалы, 200 км/с тең келетін қонуға кірудің аспатық жылдамдығы Vзп = 200 км/с ПЖ көрсетіледі.
Аспаптық жылдамдық – стандарттық жағдайларда теңіз деңгейінде ауаның қысымы кезінде қысылуын шегере отырып, ауаның толық және статикалық қысым арасындағы әр түрлігі бойынша градусталған жылдамдықтың көрсеткіші көрсететін жылдамдық
VПP --> Рполн - Рст, мұндағы Рполн ауаның қысылғанын ескере отырып, алынды.
Индикаторлық жер жылдамдығы – аспаптың қателікке және аэродинамалық дұрыстауға түзетілген аспаптық жылдамдық:
VИЗ = VПP + δVnp + δVa
Индикаторлық жылдамдық – теңіз деңгейінде стандарттық қысымнан ауа қысымының айырмашылығымен байланысты қысымдылыққа түзетілген индикаторлық жер жылдамдығы:
VИЗ = VПР + бVпр
Ақиқат жылдамдық – мынадай арақатынаспен индикаторлық жылдамдықпен байланысты оқыс емес ағысқа қатысты ӘК жылдамдығы.»;
мынадай мазмұндағы 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-тараулармен толықтырылсын:
«2-тарау. Ұшу жарамдылығы жөніндегі директива
1-параграф. Ұшу жарамдылығы жөніндегі директиваларды шығару
1. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-9-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес ұшу жарамдылығы жөніндегі директива уәкілетті ұйыммен шығарылады.
Ұшу жарамдылығы жөніндегі директива әуе кемесіне немесе оның компоненттеріне мынадай жағдайлар болған кезде шығарылады:
1) әуе кемесінде немесе оның компонентінде қауіпсіз жай-күйдің болуы;
2) көрсетілген қауіпсіз жай-күйдің сол үлгідегі өзге әуе кемелерінде немесе компоненттерінде жоғары ықтималдықпен болуы немесе туындауы мүмкін болуы.
2. Ұшу жарамдылығы жөніндегі директиваның қолданыcын тоқтату осы тараудың 1-тармағында көзделген негіздердің жоқ екендігі расталған кезде уәкілетті ұйымның шешімімен жүзеге асырылады.
3. Уәкілетті ұйым тіркеу мемлекеті ретінде өзі шығарған тиісті әуе кемесіне қатысты барлық ұшу жарамдылығы жөніндегі директивалардың әзірлеуші мемлекетке жіберілуін (берілуін) қамтамасыз етеді.
4. Уәкілетті ұйым ұшу жарамдылығы жөніндегі директиваларды өзі бекіткен нұсқаулық материалды пайдалана отырып шығарады, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, олардың қолданылуын тоқтатады және таратады.
2-параграф. Шет мемлекеттер шығарған ұшу жарамдылығы жөніндегі директивалар.
5. Әуе кемесінің, қозғалтқыштың, әуе винтінің не олардың модификациясының әзірлеуші мемлекетінің шетелдік авиациялық билік органдары шығаратын ұшу жарамдылығы жөніндегі директивалар әуе кемесін пайдалану қауіпсіздігі деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін мән-жайлар анықталған кезде ұшу қауіпсіздігінің қолайлы деңгейін қалпына келтіруге немесе қамтамасыз етуге бағытталған белгіленген іс-шараларды орындау үшін негіз болып табылады.
6. Әуе кемесіне орнатылған әуе кемесінің компоненттері үшін қолданылатын ұшу жарамдылығы жөніндегі директивалар болып тиісті компоненттің әзірлеуші мемлекеті шығаратын ұшу жарамдылығы жөніндегі директивалар танылады.
Әуе кемесінің әзірлеуші мемлекеті орнатылған компонентке қатысты қосымша ұшу жарамдылығы жөніндегі директива шығарған және ол компоненттің әзірлеуші мемлекеті шығарған ұшу жарамдылығы жөніндегі директивамен қайшылық (сәйкессіздік) туындаған жағдайда, әуе кемесінің әзірлеуші мемлекеті шығарған ұшу жарамдылығы жөніндегі директива басымдыққа ие болады.
7. Уәкілетті ұйым шетелдік авиациялық билік органдары шығарған, Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) тіркелген әуе кемелеріне қатысты ұшу жарамдылығы жөніндегі директиваларды қарайды және мұндай директиваларды тиісті авиациялық билік органдарының ресми сайттарына сілтемелерді уәкілетті ұйымның интернет-ресурсында орналастыру арқылы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушыларына жеткізуді қамтамасыз етеді.
3-параграф. Ұшу жарамдылығы жөніндегі директиваларды сақтау.
8. Егер осы тараудың 1 және 6-тармақтарына сәйкес оларда белгіленген мерзімдерде шығарылған ұшу жарамдылығы жөніндегі барлық қолданылатын директивалардың орындалуы қамтамасыз етілмесе, оған қатысты ұшу жарамдылығы жөніндегі директива не осындай директива қолданылатын компонентпен жарақтандырылған ӘК қолданылатын әуе кемесін пайдалануға жол берілмейді.
9. Ұшу жарамдылығын сақтау жөніндегі деректерді есепке алу жүйесі ұшу жарамдылығы жөніндегі директиваның талаптарына сәйкестікті растайтын мынадай деректерді қамтиды:
1) ұшу жарамдылығы жөніндегі директива туралы ақпарат (нөмірі, атауы), оның ішінде өзгерістер немесе түзетулер нөмірлері;
2) ұшу жарамдылығы жөніндегі директиваның қолданылуы туралы белгі ол әуе кемесінің немесе тұтастай компоненттің типіне қолданылатын, бірақ нақты техникалық қызмет көрсетуден өтетін әуе кемесінің немесе компоненттің нақты данасына жатпайтын жағдайларда; тиісті белгі уәкілетті тұлғаның қолымен куәландырылады;
3) ұшу жарамдылығы жөніндегі директивада көрсетілген қауіпсіз жай-күйдің сипаттамасы;
4) ӘК типі мен моделі, қозғалтқыш, әуе винті немесе компоненттің сызба нөмірі;
5) егер нұсқаулық бірнеше бөлімнен тұрған жағдайда орындалған ұшу жарамдылығы жөніндегі бөліктердің тізбесі; директива толық орындалған жағдайда оның атауына тұтастай сілтеме;
6) орындалған тексерулер мен қарап-тексерулердің нәтижелерін келтіре отырып, ұшу жарамдылығы жөніндегі директива нұсқауларын орындау әдісінің сипаттамасы;
7) ұшу жарамдылығы жөніндегі директива талаптарын қайталап орындау үшін белгіленген кезеңділігін көрсету (қайталама іс-шаралар көзделген жағдайда);
8) ұшу жарамдылығы жөніндегі директива талаптарының орындалған күні мен уақыты.
3-тарау. Үлгі сертификаты
1-параграф. Үлгі сертификатты беру
1. Сериялық өндіріс үшін Қазақстан Республикасында арналған жаңа конструкциядағы (жаңа үлгідегі) азаматтық әуе кемесін, қозғалтқышты және әуе винтін сертификаттау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 қазандағы № 994 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12812 болып тіркелген) Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Сертификаттау қағидалары) уәкілетті ұйыммен үлгі сертификатын ресімдеу арқылы жүзеге асырылады.
2. Уәкілетті ұйымның үлгі сертификатын беруі мыналарды растау болып табылады:
1) ӘК үлгілік конструкциясы және оның компоненттері осы Нормалардың 11-тарауында көрсетілген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне бағаланып, сәйкес деп танылған; және
2) ӘК типі сертификаттау базисінде көзделген, ұшу жарамдылығы талаптарына сәйкестігін көрсету үшін жеткілікті болып табылатын жердегі және ұшу сынақтарынан өткен; және
3) үлгілік конструкцияны бағалау және жүргізілген сынақтар нәтижелері бойынша ӘК қолданылатын ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне әсер етуі мүмкін қауіпсіз ерекшеліктер немесе сипаттамалар анықталмаған.
2-параграф. Шет мемлекет берген үлгі сертификаты
3. Заңның 43-бабының 6-тармағына сәйкес шет мемлекеттің әзірлеуші мемлекеті берген азаматтық ӘК үлгі сертификаты (бұдан әрі – шетелдік үлгі сертификат) Сертификаттау қағидаларына сәйкес тиісті үлгідегі ӘК Мемлекеттік тізілімде бастапқы тіркеу мақсатында уәкілетті ұйыммен танылады.
4. Уәкілетті ұйым шетелдік үлгі сертификатын тану туралы шешім беру үшін мынадай шетелдік үлгі сертификаттарды таниды:
1) әзірлеуші мемлекет Америка Құрама Штаттары болып табылса, АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасы (FAA) берген үлгі сертификаты, егер осы үлгі сертификаты берілген талаптар осы Нормалардың 12-тарауының 2-тармағында көрсетілген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес келетін шарттарды сақтаған кезде;
2) Еуропалық одаққа мүше болып табылатын мемлекет және әзірлеуші мемлекеттің атынан Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігі (EASA) берген үлгі сертификаты, оларға сәйкес үлгі сертификаты берілген талаптар осы Нормалардың 12-тарауының 3-тармағында көрсетілген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес келетін шарттарды сақтаған кезде;
3) егер әзірлеуші мемлекет Канада болып табылса, Канаданың Азаматтық авиация министрлігі (TCCA) берген үлгі сертификаты, оларға сәйкес үлгі сертификаты берілген талаптар осы Нормалардың 12-тарауының 4-тармағында көрсетілген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес келетін шарттарды сақтаған кезде;
4) егер әзірлеуші мемлекет Бразилия болып табылса, Бразилияның Ұлттық азаматтық авиация агенттігі (ANAC) берген үлгі сертификаты, оларға сәйкес үлгі сертификаты берілген талаптар осы Нормалардың 12-тарауының 5-тармағында көрсетілген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес келетін шарттарды сақтаған кезде;
5) егер әзірлеуші мемлекет Ресей Федерациясы болып табылса, Ресей Федерациясының Әуе көлігі жөніндегі федералдық агенттігі (Росавиация) берген үлгі сертификаты, оларға сәйкес үлгі сертификаты берілген талаптар осы Нормалардың 12-тарауының 6-тармағында көрсетілген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес келетін шарттарды сақтаған кезде;
6) егер әзірлеуші мемлекет Украина болып табылса, Украинаның Мемлекеттік авиациялық әкімшілігі берген үлгі сертификаты, оларға сәйкес үлгі сертификаты берілген талаптар осы Нормалардың 12-тарауының 7-тармағында көрсетілген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес сәйкес келетін шарттарды сақтаған кезде.
