Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 мая 2015 года № 405 "Об утверждении Перечня товаров, в отношении которых применяются вывозные таможенные пошлины, размер ставок и срок их действия"

Бұйрық · № 755 · қабылданған 08.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-405-ekb-96139/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 мая 2015 года № 405 "Об утверждении Перечня товаров, в отношении которых применяются вывозные таможенные пошлины, размер ставок и срок их действия" Күшін жойған Бұйрық ·№ 755 ·08.12.2015
17.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 мая 2015 года № 405 "Об утверждении Перечня товаров, в отношении которых применяются вывозные таможенные пошлины, размер ставок и срок их действия"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 755 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 мая 2015 года № 405 "Об утверждении Перечня товаров, в отношении которых применяются вывозные таможенные пошлины, размер ставок и срок их действия"
Атауы (қаз.)
"Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы"
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
755
Қабылданған күні
08.12.2015
Көрсетілген редакция
17.02.2016 96139_75125.kaz
Соңғы өзгеріс
17.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012388
ЭКБ идентификаторы
96139
Редакция идентификаторы
96139_75125
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:14

0 «Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»

«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына, «1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» 2015 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11473 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесінде, мөлшерлемелер көлемінде және олардың қолданылу мерзімінде:
«
2715 00 000 0
Битум қоспалары
-
60 доллар
0
тұрақты
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2715 00 000 0
Битум қоспалары
-
15 %
0
тұрақты
»;
«
7204
Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шихталық құймалар)
-
15 %, бірақ 1 тоннасына 20 евродан кем емес
15 %, бірақ 1 тоннасына 20 евродан кем емес
тұрақты
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7204
Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шихталық құймалар)
-
15 %, бірақ 1 тоннасына 15 евродан кем емес
15 %, бірақ 1 тоннасына 15 евродан кем емес
2016 жылғы 30 қарашаны қоса алғанға дейін
»;
мынадай жолмен толықтырылсын:
«
8607 19 100 1
Жиналған немесе бөлшектелген түріндегі білігі; дөңгелектер және оның бұрын пайдаланылған бөлшектері
-
5 %
5 %
тұрақты
».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануға жолдануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2015 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы «____» _________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экономикалық интеграция
істері министрі
___________Ж. Айтжанова
2015 жылғы «____» _________

Қолданыстағы