О внесении изменения в постановление акимата Жылыойского района от 27 ноября 2015 года № 498 «Об утверждении схемы и правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Жылыойского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Жылыойского района от 27 ноября 2015 года № 498 «Об утверждении схемы и правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Жылыойского района
- Атауы (қаз.)
- Жылыой ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 498 «Жылыой ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 205
- Қабылданған күні
- 27.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2023 183333_638783.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23TB505406
- ЭКБ идентификаторы
- 183333
- Редакция идентификаторы
- 183333_638783
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:11
0 Жылыой ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 498 «Жылыой ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 498 «Жылыой ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидасын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3401 болып тіркелген) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
қөрсетілген қаулының 2-қосымшасының 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемінде екі есігі болады және «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген, «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 25-қосымшаның 1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22066 болып тіркелген) сәйкес келеді, сондай-ақ мыналармен:
1) автобустың алдында және артында орнатылатын «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгімен;
2) сары түсті жылтыр шағын маягымен;
3) әрқайсысының сыйымдылығы кемінде екі литр болатын оңай алынатын өрт сөндіргіштермен (біреуі – жүргізушінің кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);
4) «Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9649 болып тіркелген) автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттарымен және медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);
5) екі жылжуға қарсы тіректермен;
6) авариялық тоқтау белгісімен;
7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесінде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетілген ақпараттық кестемен жабдықталады.»