5. Осы Тараудың 4-тармағында көрсетілген шетелдік үлгі сертификатының сертификаттау базисіне мыналар кіреді:
1) осы Нормалардың 12-тарауында көрсетілген, үлгі сертификаты берілген күнге қолданыста болған тиісті ұшу жарамдылығы нормалары, сондай-ақ үлгі сертификатының иесі әзірлеген және әзірлеуші мемлекет бекіткен кейінгі өзгерістер;
2) осы параграфтың 6, 7 және 8-тармақтарында тиісінше белгіленген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тиісті талаптар.
6. Шетелдік үлгі сертификатында көрсетілген шу деңгейіне қойылатын тиісті талаптар Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға I томының 16-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді (бұдан әрі – Конвенция).
7. Шетелдік әуе кемелері мен қозғалтқыштарының үлгі сертификатында көрсетілген эмиссия бойынша тиісті талаптар Конвенцияға II томның 16-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
8. Шетелдік әуе кемелері мен қозғалтқыштарының үлгі сертификатында көрсетілген CO₂ эмиссиясына қойылатын тиісті талаптар Конвенцияға III томның 16-қосымшасына сәйкес келеді.
9. Үлгі сертификаты мыналарды қамтиды:
1) ӘК үлгілік конструкциясын;
2) пайдалану шектеулерін;
3) үлгі сертификатына деректер картасын;
4) қолданылатын сертификаттау базисін;
5) әзірлеуші мемлекет растаған қоршаған ортаны қорғау талаптарын;
6) қолданылатын сертификаттау ерекшеліктерінде және қоршаған ортаны қорғау талаптарында компонентке белгіленген шарттар мен шектеулерді.
Бұдан басқа, әуе кемесінің үлгі сертификаты шу бойынша үлгі сертификатын да қамтиды.
10. Әуе кемесінің пайдаланушысы тиісті ӘК қатысты қолданылатын сертификаттау базисіне сәйкес әзірленген ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі нұсқаулардың толық жиынтығын үлгілік конструкцияға жауапты ұйымнан ӘК жеткізілгеннен кейін немесе аталған әуе кемесіне бастапқы ұшу жарамдылығы сертификаты берілгеннен кейін, осы оқиғалардың қайсысы кейінірек орын алса, сол сәтте алады.
4-тарау. Модификация және (немесе) жөндеу
1. Осы тарау осы Нормалардың 3-тарауына сәйкес бұрын танылған шетелдік үлгі сертификаты шеңберінде әзірленген үлгі конструкцияның модификацияларын және (немесе) жөндеуін орындауды бекітуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Үлгі конструкцияны модификациялау және (немесе) жөндеу үлгіні сертификаттау кезінде пайдаланылған және осы Нормалардың 3-тарауында көрсетілген ұшу жарамдылығының қолданылатын нормаларына ӘК-нің сәйкестігін сақтауды қамтамасыз ету үшін Үлгіні сертификаттау қағидаларында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады.
3. Осы Нормалардың 3-тарауының 2-параграфына сәйкес үлгі сертификаты танылған ӘК үлгі конструкциясына кез келген модификацияларды және (немесе) жөндеулерді орындау уәкілетті ұйыммен келісуге жатады, бұл ретте тиісті үлгі конструкция өзгерісі:
1) әзірлеуші мемлекеттің уәкілетті органы немесе үлгілік конструкцияға жауапты ұйым тарапынан бекітілген; немесе;
2) әзірлеуші мемлекеттің уәкілетті органы атынан әрекет етуге уәкілеттік берілген тұлға тарапынан бекітілген; немесе
3) модификацияны әзірлеуге жауапты, сонымен қатар үлгі сертификатының немесе қосымша үлгі сертификатының иесі болып табылатын сертификатталған ұйым тарапынан, әзірлеуші мемлекеттің уәкілетті органымен келісілген тәртіппен бекітілген болуы қажет.
4. ӘК-нің үлгі конструкциясына модификацияны және (немесе) жөндеуді уәкілетті ұйыммен келісусіз орындау ұшуға жарамдылық сертификатының жарамдылығының күшін жоюға әкеп соғады.
5. Әуе кемесін Мемлекеттік тізілімде бастапқы тіркеу кезінде импортталатын әуе кемесінде орындалған үлгі конструкцияның әрбір модификациясын және (немесе) жөндеуін жеке келісу талап етілмейді. Мұндай модификациялар және (немесе) жөндеулер тиісті әуе кемесіне ұшуға жарамдылық сертификатын беру арқылы қабылданады, мынадай шарттар сақталған жағдайда:
1) модификация және (немесе) жөндеу ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі есепке алу жүйесінде (әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету есебінде) ұшуға жарамдылық сертификатын бастапқы беру сәтіне дейін көрсетілген; және
2) орындалған модификациялар және (немесе) жөндеулердің осы тараудың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттық дәлелдемелер бар.
6. Үлгі конструкцияның модификациясы және (немесе) жөндеуі, үлгі конструкцияға жауапты ұйым шығарған сервистік бюллетеньмен немесе оған баламалы құжатпен қамтылған жағдайда, мынадай шарттар сақталғанда уәкілетті ұйыммен келісілген деп есептеледі:
1) модификация және (немесе) жөндеу осы Нормалардың 3-тарауының 4-тармағында көрсетілген әзірлеуші мемлекеттің уәкілетті органымен бекітілген; және
2) үлгі конструкцияға жауапты ұйымның сервистік бюллетенінің немесе оған баламалы құжаттың қолданылуына қатысты, өзгерістің әуе кемесінің қолданыстағы үлгі конструкциясымен үйлесімділігі мен өзара әрекеттесуін растайтын жеткілікті техникалық дәлелдемелер бар; және
3) үлгі конструкцияға енгізілген өзгерістерге қатысты ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі ақпарат қолжетімді және тиісті техникалық қызмет көрсету бағдарламасына енгізілген;
4) уәкілетті ұйымға модификацияны және (немесе) жөндеуді орындау туралы құжат ресімделген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей енгізілген өзгеріс туралы хабарланған.
7. Жөндеуді орындау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11722 болып тіркелген) Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына сәйкес уәкілетті ұйыммен сертификатталған немесе танылған техникалық қызмет көрсету ұйымымен не жөндеу әзірлеуші мемлекеттің және (немесе) өндіруші мемлекеттің уәкілетті органы тиісті түрде бекіткен өндірістік ұйыммен, әзірлеуші ұйым ұсынған монтаждау жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады.
8. ӘК үлгі конструкциясын жөндеу барлық қажетті нұсқаулықтар мен шектеулерді қамтиды. Пайдаланушы аталған нұсқаулықтар мен шектеулерді әзірлеуші ұйымнан алады.
5-тарау. Ұшуға жарамдылық сертификаты
1-параграф. Жалпы ережелер
1. Заңның 47-бабының 2-тармағына сәйкес ұшуға жарамдылық сертификаты Мемлекеттік тізілімде тіркелген әуе кемелеріне беріледі.
2. Ұшуға жарамдылық сертификаты уәкілетті ұйыммен әуе кемесінің сәйкес ұшу жарамдылығы нормаларында көзделген конструкциялау талаптарына сәйкестігі негізінде беріледі.
3. Ұшуға жарамдылық сертификаты берілген әуе кемесі осындай сертификаттың талаптарына сәйкес және әуе кемесін ұшу пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген бекітілген пайдалану шектеулері шегінде пайдаланылады.
4. Ұшуға жарамдылық сертификатын беру үшін уәкілетті ұйым өтінімді қарауды, әуе кемесінің конфигурациясын сәйкестендіруді, пайдалану және техникалық құжаттаманы қарауды, сондай-ақ әуе кемесін қарап-тексеруді мына құжаттарға сәйкес жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12073 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына (бұдан әрі – Ұшуға жарамдылығын сертификаттау қағидалары);
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15633 болып тіркелген) бекітілген Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына (бұдан әрі – Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидалары).
5. Үлгі конструкцияға жауапты ұйым (әзірлеуші) әзірлейтін пайдалану, техникалық және өзге де құжаттама әзірлеуші мемлекеттің тілінде және қажет болған жағдайда ағылшын тілінде не үлгілік конструкцияға жауапты ұйым мен пайдаланушы арасындағы келісім бойынша өзге тілде орындалады.
6. Авариялық-құтқару жазбалары, көрсеткіштері, нұсқаулықтары және экипаж мүшелері, жолаушылар мен авариялық-құтқару қызметтері пайдалануға арналған өзге де ақпарат Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде, сондай-ақ ағылшын тілінде орындалады. Қажет болған жағдайда олардың қосымша түрде орыс тілінде және (немесе) пиктограммаларды қолдана отырып орындалуына жол беріледі.
7. Ұшуға жарамдылық сертификатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар уәкілетті ұйыммен Ұшуға жарамдылығын сертификаттау қағидаларына сәйкес енгізіледі.
8. Әуе кемесінің меншік иесі және (немесе) пайдаланушысы ауысқан жағдайда:
1) ӘК-нің Мемлекеттік тізілімде тіркелуі сақталған кезде ұшуға жарамдылық сертификаты өз күшін сақтайды және әуе кемесімен бірге беріледі;
2) әуе кемесі Мемлекеттік тізілімнен шығарылған кезде ұшуға жарамдылық сертификаты күшін жояды (жарамсыз болады).
