Құжат мәтініне өту

«О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 января 2015 года № 56 «Об утверждении Правил проведения аттестации лиц, прошедших стажировку и претендующих на право занятия нотариальной деятельностью»

Бұйрық · № 84 · қабылданған 25.02.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-56/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
«О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 января 2015 года № 56 «Об утверждении Правил проведения аттестации лиц, прошедших стажировку и претендующих на право занятия нотариальной деятельностью» Күшін жойған Бұйрық ·№ 84 ·25.02.2019
28.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

«О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 января 2015 года № 56 «Об утверждении Правил проведения аттестации лиц, прошедших стажировку и претендующих на право занятия нотариальной деятельностью»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 84 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 января 2015 года № 56 «Об утверждении Правил проведения аттестации лиц, прошедших стажировку и претендующих на право занятия нотариальной деятельностью»
Атауы (қаз.)
«Тағылымдамадан өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
84
Қабылданған күні
25.02.2019
Көрсетілген редакция
28.05.2020 129372_465408.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018352
ЭКБ идентификаторы
129372
Редакция идентификаторы
129372_465408
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:00

0 «Тағылымдамадан өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тағылымдамадан өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10269 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Тағылымдамадан өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер және жеке практикамен айналысатын нотариустардан немесе мемлекеттік нотариустардан тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық әдiлет органдары жанында (бұдан әрi – аумақтық әдiлет органдары) құрылатын нотариаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияда (бұдан әрi – Комиссия) аттестаттаудан өтедi.
Комиссияның жұмыс органы аумақтық әдiлет органы болып табылады.
Комиссия жетi мүшеден – екі нотариустан, нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда, әдiлет органдарының екi өкiлiнен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады.
Комиссияның құрамына қосу үшiн нотариустардың кандидатураларын аумақтық әдiлет органына нотариаттық палата ұсынады.
Құқықтанушы ғалымның кандидатурасын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жоғары бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын iске асыратын жоғары оқу орындары ұсынады.
Мәслихат депутаттарының кандидатураларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары ұсынады.
Комиссия мүшелерiнiң бiрi оның құрамынан шыққан жағдайда, ол шыққан күнiнен бастап жаңа мүшесi бiр айдан кешiктiрiлмей құрамға енгiзiледi.
Аумақтық әдiлет органы басшысының аттестаттау комиссиясының мәселелерiне жетекшiлiк ететiн орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады.
Аумақтық әдiлет органы Комиссияның қызметiн ұйымдастыру үшiн аумақтық әдiлет органы қызметкерлерiнiң iшiнен Комиссия хатшысын тағайындайды.
Комиссия хатшысы комиссия отырысының күн тәртiбiн қалыптастырады және отырыстардың хаттамаларын ресiмдейдi. Хатшы Комиссия мүшесi болып табылмайды.
Комиссияның дербес құрамын аумақтық әдiлет органдарының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі бекiтедi.».

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін;

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы