О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 27 ноября 2015 года № 403 «Об утверждении схемы и порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Айыртауского района Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 27 ноября 2015 года № 403 «Об утверждении схемы и порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Айыртауского района Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 403 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 14
- Қабылданған күні
- 18.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2024 192698_680655.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24SC767815
- ЭКБ идентификаторы
- 192698
- Редакция идентификаторы
- 192698_680655
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:28
0
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудан әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 403 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудан әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 403 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3522 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау тәртібінің 2-тарауының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
3
«3. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiгi болады және «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген, «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 25-қосымшаның 1-тармағына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 22066 болып тіркелген) сәйкес келеді, сондай-ақ мыналармен:
1 1) автобустың алдында және артында орнатылатын «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;
2 2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;
3 3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);
4
4) «Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9649 болып тіркелген) автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);