2-параграф. Ұшуға жарамдылық сертификатын бастапқы алу
9. ӘК-нің ұшуға жарамдылығын бағалау әуе кемесінің бекітілген үлгілік конструкцияға сәйкестігін және ұшуларды орындауға жарамды күйде екенін растайтын құжатталған жазбалар мен деректерді тексеруді қамтиды, оның ішінде:
1) ӘК-нің үлгі сертификаты осы Нормалардың 3-тарауына сәйкес уәкілетті ұйыммен танылған;
2) әуе кемесі Мемлекеттік тізілімде тіркелген;
3) тиісті әуе кемесіне арналған техникалық қызмет көрсету бағдарламасы әзірленген, бекітілген және өзекті;
4) әуе кемесінде орындалған барлық модификациялар және (немесе) жөндеулер сәйкестендірілген, құжатталған және осы Нормалардың 4-тарауының талаптарына сәйкес;
5) әуе кемесіне қатысты қолданылатын барлық ұшу жарамдылығы жөніндегі директивалары осы Нормалардың 2-тарауына сәйкес орындалған және есепке алынған;
6) ӘК-нің типі мен моделіне сәйкес келетін, бекітілген пайдалану шектеулерін, міндетті тақтайшаларды, толықтырулар мен қосымшаларды қамтитын қолданыстағы ұшу пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен жарақталған;
7) техникалық қызмет көрсету бағдарламасында көзделген техникалық қызмет көрсету бойынша барлық жұмыстар, оның ішінде ұшуға жарамдылық шектеулері (ALI), техникалық қызмет көрсетуге қойылатын сертификаттау талаптары (CMR), жоспарлы және арнайы тексерулер орындалған;
8) ӘК-нің , қозғалтқыштардың, әуе винттерінің және пайдалану мерзімі шектеулі компоненттердің (сағаттарда, циклдерде және күнтізбелік уақытта) атқарымы жөніндегі есептік деректер толық, үздіксіз және белгіленген ресурстардың, техникалық қызмет көрсету аралықтарының және қолданылатын ұшуға жарамдылық шектеулерінің сақталғанын растайды;
9) анықталған барлық ақаулар жойылған, не тиісті жағдайларда № 551 бұйрыққа сәйкес белгіленген тәртіппен кейінге қалдырылған;
10) әуе кемесінің массасы және орталықтандыру туралы есебі жабдықтар тізбесімен бірге ӘК-нің ағымдағы конфигурациясына сәйкес келеді;
11) ӘК тарихын және техникалық қызмет көрсету жазбаларын растайтын нөмірлік құжаттаманың болуы;
12) ӘК-нің орнатылған жаңа немесе жөнделген бөлшектер мен компоненттердің шығу тегін растайтын есептік деректердің болуы;
13) орындалған жұмыстардың ұшуға жарамдылығын шектеуге әсерін айқындауға мүмкіндік беретін алдыңғы техникалық қызмет көрсету, жөндеу және модификациялар туралы есептік деректердің болуы және өндіруші көздеген тексерулерден тыс техникалық қызмет көрсету бағдарламасына енгізілетін қосымша тексерулерулердің қажеттілігі;
14) қолданылатын жағдайда ӘК-нің экспорттық ұшуға жарамдылық сертификаты;
15) егер қолданылатын жағдайда ӘК-нің шу бойынша сертификатының және радиоберуші аппаратураны пайдалануға уәкілетті ұйым берген рұқсаттың болуы;
16) егер қолданылатын жағдайда «S Mode» режиміндегі «әуе – жер» деректер беру желісі және борттық жауап бергіштің «SELCAL» сайлау шақыру жүйесі мемлекеттік және тіркеу тану белгілеріне сәйкес қайта бағдарламаланған;
17) қолданылатын жағдайда авариялық жетекті таратқыштар (ELT) қайта бағдарламаланған және тіркеу және тану белгілерінің өзгеруі, пайдаланушының ауысуы ескеріліп, КОСПАС–САРСАТ жүйесінде тіркелген.
10. Бастапқы ұшуға жарамдылық сертификатын беру мақсатында әуе кемесін қарап-тексеру кезінде уәкілетті ұйым әуе кемесінің мынадай талаптарға сәйкестігін тексереді:
1) қолданылатын жағдайда, ӘК-нің тану тақтайшасының болуы, сондай-ақ онда көрсетілген сәйкестендіру деректерінің пайдалану және есепке алу құжаттамасындағы деректерге сәйкестігі;
2) ұшу жарамдылығына әсер етуі мүмкін фюзеляжды, қанатты, қанатын, басқару беттерін, шассиді, қозғалтқыштарды және әуе винттерін қоса алғанда, планер конструкциясының көзге көрінетін зақымдануларының болмауы;
3) үлгі конструкцияға нақты орындалған модификациялар және (немесе) жөндеулердің бекітілген құжаттамаға сәйкестігі, сондай-ақ олардың есепке алынуы және осы Нормалардың 4-тарауының талаптарына сәйкес орындалуы;
4) қозғалтқыштар мен әуе винттерінің сәйкестендіру тану тақтайшаларының болуы және оларда көрсетілген сәйкестендіру деректерінің олардың пайдалану және есепке алу құжаттамасындағы деректерге сәйкестігі;
5) орнатылған компоненттердің сериялық нөмірлерінің ӘК-нің ұшуға жарамдылығын қолдау жөніндегі жазбаларда қамтылған деректерге сәйкестігі;
6) интерьер конфигурациясын, авариялық-құтқару жабдығын, қауіпсіздік жабдығын, міндетті тақтайшалар мен таңбалауды қоса алғанда, әуе кемесінің нақты конфигурациясының бекітілген құжаттамаға сәйкестігі;
7) ӘК-нің нақты жай-күйі мен есепке алу деректерін қарау шеңберінде жүргізілген құжатталған ұшуға жарамдылықты бағалау нәтижелері арасында алшақтықтардың болмауы.
3-параграф. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданылу мерзімін ұзарту
11. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданылу мерзімін ұзарту кезінде уәкілетті ұйым әуе кемесінің ұшуға жарамдылық мәртебесін бағалауды тиісті есепке алу және пайдалану құжаттарымен растай отырып жүзеге асырады, оның ішінде:
1) ӘК-нің, қозғалтқыштардың, әуе винттерінің және қызмет ету мерзімі шектеулі компоненттердің (сағаттарда, циклдерде және күнтізбелік уақытта) атқарымы жөніндегі есептік деректер толық, үздіксіз және белгіленген ресурстардың, техникалық қызмет көрсету аралықтарының және қолданылатын ұшуға жарамдылық шектеулерінің сақталғанын растайды;
2) осы Нормалардың 1-тарауымен регламенттелетін барлық қолданыстағы барлық ұшуға жарамдылық директиваларының сақталуын көрсететін есепке алу деректері;
3) ӘК-нің массасы мен центрлеуі туралы есеп орнатылған жабдықтың тізбесімен бірге ӘК-нің ағымдағы конфигурациясына сәйкес келеді;
4) техникалық қызмет көрсету бағдарламасында көзделген барлық техникалық қызмет көрсету тапсырмалары, оның ішінде ұшуға жарамдылық шектеулері (ALI), техникалық қызмет көрсету жөніндегі сертификаттық талаптар (CMR), жоспарлы және арнайы тексерулер толық көлемде және белгіленген мерзімдерде орындалған;
5) әуе кемесінің үлгі конструкциясына енгізілген кез келген модификациялар және (немесе) жөндеулер осы Нормалардың 4-тарауының талаптарына сәйкес келеді.
Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданылу мерзімін ұзарту мақсатында әуе кемесін қарау осы тараудың 10-тармағына сәйкес жүргізіледі.
6-тарау. Әуе кемесінің шуыл бойынша сертификаты
1. Заңның 38-бабының 1-тармағына сәйкес осы тарау ӘК-нің шуыл бойынша сертификатын беру талаптарын белгілейді.
2. Шуыл бойынша сертификатты беру осы Нормалардың 3-тарауының 4, 5 және 6-тармақтарының талаптарына ӘК-нің сәйкестігін растау мақсатында ұшуға жарамдылықты сертификаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Сәйкестік расталған кезде және ұсынылған дәлелдемелік материалдарды қанағаттанарлық деп таныған жағдайда уәкілетті ұйым шуыл бойынша сертификаттауды растайтын құжатты – әуе кемесінің бортына орналастыруға жататын шуыл бойынша сертификатты береді.
Шуыл бойынша сертификат әуе кемесіне Конвенцияның 16-қосымшасының I томына сәйкес беріледі, бұл ретте әуе кемесі тиісті шуыл стандартының талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.
3. ӘК-нің шуыл бойынша сертификатын алу туралы өтінім ӘК тіркеу кезінде бір рет беріледі. ӘК-нің шуыл сипаттамалары өзгеріп, соның салдарынан шуыл деңгейі немесе шуыл стандарты өзгерген жағдайда, жаңа өтінім беру талап етіледі.
4. Уәкілетті ұйым ӘК-нің бекітілген үлгілік конструкцияға және осы Нормалардың 3-тарауының 6-тармағында көрсетілген шу бойынша қолданылатын талаптарға сәйкестігін келесідей тексереді:
1) осы Нормалардың 3-тарауының 4-тармағында көрсетілген әуе кемесінің сертификаттау базисі шуыл бойынша тиісті талаптарды қамтиды; және
2) шуыл бойынша сертификаттау жөніндегі қосымша құжаттарда Конвенцияның 16-қосымшасының I томының II бөлігінде қолданылатын талаптарға сәйкес айқындалған ақпаратты қамтиды.
5. ӘК-нің меншік иесі немесе пайдаланушысы өзгерген кезде, оның Мемлекеттік тізілімдегі тіркелуі сақталған жағдайда, шуыл бойынша сертификат өзінің қолданылуын сақтайды.
6. Әуе кемесінің шуыл бойынша сертификатының қолданылуы ӘК қолданылатын шуыл бойынша сертификаттау стандарттарына сәйкестігін жоғалтқан жағдайда уәкілетті ұйыммен тоқтатылады немесе күші жойылады.
7. ӘК Мемлекеттік тізілімнен шығарылған жағдайда, шуыл бойынша сертификаттың қолданылуы тоқтатылады.
7-тарау. Әуе кемелерінің компоненттері мен материалдарының жарамдылығы.
1. Осы тараумен осы Нормаларға сәйкес берілген ұшуға жарамдылық сертификаты бар ӘК орнатуға арналған әуе кемесінің компоненттері мен материалдарын қабылдауға қойылатын талаптар белгіленеді.
1-параграф. Орнатуға арналған бөлшектер мен аспаптарды беру
2. Заңның 48-бабының 3-тармағына сәйкес азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүргізу кезінде борттық журналдарды, карточкаларды, жапсырмаларды, пайдалануға рұқсат беру туралы сертификатты немесе өндіруші ұйым не техникалық қызмет көрсету жөніндегі сертификатталған ұйымы берген олардың куәландырылған телнұсқаларын қоса алғанда, тиісті сәйкестендіру құжаттары жоқ материалдарды, жинақтаушы бұйымдар мен қосалқы бөлшектерді пайдалануға тыйым салынады.
3. Әуе кемесінің компонентін пайдалануға рұқсат беру сертификаты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 196 бұйрығымен бекітілген Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12045 болып тіркелген) (бұдан әрі – Авиациялық техниканы техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптары) белгіленген рәсімдерге сәйкес техникалық қызмет көрсету нәтижелері бойынша беріледі.
