О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июля 2015 года № 589 «Об определении лицензиаром Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июля 2015 года № 589 «Об определении лицензиаром Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін лицензиар етіп айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 589 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 691
- Қабылданған күні
- 29.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 29.10.2018 125396_364045.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000691
- ЭКБ идентификаторы
- 125396
- Редакция идентификаторы
- 125396_364045
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:48
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін лицензиар етіп айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
27 шілдедегі № 589 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін лицензиар етіп айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
27 шілдедегі № 589 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 40, 302-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы лицензиарды және ақпаратты криптографиялық қорғау саласында екінші санаттағы рұқсат беруге уәкілетті органды айқындау туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1) мыналар:
жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, жасау, жөндеу және өткізу;
ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу;
ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар;
2) «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат» екінші санаттағы рұқсат беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.».