Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 4-1/167 «Об утверждении Правил субсидирования стоимости затрат на экспертизу качества хлопка-сырца и хлопка-волокна»

Бұйрық · № 462 · қабылданған 03.11.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-4-1167-ekb-108115/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 4-1/167 «Об утверждении Правил субсидирования стоимости затрат на экспертизу качества хлопка-сырца и хлопка-волокна» Күшін жойған Бұйрық ·№ 462 ·03.11.2016
31.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 4-1/167 «Об утверждении Правил субсидирования стоимости затрат на экспертизу качества хлопка-сырца и хлопка-волокна»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 462 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 4-1/167 «Об утверждении Правил субсидирования стоимости затрат на экспертизу качества хлопка-сырца и хлопка-волокна»
Атауы (қаз.)
«Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
462
Қабылданған күні
03.11.2016
Көрсетілген редакция
31.01.2020 108115_443242.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014508
ЭКБ идентификаторы
108115
Редакция идентификаторы
108115_443242
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:22

0 «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11176 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларында:
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«6. Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құны шығындар есептемелерін қоса бере отырып, екі данада облыс әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қарауына ұсынылады.
Министрліктің шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын қарау мерзімі хат түскен күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
Оң нәтиже болған жағдайда Министрлік шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындар құнының бір данасын тиісті ілеспе хатпен қайтарады.
Теріс нәтиже болған жағдайда Министрлік дәлелді негіздемесі бар хатпен шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындар құнының екі данасын да пысықтауға жібереді.
Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құны облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қаулы қабылданғаннан кейін облыс әкімдігі оны екі жұмыс күні ішінде өзінің ресми интернет-ресурсына орналастырады.
Қаулы ресми интернет-ресурста орналастырылғаннан кейін Министрлік екі жұмыс күні ішінде оны бұрын келісілген шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындар құнына сәйкестігі тұрғысынан салыстырып тексереді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мемлекеттік тіркеген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «___» _________

Қолданыстағы