4. Белгіленген тәртіппен дайындалған не техникалық қызмет көрсетуден өткен әуе кемесінің компоненті оны орнату мен пайдалануға жарамдылығын растайтын, осы тараудың 2-тармағына сәйкес берілген тиісті шығару құжаттарымен қоса беріледі.
2-параграф. Жарамдылық және талаптарға сәйкестік мәртебесі
5. CAC RK Form 1 нысаны немесе оған баламалы құжаттар ӘК компонентінің ұшуға жарамдылық мәртебесін айқындайды.
6. Әуе кемесінің компонентін қабылдайтын немесе орнататын ұйым оның бекітілген деректерге немесе белгіленген стандартқа сәйкестігін, оның ішінде конструкция мен модификацияларға қойылатын талаптарды, өндірушінің бөлшектер каталогын және өзге де бекітілген ақпарат көздерін пайдалана отырып тексереді, сондай-ақ қолданылатын ұшуға жарамдылық жөніндегі директиваларының сақталуын және қызмет ету мерзімі шектеулі бөлшектерге бақылауды қамтамасыз етеді.
3-параграф. Әуе кемесінің компоненттері мен агрегаттары
7. ӘК-нің компоненттері мен материалдарына ӘК, оның қозғалтқышына немесе әуе винтіне орнатылатын, сәйкестендіруге және қадағалануға жататын, үлгі сертификат иесі стандартты бөлшектерге немесе материалдарға жатқызған бөлшектер мен материалдарды қоспағанда, әуе кемесінің, қозғалтқыштың, әуе винтінің не жабдықтың үлгі сертификатының иесі бөлшек нөмірін берген бөлшектер, жабдықтар және материалдар жатады.
8. Бөлшекті стандартты бөлшектерге жатқызу үлгілік конструкцияға жауапты ұйыммен стандартты бөлшектер жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және шығару арқылы, оны әзірлеуші мемлекеттің уәкілетті органы қабылдаған жағдайда, не бөлшектер каталогында тиісті ұлттық немесе халықаралық ерекшеліктеріне сілтеме көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілген ерекшелік авиациялық ерекшелік болып табылмайды, нақты бөлшекке қолданылады және оның бірмәнді сәйкестендірілуін және үлгілік конструкция құрамында пайдалануға жарамдылығын қамтамасыз етеді.
4-параграф. Жаңа компоненттер
9. Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан ұйым дайындаған ӘК компоненті тиісті мемлекеттің уәкілетті органы қабылдаған шығару туралы құжатпен бірге жүреді, ол компонентті дайындаудың белгіленген талаптарға сәйкестігін және оның ӘК орнатуға жарамдылығын растайды.
10. Компоненттің белгіленген тәртіппен дайындалғанын растау ретінде өндіріс сертификаты, дайындаушының сертификаты не тиісті мемлекеттің уәкілетті органы берген немесе таныған өзге де шығару құжаты болып табылады.
11. Шығару құжаты уәкілетті ұйымның талдауына жатады және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияда белгіленген стандарттарға сәйкессіздік анықталған жағдайда қабылданбайды.
12. Әуе кемесіне түпнұсқа жабдық өндірушісі болып табылмайтын (бұдан әрі – OEM) өндірушілер дайындаған бөлшектерді орнату алдында мұндай бөлшектердің мынадай талаптарға сәйкестігі расталуы қамтамасыз етіледі:
1) OEM өндірісінің бөлшектері үшін белгіленген талаптарға баламалы ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігі;
2) мұндай бөлшектердің бекітілген үлгілік конструкцияда не өндірушінің бөлшектер каталогында көрсетілуі немесе әзірлеуші мемлекеттің уәкілетті органының мақұлдауының болуы.
5-параграф. Пайдаланылған компоненттер
13. Сертификатталған авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымы пайдаланатын компоненттер авиациялық техниканы техникалық қызмет көрсету және жөндеу ұйымдарына қойылатын сертификатық талаптарына сәйкес ресімделген САС РК Form 1 нысанымен не баламалы құжатпен қоса жүреді.
14. Авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға қатысқан ӘК-нен алынған компоненттерді САС РК Form 1 нысанымен немесе осы тараудың 3-тармағында көрсетілген баламалы құжатпен, сондай-ақ жұмыстарды орындауға арналған арнайы тапсырмамен қоса ұсыну шартымен әрі қарай пайдалануға жіберіледі.
Жұмыстарды орындауға арналған арнайы тапсырмада авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға мән-жайларын ескере отырып орындалатын қосымша тексерулердің, сынақтардың және өзге де іс-шаралардың тізбесі қамтылады.
Қажет болған жағдайда көрсетілген тапсырманы орындау үшін тиісті компонентті дайындаушы ұсынған ақпарат немесе тексеру және (немесе) жөндеу әдістерін әзірлеген ұйымның ақпараты пайдаланылады. Арнайы тапсырмаға сілтеме САС РК Form 1 нысанының 12-бөлімінде немесе баламалы құжаттың тиісті бөлімінде көрсетіледі.
6-параграф. Материалдар
15. Шығыс материалы авиациялық техниканы техникалық қызмет көрсету, жөндеу немесе өндіру кезінде бір рет қолданылады және қайта пайдалануға жатпайды, оған майлау материалдары, желімдер, компаундтар, лак-бояу материалдары, химиялық заттар мен герметиктер жатады.
Шикізат әуе кемесінің құрамдас бөліктерін кейінгі өңдеу және дайындау үшін пайдаланылады, оған металдар, пластмассалар, ағаш, маталар және өзге де ұқсас материалдар жатады.
16. Шикізат және шығыс материалдары олардың белгіленген ерекшеліктеріне сәйкестігі расталған жағдайда қабылданады. Шығыс материалы және (немесе) оның қаптамасы қолданыстағы ерекшеліктеріне сәйкес таңбаланады және қажет болған жағдайда партия нөмірін қамтиды. Барлық шығыс материалдары нақты материалды бірмәнді сәйкестендіретін және белгіленген ерекшеліктеріне сәйкестігі туралы мәлімдемені, өндіруші мен жеткізуші туралы деректерді көрсете отырып, құжаттамамен қоса жүреді.
Сақтау талаптары, жарамдылық мерзімі және өзге де ерекше шарттар болған жағдайда тиісті ақпарат ілеспе құжаттамада және (немесе) материалдың қаптамасында көрсетіледі. Материалдың қолданылатын серекшеліктері өндірушінің бекітілген құжаттамасында көрсетіледі.
7-параграф. Бекітілмеген компоненттер
17. Осы тараудың 4-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін компоненттер мынадай негіздер бойынша тиісінше пайдалануға қайтарылмаған компоненттерді қоса алғанда, бекітілмеген болып есептеледі:
1) үлгілік конструкциясы үшін жауапты ұйым және өндіруші мемлекет тарапынан мұндай жеткізуге өкілеттік берілмеген қосалқы мердігер тікелей пайдаланушыға жеткізген компоненттер;
2) техникалық қызмет көрсетуден және жөндеуден өткен және оған өкілеттігі жоқ адам немесе ұйым пайдалануға қайтару үшін мақұлданған компоненттер;
3) техникалық қызмет көрсетуі және (немесе) жөндеуі қолданылатын бекітілген құжаттама мен деректер талаптарынан ауытқумен орындалған компоненттер;
4) пайдалану мерзімі шегіне жеткен, оның ішінде қолданылатын жарамдылық мерзімі таусылған компоненттер.
8-параграф. Бекітілмеген компоненттер туралы есеп
18. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын қолдауға жауапты тұлға немесе ұйым анықталған не алынған болжамды бекітілмеген компоненттер туралы барлық мәліметтер жөнінде үлгілік конструкция үшін жауапты ұйымды, әзірлеуші мемлекеттің уәкілетті органын және уәкілетті ұйымды олар анықталған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей есеп жолдау арқылы хабардар етеді.
19. Есеп мынадай ақпаратты қамтиды:
1) компоненттің атауы және оны алу көзі;
2) компоненттің зауыттық (сериялық) нөмірі;
3) компоненттің айрықша белгілері, оның ішінде түсі, таңбалануы, өлшемдері және оны бекітілмеген ретінде сәйкестендіруге және түпнұсқа компоненттен ажыратуға мүмкіндік беретін өзге де сипаттамалары;
4) осы компонентке қатысты ұсынылған ілеспе құжаттама туралы мәліметтер.
20. Күдікті деп танылған компонент барлық ілеспе құжаттамасымен бірге айналымнан дереу алынып, оның түпнұсқалығы мен қабылдануға жарамдылығы анықталғанға дейін не оған қатысты одан әрі қолданылатын шаралар айқындалғанға дейін карантинге орналастырылады.
21. Әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын қолдауға жауапты адам немесе ұйым үлгілік конструкцияға жауапты ұйыммен, әзірлеуші мемлекеттің уәкілетті органымен және уәкілетті ұйыммен олардың ӘК-ге орнатылуын не одан әрі таралуын болғызбау мақсатында бекітілмеген компоненттер туралы деректерді беру және алу кезінде ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
9-параграф. Қалпына келтірілмейтін компоненттерді кәдеге жарату
22. Әуе кемелерінің мынадай санаттағы компоненттері мен материалдары оларды пайдалануға қайта қайтару мүмкіндігін болдырмайтын бақыланатын тәртіппен есептен шығарылуға және кәдеге жаратылуға жатады:
1) көзбен шолып немесе арнайы бақылау құралдарын қолдана отырып анықталғанына қарамастан, ақаулары жөндеуге келмейтін компоненттер;
2) бекітілген үлгілік конструкциямен белгіленген ерекшелік талаптарына сәйкес келмейтін және қолданыстағы талаптарға сәйкес келтіруге жатпайтын компоненттер;
3) одан әрі өңдеу немесе қалпына келтіру нәтижесінде бекітілген жүйе шеңберінде сертификаттауға жарамдылығын қамтамасыз ету мүмкін емес компоненттер мен материалдар;
4) үлгілік конструкцияның жол берілмейтін өзгерістеріне немесе қайтымсыз пысықтауға ұшыраған компоненттер;
5) шектеулі қызмет мерзімі бар және белгіленген ресурсы немесе қызмет ету мерзімі таусылған не асып кеткен, сондай-ақ толық есептік деректері жоқ компоненттер;
6) шамадан тыс жүктемелердің немесе қызудың әсерінен ұшуға жарамды күйге келтіру мүмкін емес компоненттер;
7) ескіру белгілері бар әуе кемелеріне қолданылатын міндетті талаптарды орындау арқылы сәйкестікті растау мүмкін емес, көптеген жұмыс циклдері бар әуе кемесінен алынып таалалған негізгі құрылымдық компонеттер.
