Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 27 ноября 2015 года № 403 «Об утверждении схемы и порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Айыртауского района Северо-Казахстанской области»

Қаулы · № 313 · қабылданған 22.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-403-ekb-185278/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 27 ноября 2015 года № 403 «Об утверждении схемы и порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Айыртауского района Северо-Казахстанской области» Қолданыста Қаулы ·№ 313 ·22.08.2023
22.08.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 27 ноября 2015 года № 403 «Об утверждении схемы и порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Айыртауского района Северо-Казахстанской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 313 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 27 ноября 2015 года № 403 «Об утверждении схемы и порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Айыртауского района Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудан әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 403 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
313
Қабылданған күні
22.08.2023
Көрсетілген редакция
22.08.2023 185278_649429.kaz
Соңғы өзгеріс
22.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23SC757015
ЭКБ идентификаторы
185278
Редакция идентификаторы
185278_649429
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:11

0

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудан әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 403 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудан әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 403 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3522 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

1 «1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.»;

көрсетілген қаулының 2 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

2 «2. Осы қаулының 17 - қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың қоса берілген тәртібі бекітілсін.»;

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау тәртібі көрсетілген қаулымен бекітілген, осы қаулыға 17 - қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Галицино, Ақан – Сері, Уголки, Жұмысшы, Сартүбек, Шүкірлік, Ағынтай – Батыр, Лобаново ауылдарынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№ 2 Саумалкөл мектеп – гимназиясының жанындағы интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

Айыртау ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
Қаулысына 1 қосымша
Галицино, Ақан – Сері, Уголки, Жұмысшы, Сартүбек, Шүкірлік, Ағынтай – Батыр, Лобаново ауылдарынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№ 2 Саумалкөл мектеп – гимназиясының жанындағы интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

2 Ақан-Бұрлық ауылынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ақан мектеп-балабақша-кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

Айыртау ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
Қаулысына 2 қосымша
Ақан-Бұрлық ауылынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ақан мектеп-балабақша-кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

3 Никольское ауылы, Николо-Бұрлұқ элеваторы, Янко станциясынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Аксеновка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

Айыртау ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
Қаулысына 3 қосымша
Никольское ауылы, Николо-Бұрлұқ элеваторы, Янко станциясынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Аксеновка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

4 Горный және Целинное ауылдарынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Арықбалық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

Айыртау ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
Қаулысына 4 қосымша
Горный және Целинное ауылдарынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Арықбалық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

5 Корсаковка ауылынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Гусаковка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

Айыртау ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 22 тамыздағы
№ 313
Қаулысына 5 қосымша
Корсаковка ауылынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Гусаковка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

6 Егінді Ағаш ауылынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Дауқара орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

Айыртау ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
Қаулысына 6 қосымша
Егінді Ағаш ауылынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Дауқара орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

7 Баян ауылынан Ағынтай Батыр ауылының «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Златогорка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды күнделікті жеткізу сызбасы

Айыртау ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
Қаулысына 7 қосымша
Баян ауылынан Ағынтай Батыр ауылының «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Златогорка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды күнделікті жеткізу сызбасы

8 Верхний-Бұрлық, өнеркәсіптік комбинат ауылдарынан Имантау ауылының «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Имантау орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

Айыртау ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
Қаулысына 8 қосымша
Верхний-Бұрлық, өнеркәсіптік комбинат ауылдарынан Имантау ауылының «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Имантау орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

9 Всеволодовка, Прекрасное, Никольск, Николо-Бурлукский элеватор ауылдарынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Казанка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

Айыртау ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
Қаулысына 9 қосымша
Всеволодовка, Прекрасное, Никольск, Николо-Бурлукский элеватор ауылдарынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Казанка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

10 Заря ауылынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Лобаново орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

Айыртау ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
Қаулысына 10 қосымша
Заря ауылынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Лобаново орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

11 Алтын Бұлақ, Жақсы-Жалғызтау ауылдарынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Нижнебұрлық мектеп-бөбекжай-бақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

Айыртау ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
Қаулысына 11 қосымша
Алтын Бұлақ, Жақсы-Жалғызтау ауылдарынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Нижнебұрлық мектеп-бөбекжай-бақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

