Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 ноября 2015 года № 595 «Об утверждении Правил оплаты деятельности частного судебного исполнителя, связанной с исполнением исполнительных документов о взыскании алиментов и заработной платы»

Бұйрық · № 1532 · қабылданған 06.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-595-ekb-116835/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 ноября 2015 года № 595 «Об утверждении Правил оплаты деятельности частного судебного исполнителя, связанной с исполнением исполнительных документов о взыскании алиментов и заработной платы» Қолданыста Бұйрық ·№ 1532 ·06.12.2017
06.12.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 ноября 2015 года № 595 «Об утверждении Правил оплаты деятельности частного судебного исполнителя, связанной с исполнением исполнительных документов о взыскании алиментов и заработной платы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1532 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 ноября 2015 года № 595 «Об утверждении Правил оплаты деятельности частного судебного исполнителя, связанной с исполнением исполнительных документов о взыскании алиментов и заработной платы»
Атауы (қаз.)
«Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1532
Қабылданған күні
06.12.2017
Көрсетілген редакция
06.12.2017 116835_266615.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016097
ЭКБ идентификаторы
116835
Редакция идентификаторы
116835_266615
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:58

0 «Жеке сот орындаушысының алименттерді

және жалақыны өндіріп алу туралы
атқарушылық құжаттарды орындауға
байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы
№ 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12613 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларында:
Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

2 «2) борышкердің тұрақты кірісі, жұмыс орны және өндіріп алуға болатын мүлкі болмаған кезде алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша:

атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы тараптарға хабарлау;
зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер;
жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары);
міндетті тұлғаның алименттік міндеттемелерін үш айдан астам уақыт орындамағанын растайтын берешегін айқындау туралы қаулы;
борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін аумақтық органға бағытталған материалдарды жіберуге;
өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы болған жағдайда, қылмыстық қудалау органына сот актiлерiн орындаудан қасақана жалтарған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы енгізілген ұсынысы.
Борышкерді әкімшілік не қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көрсетілген ұсыныстарды жіберген кезде, ұсыныстармен қоса мынадай құжаттар берілуі тиіс:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық құжатты орындамағаны үшін борышкердің әкімшілік жауаптылығы туралы ескертілгендігін растайтын құжаттар;
сот актісін орындау туралы хабарламалар немесе талаптар;
өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы;
борышкердің үш және одан да көп айларға берешегін айқындау туралы қаулы;
борышкердің атында өндіріп алуға болатын жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығын растайтын мәліметтер және өзге де құжаттар.»;
7 тармақша алып тасталсын;
қағиданың қосымшасын осы бұйрықтың қосымшаласына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түріндегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және оған енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Жеке сот орындаушысының шараларды қабылдау бойынша жасаған атқарушылық әрекеттері туралы есеп

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1532 бұйрығына қосымша
Жеке сот орындаушысының
алименттерді және жалақыны
өндіріп алу туралы атқарушылық
құжаттарды орындауға байланысты
қызметіне ақы төлеу қағидаларына
қосымша
Нысан
Жеке сот орындаушысының шараларды қабылдау бойынша жасаған атқарушылық әрекеттері туралы есеп

Жеке сот орындаушылары жүргізген атқарушылық әрекеттер туралы мәліметтер
Атқарушылық іс жүргізулердің санаты
алиментті өндіріп алу туралы
жалақыны өндіріп алу туралы
борышкердің іздестірілуіне байланысты үш және одан көп ай берешектің болуы
борышкердің тұрақты кірісінің, жұмыс орнының және өндіріп алуға болатын мүлкінің болмауы
өндіріп алуға болатын ақшалай қаражаттың және мүліктің болмауы
1
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы
+
+
+
2
тараптарға хабарлау
+
+
+
3
атқарушылық іс жүргізу тараптарын сот орындаушысына шақырту
+
+
+
4
зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер
+
+
5
жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары)
+
+
+
6
борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою
+
+
7
соттың борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұйғарымы
+
8
борышкерге қатысты үш және одан көп ай берешегін айқындау туралы қаулы
+
9
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін аумақтық органға бағытталған материалдарды жіберуге;
өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы болған жағдайда, қылмыстық қудалау органына сот актiлерiн орындаудан қасақана жалтарған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы енгізілген ұсын ысы
+
+
10
лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тексеру туралы мәліметтер және борышкерге лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тоқтата тұру туралы ұсынысты сотқа жолдау
+
11
дебиторлық берешектің жоқтығы туралы мәліметтер (мемлекеттік кірістер және бухгалтерия органдарынан алынған ақпарат)
+
12
борышкер болып табылатын заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою
+
13
Барлығы
Жеке сот орындаушысы _______________________
(аты-жөні, тегі, қолы)
Жасау күні 20__жыл «____»__________
Телефондары: жұмыс ____________мобильдік_____________

Қолданыстағы