23. Жарамсыз компоненттер пайдалануға жарамды компоненттерден бөлінеді және кәдеге жарату кезінде оларды қалпына келтіруді немесе қайта пайдалануды болдырмайтын күйге физикалық деформация не анық және өшірілмейтін таңбалау арқылы келтіріледі.
24. Кәдеге жаратуға арналған және ұшуларды орындаумен байланысты емес заңды мақсаттарда, оның ішінде оқу мақсаттары үшін, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін не авиациядан тыс қолдану үшін берілетін компоненттер физикалық жоюға жатпайды.
Мұндай компоненттерге олардың пайдалануға жарамсыз екендігін көрсететін тұрақты таңбалау қойылады.
Көрсетілген таңбалауды қою мүмкін болмаған жағдайда бастапқы белгіленуі немесе зауыттық сәйкестендіру тақтайшасы алынып тасталады, бұл ретте осындай компоненттерді беру және оларды одан әрі пайдалану бойынша құжатталған есепке алу қамтамасыз етіледі.
8-тарау. Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификаты
1. Заңның 47-бабының 12-тармағына сәйкес Мемлекеттік тізілімнен шығарылуға жататын азаматтық әуе кемесін экспорттау кезінде уәкілетті ұйым ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын береді.
2. Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификаты ұшуды орындау мақсаты үшін жарамды болып табылмайды және ӘК ұшу жарамдылығын соңғы бағалаудың оң нәтижелерін растау ретінде қызмет етеді және импорттаушы мемлекеттің ұшу жарамдылығы талаптарына сәйкестігін растамайды.
3. Экспорттық ұшуға жарамдылық сертификатын беру тиісті түрде ресімделген өтінім болған және уәкілетті ұйым таныған, үлгі сертификат деректерінің картасында көрсетілген бекітілген үлгілік конструкцияға әуе кемесінің сәйкестігі құжат жүзінде расталған жағдайда жүзеге асырылады.
Сәйкестікті растау мыналарды қамтиды:
1) ӘК конфигурациясының үлгілік конструкцияға енгізілген барлық бекітілген өзгерістерге, оның ішінде қосымша үлгі сертификаттар (STC) бойынша өзгерістерге және уәкілетті ұйым қабылдаған өзге де өзгерістерге сәйкестігі;
2) жөндеулердің осы Нормаларға сәйкес бекітілуі және орындалуы;
3) орнатылған компоненттердің, бөлшектердің, жабдықтар мен материалдардың бекітілген жобалық деректерге және орнату рәсімдеріне сәйкестігі;
4) ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта, оның ішінде уақытша өзгерістерді қоса алғанда, барлық өзгерістер мен толықтырулардың болуы;
5) ӘК-нің уәкілетті ұйым белгілеген пайдалануға арналған қосымша ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкестігі;
6) уәкілетті ұйым шығарған немесе міндеттеген барлық қолданылатын ұшуға жарамдылық жөніндегі директиваларының және ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі ақпараттың орындалуы және есепке алынуы.
4. ӘК-нің ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі қолданылатын нұсқауларға (ICA) сәйкестігі құжат жүзінде расталады, оның ішінде:
1) техникалық қызмет көрсету жөніндегі жазбалардың толықтығы, дұрыстығы және сәйкестігі;
2) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасына сәйкестігі;
3) ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі нұсқаулардың болуы, толықтығы және қабылдануға жарамдылығы;
4) үлгі сертификатпен белгіленген техникалық қызмет көрсету бойынша міндетті талаптардың сақталуы, оның ішінде ұшуға жарамдылық шектеулері мен техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі сертификаттау талаптары;
5) міндетті деп танылған модификациялар мен инспекциялардың орындалуы;
6) ресурс шектеулері белгіленген компоненттер мен бөлшектердің белгіленген пайдалану шектеулерінің сақталуы;
7) масса мен орталандыру деректерінің сәйкестігі, оның ішінде қайта өлшеу нәтижелері (қолданылатын жағдайда) және (немесе) масса мен орталандыру өзгерістерін есепке алу жүйесінің қолданылуы;
8) модификациялар мен жөндеулердің жай-күйі туралы мәртебенің болуы;
9) қолданылатын ұшуға жарамдылық жөніндегі директиваларының орындалу мәртебесінің болуы;
10) ресурс шектеулі компоненттер мен бөлшектердің ағымдағы жай-күйі туралы мәртебенің болуы.
5. Экспорттық ұшуға жарамдылық сертификатын беру мақсатында ӘК қарау оны қарауға дайындығы қамтамасыз етілген жағдайда жүргізіледі, оның ішінде конструкция элементтеріне, жүйелер мен жабдыққа қолжетімділік, сондай-ақ қарау жүргізуге қажетті көлемде ӘК мен күш қондырғысын тазалау қамтамасыз етіледі.
Қарау әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының жалпы жай-күйін, есептік деректер мен техникалық құжаттаманың бекітілген үлгілік конструкцияға сәйкестігін, барлық міндетті инспекциялар мен сынақтардың орындалуын, сондай-ақ үлгілік конструкцияның бекітілмеген өзгерістерінің жоқтығын растайды.
Қарау барысында мыналар расталады:
1) ӘК ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жабдықталған;
2) әуе кемесі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін жай-күйде және айқын ақауларының жоқтығы;
3) бекітілген үлгілік конструкцияда және осы Нормаларда көзделген барлық жазбалар, тақтайшалар мен таңбалау бар болуы;
4) жойылмаған зақымданулар қолданылатын бекітілген жөндеу құжаттамасын ескере отырып, жол берілетін шектерде болуы;
5) үлгілік конструкция өзгерістері бекітілген деректерге сәйкес келетіндігі;
6) жөндеулер бекітілген деректерге сәйкес орындалғаны;
7) қолданылатын барлық ұшуға жарамдылық жөніндегі директивалары және ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі міндетті ақпарат орындалған және есепке алынғаны.
6. Экспорттаушы мемлекет пен импорттаушы мемлекет арасында (екіжақты келісім шеңберінде немесе өзге келісілген тәсілмен) экспорттық ұшуға жарамдылығы сертификаты арқылы импорттаушы мемлекеттің талаптарына сәйкестікті растау туралы келісім болған жағдайда, экспорттаушы мемлекеттің талаптарына емес, экспорттаушы мемлекет импорттаушы мемлекет белгілеген арнайы талаптарды нақтылау және есепке алу үшін импорттаушы мемлекетпен өзара іс-қимыл жасайды.
Бұл ретте импорттаушы мемлекеттің орындалмаған талаптары экспорттық ұшуға жарамдылық сертификатында ерекшелік ретінде көрсетіледі не оларды импорттаушы мемлекеттің аталған сертификатты қабылдау шарты ретінде орындау көзделеді.
9-тарау. Арнайы ұшуды орындауға рұқсат
1. Осы тарау арнайы ұшуға рұқсат беру және ұшу шарттарын бекіту үшін талаптарды айқындайды, сондай-ақ өтініш берушілердің, рұқсат иелерінің және арнайы ұшудың бекітілген шарттарының құқықтары мен міндеттерін реттейді.
2. Заңның 47-бабының 8-1-тармағына сәйкес, арнайы ұшуды орындауға рұқсат Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесіне беріледі, Заңның 44-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұшуға жарамдылық сертификаты болмаған немесе оны беру талаптарына сәйкес келмеген кезде, егер пайдаланушы мен уәкілетті ұйымның бағалауы бойынша әуе кемесі белгіленген шарттармен қауіпсіз ұшуды орындауға қабілетті болса және мынадай мақсаттарда:
1) жаңа әуе кемелері шығарылғаннан кейінгі айналып ұшу сынақтары;
2) пайдалану (жөндеу) құжаттамасына сәйкес техникалық қызмет көрсетуден және (немесе) жөндеуден, модификациядан кейінгі ұшу сынақтары немесе техникалық сипаттамаларды растау мақсатында айналып ұшу;
3) әуе кемесін жеткізу, жақындап келе жатқан қауіпті аймақтан эвакуациялау не форс-мажорлық мән-жайлар жағдайында немесе экспорттау;
4) қолданылатын ұшуға жарамдылық талаптарына немесе сертификаттау ерекшеліктеріне сәйкестігін көрсету мақсатында тапсырыс берушінің немесе уәкілетті ұйымының бағалауы үшін әуе кемесінің ұшуы;
5) көрмелер мен авиашоу;
6) әуе кемесінің техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді орындау орнына немесе сақтау орнына ұшып баруы;
7) қону үшін тиісті жағдайы немесе тиісті отын мөлшері жоқ аймақтарда су үстімен немесе жер үстімен қауіпсіз ұшу қашықтығының шегінен тыс ұшулар үшін әуе кемесінің сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасымен ұшуы;
8) рекордтарға қол жеткізу, авиациялық жарыстарға және соған ұқсас жарыстарға қатысу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұшуға жарамдылық сертификаты немесе соған ұқсас басқа да құжат талап етілмейтін, Қазақстан Республикасының аумағындағы әуе кемелерінің немесе әуе кемелері типтерінің қызметі.
3. Уәкілетті ұйым арнайы ұшуды орындау үшін мынадай шарттарды белгілейді:
1) әуе кемесінің конфигурациясы;
2) әуе кемесін қауіпсіз пайдалануға қажетті кез келген шарттар немесе шектеулер, оның ішінде:
ұшуды орындау үшін талап етілетін маршрут(тар)ға және (немесе) әуе кеңістігіне қатысты қойылатын шарттар немесе шектеулер;
әуе кемесін басқару кезінде ұшу экипажына жүктелетін шарттар немесе шектеулер;
ұшу экипажының мүшелері болып табылмайтын адамдарды тасымалдауға қойылатын шектеулер;
сақталуы міндетті пайдалану шектеулері, арнайы рәсімдер немесе техникалық шарттар;
нақты ұшу сынақтарының бағдарламасы (қажет болған жағдайда);
ұшуға жарамдылықты қолдау шаралары, оның ішінде техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулар және оларды орындау режимі;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген шарттар мен шектеулер жағдайында әуе кемесінің қауіпсіз ұшуды орындау қабілетін негіздеу;
4) белгіленген шарттарды сақтау үшін әуе кемесінің конфигурациясын басқару әдісі.