12 Береславка ауылынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Новосветловка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

Айыртау ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
Қаулысына 12 қосымша
Береславка ауылынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Новосветловка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

13 Матвеевка ауылынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Константиновка мектеп-бөбекжай-бақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

Айыртау ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
Қаулысына 13 қосымша
Матвеевка ауылынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Константиновка мектеп-бөбекжай-бақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

14 Колесниковка, Айыртауское, Междуозерное, Шок-Қарағай ауылдарынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Елецкая орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

Айыртау ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
Қаулысына 14 қосымша
Колесниковка, Айыртауское, Междуозерное, Шок-Қарағай ауылдарынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Елецкая орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

15 Сарыбұлақ, Шоқ-Қарағай, Сұлукөл ауылдарынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Сырымбет орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

Айыртау ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
Қаулысына 15 қосымша
Сарыбұлақ, Шоқ-Қарағай, Сұлукөл ауылдарынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Сырымбет орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

16 Карловка, Петропавловка, Сарысай ауылдарынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Каменноброд орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

Айыртау ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
Қаулысына 16 қосымша
Карловка, Петропавловка, Сарысай ауылдарынан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Каменноброд орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

17 Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі

Айыртау ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
Қаулысына 17 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын
балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі

23 1 - тарау. Жалпы ережелер

1

1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 - бабы 3 - тармағының 3 - 1) тармақшасына, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

25 2 - тарау. Тасымалдаушыларға және автокөлік құралдарына қойылатын талаптар

1 1. Балаларды тасымалдау осы Тәртіп талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.

2 2. Балаларды тасымалдау үшін мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:

1 1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;

2 2) автобустың жүргiзушiсi ретiнде кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;

3

3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» № 534 бұйрығымен (құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) бекітілген, Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзбаған.

3

3. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары «Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген, Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларымен (құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелген) белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.
Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық нормативтерге және (немесе) техникалық регламенттерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжатының болуы, сондай-ақ мыналармен:

1 1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;

2 2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;

3 3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

4 4) екi алғашқы көмек дәрi қобдишаларымен (автомобильдi);

5 5) екi жылжуға қарсы тiректермен;

6 6) авариялық тоқтау белгiсiмен.

38 3 - тарау. Балаларды тасымалдау тәртібі

1 1. Тәулiктiң жарық мезгiлiнде балаларды автобуспен тасымалдау фаралардың жақын қосылған жарығымен жүзеге асырылады.

2 2. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.

Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.
Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс.
Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.

3 3. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға Тапсырыс берушi балаларды отырғызу және түсiру орындарының жай-күйiн тұрақты түрде (айына кемiнде бiр рет) тексередi.

4 4. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне:

1 1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;

2 2) жүру маршрутын өзгертуге;

3 3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе жабдықтарды тасымалдауға;

4 4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;

5 5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

6 6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға рұқсат берілмейді.

Балаларды тасымалдаған кезде жүргiзушi:

1 1) автобус қозғалысының белгiленген маршрутынан ауытқымайды және белгiленген жылдамдық режимдерiн бұзбайды;

2 2) қозғалыс барысында автобусты басқаруда алаңдамайды (сөйлеспейді, тамақ iшпейді, кабинада қатты музыка қоймайды);

3 3) тасуға тыйым салынған нәрселердi, заттарды және материалдарды автобуста алып жүрмейді;

4 4) топырақ жолдарға шығып кетпейді және олармен жүрмейді (балаларды ауылшаруашылық жұмыстарына және демалыс орындарына, сондай-ақ жолды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргiзу кезiнде тасымалдаған жағдайдан басқа).

5 5. Балаларды автобусқа отырғызу автобус толық тоқтағаннан кейін отырғызу алаңында еріп жүрушілердің басшылығымен және жүргізушінің бақылауымен жүргізіледі.

6 6. Еріп жүрушілер автобусқа отырғызу және одан түсіру кезінде, автобус қозғалысы кезінде, аялдама кезінде балалар арасында тиісті тәртіпті қамтамасыз етеді.

4 4-тарау. Қорытынды

1 1. Осы шалғайдағы Тәртіппен реттелмеген қатынастар қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледі.

Қолданыстағы