4. ӘК үлгілік конструкциясының қауіпсіздігіне байланысты арнайы ұшу шарттарын уәкілетті ұйым әзірлеуші мемлекеттен немесе әзірлеуші ұйымнан осы ұйым бекіткен ақпарат негізінде мынадай жағдайларда белгілейді:
1) ӘК бекітілген конструкцияға сәйкес келмейді;
2) ӘК ұшу жарамдылығын шектеуге, техникалық қызмет көрсету бойынша сертификаттау талабына немесе ұшу жарамдылығы жөніндегі директиваға сәйкес келмейді;
3) болжамды ұшу(лар) ұшу пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес бекітілген диапазоннан тыс шығады.
5. Арнайы ұшуды орындауға арналған рұқсатта (ұшуға жарамдылығының арнайы сертификаты) уәкілетті ұйым мақсатты (мақсаттарды), сондай-ақ бекітілген шарттар мен шектеулерді көрсетеді.
6. Арнайы ұшуды орындауға рұқсаттың мазмұнына әсер ететін өзгеріс арнайы ұшуға жаңа рұқсат беруді талап етеді.
10-тарау. Авиациялық техниканың сәйкестендіру деректері
Авиациялық техниканың сәйкестендіру деректері оның жеке сәйкестендірілуін белгілеудің және бекітілген үлгілік конструкцияға (type design) тиесілігін растаудың міндетті құралы болып табылады.
2. Сәйкестендіру деректері авиациялық техникаға қалыпты пайдалану кезінде зақымданудан, жоғалудан немесе ажырап қалудан қорғалған, қолжетімді жерде орналастырылады.
3. Сәйкестендіру деректері бұйымның өзіне тікелей тұрақты ойып жазу, гравировка жасау немесе таңбалау әдісімен не оған берік бекітілген тақтайшаға түсіріледі.
4. Осы тараудың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, уәкілетті ұйымның жазбаша рұқсатынсыз:
1) авиациялық техниканың сәйкестендіру деректерін, оның ішінде олар жоғалған, ұрланған немесе зақымданған жағдайда алып тастауға немесе ауыстыруға;
2) бұрын басқа авиациялық техникада орнатылған сәйкестендіру деректері бар тақтайшаны орнатуға;
3) авиациялық техниканың сәйкестендіру деректерінде қамтылған мәліметтерге өзгерістер енгізуге тыйым салынады.
Рұқсат алу үшін уәкілетті ұйымға авиациялық техниканың сәйкестігін және бекітілген үлгілік конструкцияға сәйкестігін растайтын құжаттар қоса берілген жазбаша өтініш ұсынылады. Алып тастау, ауыстыру немесе өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыстар әуе кемесінің келесі ұшуына дейін аяқталуы тиіс.
5. Сәйкестендіру деректерін рұқсатсыз алып тастауға авиациялық техникада өндірушінің пайдалану техникалық немесе жөндеу құжаттамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес техникалық қызмет көрсету, жөндеу немесе модификациялау мақсатында ғана жол беріледі. Жұмыстар аяқталғаннан кейін сәйкестендіру деректері әуе кемесін пайдалануды бастағанға дейін дереу штаттық орнына қайтарылуға тиіс.
6. Авиациялық қозғалтқыштардың, қозғалтқыш модульдерінің, бекітілген қадамды әуе винттерінің, қалақтардың және күпшектердің сәйкестендіру деректері мыналарды қамтиды:
1) дайындаушының атауы (заңды атауы);
2) үлгі сертификатқа (Type Certificate) сәйкес модельдің белгіленуі;
3) үлгі сертификаттың нөмірі;
4) сериялық нөмірі;
5) қозғалтқыш үшін дайындаушы белгілеген номиналдық қуаты немесе тарту күші.
7. Ресурстық шектеуі белгіленген компоненттердің (life-limited components) сәйкестендіру деректері бөлшек нөмірін (P/N) және сериялық нөмірін (S/N) қамтиды.
8. Аспаптар мен бөлшектердің сәйкестендіру деректері дайындаушының атауын немесе тауар белгісін, дайындаушының мақұлдау нөмірін және бөлшек нөмірін қамтиды. Қосымша түрде мекенжайы, дайындалған күні және стандарт нөмірі көрсетіледі.
9. Таңбалау салу мүмкін емес шағын өлшемді бұйымдар үшін деректер олардың қаптамасында немесе сәйкестік сертификатында көрсетіледі.»;
қолданыстағы 2-тарау мынадай мазмұндағы 11-тарау болып қайта аталсын:
«11-тарау. Қазақстан Республикасында белгіленген ұшуға жарамдылығы нормалары»;
11-тарауда:
мынадай мазмұндағы 1-бөліммен толықтырылсын:
«1-бөлім. Жалпы талаптар»;
мынадай мазмұндағы 1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«1. Ұшуға жарамдылығы нормалары Қазақстан Республикасында дайындалған әуе кемелерін, олардың компоненттерін, жүйелері мен жабдықтарын қоса алғанда, азаматтық әуе кемелерінің конструкциясының, дайындалуының, пайдаланылуының және техникалық қызмет көрсетуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.
2. Планерді, күштік қондырғыны, басқару элементтерін, жүйелер мен жабдықты қоса алғанда, азаматтық әуе кемесінің конструкциясы белгіленген жағдайларда пайдалану кезінде беріктік, орнықтылық, басқарушылық және сенімділік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
3. Азаматтық әуе кемесі, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, тіркелген өзгерістер мен бекітілген модификацияларды ескере отырып, бекітілген үлгілік конструкция шегінде пайдаланылады.
4. Әуе кемесінің конструкциясы ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін сипаттамаларды нашарлатпай, температураның өзгеруін, атмосфералық қысымды, жауын-шашынды, жел жүктемесін және турбуленттілікті қоса алғанда, сыртқы орта факторларының әсеріне тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
5. Жүйелер мен жабдықтар мәлімделген режимде жұмыс істейді, мақсатына сәйкес келеді, қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді және ұшу экипажына, жолаушыларға және үшінші тұлғаларға қауіп төндірмейді.
6. Әуе кемесі конструкциясының ақаулыққа төзімділігі негізгі жүйелердің тәуелсіздігін, оларды резервтеуді, ақаулардың таралуынан қорғауды, сондай-ақ ақаулар туындаған кезде ұшуды қауіпсіз аяқтау мүмкіндігін көздейтін техникалық шешімдер есебінен қамтамасыз етіледі.
3-тараудың атауы мынадай мазмұндағы 2-бөлім болып өзгертілсін:
«2-бөлім. ӘК ұшуын пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қойылатын талаптар»;
11-тараудың 28-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты ұсыну қамтамасыз етіледі. Нұсқаулықта анық және нақты көрсетілген
ол қандай нақты бір ӘК немесе ӘК сериясына жатады және қамтиды:
1) пайдалану шектеулері: жүктемелерді шектеу, әуе жылдамдығының шектеулері, күштік қондырғы үшін белгіленетін шектеулер, жабдықтар мен жүйелер үшін белгіленетін шектеулер, ӘК қауіпсіз пайдалану үшін әртүрлі шектеулер, ұшу экипажы үшін белгіленетін шектеулер, жүйе немесе қозғалтқыш істен шыққаннан кейін ұшу уақытын шектеу;
2) пайдалану ақпараты мен рәсімдері: ұшудың рұқсат етілген түрлері, жүктеме туралы деректер, пайдалану қағидалары, пилотаждық сипаттамалар туралы мәліметтер, бомбаны орналастырудың ең аз қауіпті орны;
3) ұшу-техникалық сипаттамалары туралы ақпарат;
4) жер үсті персоналына ақпарат беру мақсатында таңбалау және түсіндірме жазбалар немесе нұсқаулықтар.»;
4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-тараулардың атаулары мынадай мазмұндағы 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-бөлімдер болып өзгертілсін:
«3-бөлім. Әуе кемесінің ұшу ерекшеліктері
4-бөлім. Әуе кеменің конструкциясына жүктеулері
5-бөлім. ӘК конструкциясы
6-бөлім. ӘК жүйесі
7-бөлім. Шасси
8-бөлім. ӘК-де оттегіні пайдалану
9-бөлім. Авариялық құтқару құрылғылары және авариялық шығулар»;
11-тарау мынадай мазмұндағы 467-1-тармақпен толықтырылсын:
«467-1. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап максималды сертификатталған ұшу-көтерілу массасы 27 000 килограмнан асатын, жеке ұшу жарамдылығы сертификаты алғаш рет 2024 жылғы 1 қаңтарда немесе осы күннен кейін берілген әуе кемелері авариялық жағдай (апат) туындаған кезде пайдаланушыға олардың орналасқан жерін айқындауға мүмкіндік беретін ақпаратты кемінде минутына бір рет автоматты (автономды) режимде беруді қамтамасыз ететін құралдармен жабдықталады.»;
11-тараудың 523-тармағы алып тасталсын;
11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-тараулардың атаулары мынадай мазмұндағы 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-бөлімдер болып өзгертілсін:
«10-бөлім. Қозғалтқыш
11-бөлім. Газотурбиналық қозғалтқыш
12-бөлім. Әуе винті
13-бөлім. ӘК қорғау жүйесі
14-бөлім. Қосымша қуатты қондырғылар
15-бөлім. Құрылғылар мен компоненттер
16-бөлім. Электрикалық жүйелер
17-бөлім. Навигациялық жабдық
18-бөлім. Радионавигациялық жабдық
19-бөлім. Отын және май жүйесі»;
мынадай мазмұндағы 12-тараумен толықтырылсын:
«12-тарау. Шет мемлекеттер белгілеген және Қазақстан Республикасында қабылданған ұшу жарамдылығы нормалары
1. Осы тарауда шет мемлекеттер белгілеген және Қазақстан Республикасында қабылданған ұшу жарамдылығы нормалары көзделеді.
2. Америка Құрама Штаттарының Федералдық авиациялық әкімшілігінің нормативтік актілерінде белгіленген және Қазақстан Республикасында қабылданған ұшу жарамдылығы нормалары:
1) 23-бөлім – Ұшу жарамдылығы нормалары: қалыпты санаттағы ұшақтар
2) 25-бөлім – Ұшу жарамдылығы нормалары: көліктік санаттағы ұшақтар
3) 27-бөлім – Ұшу жарамдылығы нормалары: қалыпты санаттағы винтокрылды аппараттар
4) 29-бөлім – Ұшу жарамдылығы нормалары: көліктік санаттағы винтокрылды аппараттар
5) 31-бөлім – Ұшу жарамдылығы нормалары: басқарылатын еркін аэростаттар
6) 33-бөлім – Ұшу жарамдылығы нормалары: авиациялық қозғалтқыштар
7) 34-бөлім – Турбиналық қозғалтқыштармен жабдықталған ұшақтар үшін отынның желдету арқылы шығарылуына және эмиссияға қойылатын талаптар
8) 35-бөлім – Ұшу жарамдылығы нормалары: әуе винттері
9) 36-бөлім – Шу бойынша нормалар.
3. Еуропалық Одақтың нормативтік актілерінде, соның ішінде EASA сертификаттау ерекшеліктерінде белгіленген және Қазақстан Республикасында қабылданған ұшу жарамдылығы нормалары:
1) CS-22 – Планерлер және мотопланерлер
2) CS-23 – Қалыпты, көп мақсатты, акробатикалық және жергілікті санаттағы ұшақтар
3) CS-25 – Үлкен ұшақтар
4) CS-27 – Кіші винтокрылды аппараттар
5) CS-29 – Үлкен винтокрылды аппараттар
6) CS-31 EB – Газды аэростаттар
7) CS-31 HB – Жылулық (ыстық ауа) аэростаттар
8) CS-31 TGB – Байлаулы газды аэростаттар
9) CS-34 (авиациялық қозғалтқыштардың эмиссиясы)
10) CS-36 (авиациялық шу)
11) CS-E – Қозғалтқыштар
12) CS-LSA – Жеңіл спорттық ұшақтар
13) CS-P – Әуе винттері
14) CS-VLA – Өте жеңіл ұшақтар
15) CS-VLR – Өте жеңіл винтокрылды аппараттар.
4. Канаданың авиациялық қағидаларында белгіленген және Қазақстан Республикасында қабылданған ұшу жарамдылығы нормалары:
1) 516-тарау – Әуе кемелерінің эмиссиясы
2) 522-бөлім – Планерлер және моторлы планерлер
3) 523-бөлім – Өте жеңіл ұшақтар (VLA)
4) 523-бөлім – Қалыпты санаттағы ұшақтар
5) 525-бөлім – Көлік санатындағы ұшақтар
6) 527-бөлім – Қалыпты санаттағы винтокрылды әуе кемелері
7) 529-бөлім – Көлік санатындағы винтокрылды әуе кемелері
8) 531-бөлім – Пилот басқаратын еркін аэростаттар
9) 533-бөлім – Авиациялық қозғалтқыштар
10) 535-бөлім – Әуе винттері
11) 537-бөлім – Аспаптар мен бөлшектер
12) 541-бөлім – Дирижабльдер
13) 549-бөлім – Әуесқойлық тәсілмен жасалған әуе кемелері.
5. Бразилияның авиациялық қағидаларында белгіленген және Қазақстан Республикасында қабылданған ұшу жарамдылығы нормалары:
1) RBAC 23. Ұшу жарамдылығы талаптары: Қалыпты санаттағы ұшақтар
2) RBAC 25. Ұшу жарамдылығы талаптары: Көлік санатындағы ұшақтар
3) RBAC 27. Ұшу жарамдылығы талаптары: Қалыпты санаттағы винтокрылды әуе кемелері
4) RBAC 29. Ұшу жарамдылығы талаптары: Көлік санатындағы винтокрылды әуе кемелері
5) RBAC 31. Ұшу жарамдылығы талаптары: Пилот басқаратын еркін аэростаттар
6) RBAC 33. Ұшу жарамдылығы талаптары: Авиациялық қозғалтқыштар
7) RBAC 34 Әуе кемелерінің отынды төгуіне және қозғалтқыштарының эмиссиясына қойылатын талаптар
8) RBAC 35. Ұшу жарамдылығы талаптары: Әуе винттері
9) RBAC 36 Әуе кемелерінің шуына қойылатын талаптар.
6. Ресей Федерациясының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген және Қазақстан Республикасында қабылданған ұшу жарамдылығы нормалары:
1) Авиациялық қағидалар. 23-бөлім. Азаматтық жеңіл әуе кемелеріне арналған ұшу жарамдылығы нормалары (Ресей Федерациясы)
2) Авиациялық қағидалар. 25-бөлім. Көлік санатындағы әуе кемелеріне арналған ұшу жарамдылығы нормалары (Ресей Федерациясы)
3) Авиациялық қағидалар. 27-бөлім. Қалыпты санаттағы винтокрылды әуе кемелеріне арналған ұшу жарамдылығы нормалары (Ресей Федерациясы)
4) Авиациялық қағидалар. 29-бөлім. Көлік санатындағы винтокрылды әуе кемелерінің ұшу жарамдылығына қойылатын талаптар (Ресей Федерациясы)
5) Авиациялық қағидалар. 31-бөлім. Пилот басқаратын еркін аэростаттардың ұшу жарамдылығына қойылатын талаптар (Ресей Федерациясы)
6) Авиациялық қағидалар. OLS-бөлім. Аса жеңіл әуе кемелерінің ұшу жарамдылығына қойылатын талаптар (Ресей Федерациясы)
7) Авиациялық қағидалар. 33-бөлім. Авиациялық қозғалтқыштардың ұшу жарамдылығына қойылатын талаптар (Ресей Федерациясы)
8) Авиациялық қағидалар. VD-бөлім. Әуе кемелерінің қосалқы қозғалтқыштарының ұшу жарамдылығына қойылатын талаптар (Ресей Федерациясы)
9) Авиациялық қағидалар. 34-бөлім. Қоршаған ортаны қорғау. Авиациялық қозғалтқыштардың ластаушы заттар шығарындылары. Нормалар және сынақтар (Ресей Федерациясы)
10) Авиациялық қағидалар. 35-бөлім. Әуе кемелерінің әуе винттерінің ұшу жарамдылығына қойылатын талаптар (Ресей Федерациясы)
11)Авиациялық қағидалар. 36-бөлім. Әуе кемелерін жердегі шуыл бойынша сертификаттау (Ресей Федерациясы).
7. Украинаның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген ұшуға жарамдылық нормалары Қазақстан Республикасында қабылданады.
21-тарау мынадай мазмұндағы 13-тарау болып өзгертілсін:
«13-тарау. Ұшуға жарамдылық нормалары және пилотсыз авиациялық жүйелерге қойылатын ең төменгі ұшу-техникалық талаптар
1. Осы тарау пилотсыз авиациялық жүйенің құрамындағы пилотсыз әуе кемесіне және оның құрамдас бөліктеріне қолданылады, пилотсыз авиациялық жүйенің сәйкестік сертификатын беру үшін 750 кг дейін барынша жоғары ұшу массасы бар пилотсыз әуе кемесі бар пилотсыз авиациялық жүйелерге қойылатын ең төменгі ұшу-техникалық талаптары және пилотсыз авиациялық жүйенің ұшуға жарамдылық сертификатын беру үшін қажетті ұшуға жарамдылық нормаларын айқындайды.
2. Сәйкестік сертификатын беру үшін талап етілетін ең жоғары ұшу салмағы 750 кг дейінгі пилотсыз әуе кемесі бар пилотсыз авиациялық жүйелерге қойылатын ең төменгі ұшу-техникалық талаптары осы ұшуға жарамдылық нормаларына 1-қосымшада айқындалған.
3. Ең жоғары ұшу салмағы 750 кг болатын пилотсыз әуе кемесі бар пилотсыз авиациялық жүйелердің ұшуға жарамдылық нормалары осы ұшуға жарамдылық нормаларына 2-қосымшада айқындалған.»;
мынадай мазмұндағы 14-тараумен толықтырылсын:
«14-тарау. Азаматтық әуе кемесінің данасына қойылатын ұшу жарамдылығы талаптары
1. Осы тарау Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын, ең жоғары ұшу салмағы 3175 кг-нан аспайтын, бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ азаматтық әуе кемесінің даналарына (бұдан әрі – АӘКД) қолданылады.
2. Осы талаптар осы Нормалар қолданысқа енгізілген күнге дейін берілген және АӘКД азаматтық авиацияда ұшуға жіберуге рұқсат ететін құжаттардың күшін жоймайды.
1-параграф. АӘКД (аэростат болып табылмайтын АӘКД қоспағанда) қойылатын жалпы техникалық талаптар
3. Осы талаптар АӘКД көтергіш беттерінің түріне (қатты немесе икемді) қарамастан, сондай-ақ басқару тәсіліне – дәстүрлі рульдік беттерді немесе баламалы әдістерді пайдалануына қарамастан қолданылады.
4. АӘКД үшін тек акробатикалық емес ұшуларға жол беріледі, олар мыналарды қамтиды:
1) қалыпты ұшуды орындау үшін қажетті маневрлер;
2) тоқырау;
3) еңкею бұрышы 60 градустан аспайтын тік бұрылыстар.
5. Осы талаптарға АӘКД-ге олардың конструкциясының ерекшеліктерін ескере отырып қолданылатын арнайы талаптар енгізілген, мынадай сипаттамалар сақталған жағдайда:
1) ең жоғары ұшу салмағы – 3175 кг;
2) ұшу-қону және ұшып көтерілу қашықтығы – 300 метрден аспайды;
3) тоқырау жылдамдығы – 113 км/сағ аспайды.
6. АӘКД қауіпсіз пайдаланылуы қамтамасыз етілетін салмақ пен орталықтандыру шектерін белгіленеді.
7. АӘКД келесі ұшу режимдерінде басқарылуын және маневрлік қабілетін сақтауы тиіс:
1) ең жоғары ұшу қуатында ұшып көтерілу;
2) биіктікке көтерілу;
3) көлденең ұшу;
4) төмендеу;
5) қозғалтқышы істемейтін (сөндірілген) жағдайда қону;
6) қозғалтқыштың кенеттен істен шығуы кезіндегі ұшу.
8. Ұшу сипаттамаларына қойылатын талаптарға сәйкестік Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларында белгіленген көлемде АӘКД сынақтарын жүргізу арқылы не күтілетін пайдалану жағдайларында және белгіленген шектеулер шегінде жүргізілген сынақтардың нәтижелеріне негізделген талдаулар мен есептеулер арқылы расталады.
9. Беріктікке қойылатын талаптар пайдалану жүктемелерінің (пайдалану жағдайларында мүмкін болатын ең жоғары жүктемелер) және есептік жүктемелердің негізінде айқындалады, есептік жүктемелер – пайдалану жүктемелерін белгіленген беріктік қор коэффициенттеріне көбейту арқылы анықталады.
10. Арнайы нұсқаулар болмаған жағдайда, ұшу кезінде немесе жерде туындайтын жүктемелер АӘКД-нің барлық бөліктерінің инерциялық күштерімен теңгеріледі. Мұндай жүктемелерді бөлу қор коэффициентін қолдана отырып жуық есептеулер түрінде не нақты пайдалану жағдайларын көрсететін мәндер түрінде қабылдануы мүмкін.
11. АӘКД конструкциясы пайдалану жүктемелерін қауіпті қалдық деформацияларсыз қабылдауды қамтамасыз етуі тиіс. Пайдалану жүктемелері шегінде туындайтын деформациялар ұшу қауіпсіздігіне, атап айтқанда басқару жүйесінің жұмысына әсер етпеуі тиіс.
12. Конструкция есептік жүктемелерді кемінде үш секунд бойы бұзылусыз көтеруді қамтамасыз етеді.
13. Қауіпсіздік үшін шешуші мәнге ие конструкция элементтерінің беріктігін есептеу арқылы дәл бағалау мүмкін болмаған жағдайда, тиісті беріктік қор коэффициенттерін, пайдалану әдістері мен күтілетін пайдалану жағдайларына негізделген шектеулерді қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
14. Қолданылатын өндірістік технология конструкцияның сенімділігін, дайындалу сапасын және нақты пайдалану жағдайларында оның беріктік сипаттамаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
15. Конструкция тексеру мен қарауды (конструкция элементтері мен басқару жүйесін қоса алғанда), сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуге, реттеуге, майлауға және күтімге жататын құрамдас бөліктерді егжей-тегжейлі зерттеуді, жөндеуді және ауыстыруды, олардың дұрыс орнатылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізу мүмкіндігін көздеуі тиіс.
16. Басқарылатын беттерді орнату олардың бір-бірімен немесе бекітпелерімен жанасу ықтималдығын болдырмайтындай етіп орындалуы тиіс.
17. Басқарылатын беттердің барлық басқару жүйелері тұрақты жұмыс істеп, қажетті бірқалыптылық пен жеңілдікті қамтамасыз етеді.
18. АӘКД конструкциясы аласа шөп жамылғысы бар бетке қауіпсіз қонуды қамтамасыз ету мүмкіндігін көздейді.
19. Кабина және онда орнатылған жабдық ұшқышқа шамадан тыс назар аударусыз және шаршамай міндеттерді орындауға мүмкіндік беруі керек.
20. Әрбір күш қондырғысы мынадай түрде дайындалады, жиналады және орнатылады:
1) қауіпсіз пайдалану қамтамасыз етілетіндей;
2) қажетті тексерулерді, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеу жұмыстарын орындау үшін жеткілікті қолжетімділікті қамтамасыз етілетіндей.
21. Әзірлеуші және (немесе) дайындаушы тарапынан қозғалтқыштың, шығару жүйесінің және әуе винтінің әрбір комбинациясы күтілетін пайдалану жағдайларында және белгіленген шектеулер шегінде сенімді әрі қанағаттанарлық жұмыс істейтіндігі расталады.
22. Қозғалтқышта үлгі сертификаты болмаған жағдайда, оны сертификаттау Сертификаттау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес АӘКД құрамында жүзеге асырылады.
23. Жабдықтың әрбір түрі мынадай түрде дайындалады, жиналады және орнатылады:
1) ұшу кезінде және жерде АӘКД үшін тән сыртқы әсерлер жағдайларында, оның ішінде ықтимал істен шығу жағдайларында қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететіндей;
2) тексерулер мен техникалық қызмет көрсетуді жүргізу үшін қолжетімділікті қамтамасыз ететіндей.
24. Күтілетін пайдалану жағдайлары мен пайдалану шектеулері белгіленеді, оның ішінде: әуе жылдамдығының шекті мәндері, маневрлік жылдамдық, шығарылған қақпақшалармен және шассимен ұшу жылдамдығы, ең жоғары ұшу салмағы, орталықтандырудың шекті мәндері, бос әуе кемесінің массасы, сондай-ақ қауіпсіз пайдалануға қажетті өзге де параметрлер мен мәліметтер.
25. Әуе винттерінде пайдаланылған материалдардың жарамдылығы мен ұзақ мерзімділігі:
1) тәжірибелік жолмен негізделеді немесе сынақ нәтижелерімен расталады;
2) есептік деректерде ескерілетін беріктік пен өзге де сипаттамаларды қамтамасыз ететін техникалық сипаттамаларға сәйкес келеді.
26. Әуе винтінің есебі мен конструкциясы жөндеуаралық кезеңде қауіпті жағдайдың туындау ықтималдығын барынша азайтуды қамтамасыз етеді.
27. Әуе винтіне үлгі сертификаты болмаған жағдайда, оны сертификаттау Сертификаттау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес АӘКД құрамында жүзеге асырылады.
28. Конструкцияның осы ерекшеліктері сынақ бағдарламасын қалыптастыру және сәйкестікті растау кезінде ескеріледі.
29. АӘКД Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6649 болып тіркелген) Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережелеріне (бұдан әрі – Белгілерді салу қағидалары) сәйкес мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері және қосымша белгілер салынады.
2-параграф. АӘКД аэростатқа қойылатын жалпы техникалық талаптар
30. АӘКД аэростатқа арналған осы техникалық талаптар аэростаттың даналарына қойылатын ең төменгі ұшу жарамдылығы талаптарын белгілейді және қабық көлемі 3500 м³-тан аспайтын, жүктемесіз аэростат массасы 450 килограмнан аспайтын АӘКД аэростаттарға, сондай-ақ қабық көлемі 4000 м³-тан аспайтын дирижабльдерге (қатаң емес, статикалық тепе-теңдікке жуық) қолданылады.
31. Ұшу сипаттамалары ұсынылатын АӘКД аэростатта массалардың ауытқуларын (оның ішінде массаның «секірмелі» өзгерістерін), пайдалы жүктеме массасын және бос АӘКД аэростат массасын ескере отырып мынадай тәсілдермен расталады және қамтамасыз етіледі:
1) АӘКД аэростатты сынау жүргізу арқылы;
2) күтілетін пайдалану жағдайларында (бұдан әрі – КПЖ) және белгіленген шектеулер шегінде жүргізілген сынақтардың нәтижелеріне негізделген талдау және есептеулер арқылы.
32. Толық жүктеме кезінде (±5 % рұқсатпен) АӘКД аэростат барлық мәлімделген КПЖ жағдайларында көтерілу басталғаннан кейін бірінші минут ішінде кемінде 92 метр биіктікке көтерілуі тиіс.
33. АӘКД аэростаттың Ұшу пайдалану жөніндегі нұсқаулығында ерекше жағдайлардағы іс-қимыл тәртібі айқындалады, оның ішінде қыздырғыштың, отын беру жүйесінің, отын мөлшерін өлшеу жүйесінің, парашюттік клапан жүйесінің істен шығуы, қабықтың күйіп кетуі және өзге де ұқсас жағдайлар салдарынан басқарылмайтын төмендеу жағдайлары.
34. АӘКД аэростат көтерілу, биіктікке шығу, төмендеу және қону кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқарылу және маневрлік қасиеттерге ие болуы тиіс, сондай-ақ ерекше ұшқыштық дағдыларды талап етпеуі тиіс.
35. АӘКД аэростат биіктікке көтерілу және төмендеу жылдамдығын нөлден ең жоғары мәнге дейін бірқалыпты өзгерту мүмкіндігіне ие.
36. Әрбір АӘКД аэростат үшін көтерілу мен төмендеудің шекті жылдамдықтары белгіленеді.
37. Беріктікке қойылатын талаптар пайдалану жүктемелерінің (пайдалану барысында мүмкін болатын ең жоғары жүктемелер) және пайдалану жүктемелерін белгіленген беріктік қоры коэффициенттеріне көбейту арқылы алынатын есептік жүктемелердің негізінде айқындалады.
38. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мәні бар әрбір бөлшектің немесе конструкция бөлігінің жарамдылығы есептік әдістермен немесе сынақтармен расталады.
39. Орнатылған жабдықтың әрбір түрі мынадай түрде дайындалады, жиналады және орнатылады:
1) ұшу кезінде және жерде пайдалану процесінде туындайтын сыртқы әсерлер жағдайларында (оның ішінде ықтимал істен шығу жағдайында) қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететіндей;
2) тексерулер мен техникалық қызмет көрсету жүргізу үшін қолжетімділікті қамтамасыз ететіндей.
40. Қауіпсіз пайдалануға қажетті пайдалану шектеулері мен ақпаратты әзірлеуші және (немесе) дайындаушы белгілейді, оның ішінде:
1) күтілетін пайдалану жағдайлары;
2) пайдалану шектеулері, соның ішінде ең жоғары масса, бос АӘКД аэростат массасы, пайдалы жүктеме массасы;
3) қалыпты және ерекше жағдайлардағы операциялар реттілігі, сондай-ақ көтерілу жылдамдығы;
4) көтерілу және (немесе) төмендеу кезіндегі рұқсат етілетін шекті тік жылдамдық;
5) аэростаттың пайдалану сипаттамаларының ерекшеліктерін көрсететін қажетті конфигурация;
6) жұмыс істемейтін жағдайда толтырылған газ баллондарын сақтау мен тасымалдауға қойылатын шектеулер;
7) толтырылған газ баллонының пайдалану, тасымалдау және сақтау процесіндегі кеңістіктік бағдарлануына қатысты нұсқаулар.
Көрсетілген ақпарат ұшқыштың назарына АӘКД аэростаттың Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулығы түрінде не АӘКД аэростат бортында ұшқышқа анық көрінетін плакат түрінде жеткізіледі.
41. Дирижабльдерге осы тараудың 1-параграфында баяндалған ұшу жарамдылығы талаптары, күш қондырғысы, басқару жүйесі, кабина конструкциясы және борттық жабдық бөлігінде қосымша қолданылады.
42. АӘКД аэростатқа мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері және қосымша белгілерді Белгілерді салу ережелерінің талаптарына сәйкес салынады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 ­3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

Қолданыстағы