О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 ноября 2015 года № 595 «Об утверждении Правил оплаты деятельности частного судебного исполнителя, связанной с исполнением исполнительных документов о взыскании алиментов и заработной платы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 ноября 2015 года № 595 «Об утверждении Правил оплаты деятельности частного судебного исполнителя, связанной с исполнением исполнительных документов о взыскании алиментов и заработной платы»
- Атауы (қаз.)
- Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1136
- Қабылданған күні
- 30.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2021 163031_558117.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100026394
- ЭКБ идентификаторы
- 163031
- Редакция идентификаторы
- 163031_558117
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 04:00
0 Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12613 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларында:
5-тармақтың 1), 2 және 3) - тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) борышкердің іздестірілуіне байланысты үш және одан көп ай берешек болған кезде алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы әр тараптарға, хабарламаның жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттар қоса беріліп хабарлау;
зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер, есеп уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;
жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары) есеп уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;
борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою, Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
борышкерге іздеу салуды жариялау туралы жеке сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы полиция органдарына жіберілгенін растайтын алғаны туралы белгісі бар құжаттарды қоса бере отырып;
борышкерге қатысты үш және одан көп ай берешегін айқындау туралы қаулы;
борышкердің тұғылықты мекенжайы бойынша шығу актісі бойынша нысан көрсетілген Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес;
2) борышкердің тұрақты кірісі, жұмыс орны және өндіріп алуға болатын мүлкі болмаған кезде алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы әр тараптарға, хабарламаның жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттар қоса беріліп хабарлау;
зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;
жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары) есеп уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;
борышкер алименттік міндеттемелерін үш айдан астам уақыт орындамағанын растайтын берешегін айқындау туралы қаулы;
борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою, Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
борышкерді жұмысқа орналастыру туралы хабарлама;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін аумақтық органға бағытталған материалдарды жіберуге;
өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы;
қылмыстық қудалау органына сот актiлерiн орындаудан жалтарған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы енгізілген ұсынысы.
Борышкерді әкімшілік не қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көрсетілген материалдар мен ұсыныстарды жіберген кезде, материалдармен және ұсыныстармен қоса мынадай құжаттар берілуі тиіс:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық құжатты орындамағаны үшін борышкердің әкімшілік жауаптылығы туралы ескертілгендігін растайтын құжаттар;
сот актісін орындау қажеттігі туралы хабарламалар немесе талаптар, олардың жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып;
өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы;
борышкердің үш және одан да көп айларға берешегін айқындау туралы қаулы;
борышкердің атында өндіріп алуға болатын жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығын растайтын мәліметтер және өзге де құжаттар.
3) өндіріп алуға болатын ақшалай қаражат және мүлік болмаған кезде жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы әр тараптарға, хабарламаның жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттар қоса беріліп, хабарлау;
жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары) есеп уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;
борышкер болып табылатын заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғаның растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тексеру туралы мәліметтер және борышкерге лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тоқтата тұру туралы ұсынысты сотқа жолданғандығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып;
атқарушылық іс жүргізу тараптарын сот орындаушысына шақырту;
дебиторлық берешегінің жоқтығы туралы мәліметтер (мемлекеттік кірістер және бухгалтерия органдарынан алынған ақпарат);
борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы не бас тарту туралы сот актісі, уәкілетті органның қылмыстық жауапкершілікке тарту не құрамының жоқ болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу іс жүргізуді тоқтату туралы қаулысы.»;
8- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Аумақтық әділет органы жеке сот орындаушыларының есептерінің және оларға қоса берілген құжаттардың көшірмелерінің негізділігі мен дұрыстығын бес жұмыс күні ішінде тексереді және жеке сот орындаушыларына төленуі тиіс қаражатты қаржыландыруға өтінім жасайды.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда нақты кемшіліктерін көрсетумен ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін бес жұмыс күні ішінде қайтарады.».
көрсетілген Қағидаға 1 қосымша осы Бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
осы Бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес 2 қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Сот актілерін орындау департаменті:
1 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1136
Бұйрығына 1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 қарашадағы
№ 595
бұйрығымен бекітілген
Қағидаға 1 қосымша
нысан
№
Жеке сот орындаушылары жүргізген атқарушылық әрекеттер туралы мәліметтер
Атқарушылық іс жүргізулердің санаты
алиментті өндіріп алу туралы
жалақыны өндіріп алу туралы
борышкердің іздестірілуіне байланысты үш және одан көп ай берешектің болуы
борышкердің тұрақты кірісінің, жұмыс орнының және өндіріп алуға болатын мүлкінің болмауы
өндіріп алуға болатын ақшалай қаражаттың және мүліктің болмауы
1
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы
+
+
+
2
хабарламаның жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттар қоса беріліп тараптарға хабарлау
+
+
+
3
атқарушылық іс жүргізу тараптарын сот орындаушысына шақырту
+
+
+
4
зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер, уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей
+
+
5
жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары) уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей
+
+
+
6
борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою, Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып)
+
+
7
борышкерге іздеу салуды жариялау туралы жеке сот орындаушының прокурор санкциялаған қаулысы, полиция органдарына жіберілгенін растайтын алғаны туралы белгісі бар құжаттарды қоса бере отырып;
+
8
борышкерге қатысты үш және одан көп ай берешегін айқындау туралы қаулы
+
9
борышкердің тұғылықты мекенжайы бойынша шығу актісі бойынша нысан көрсетілген осы Қағидаға 2 қосымшаға сәйкес;
+
10
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін аумақтық әділет органына бағытталған материалдарды жіберуге;
өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы болған жағдайда, қылмыстық қудалау органына сот актiлерiн орындаудан жалтарған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы енгізілген ұсыныс туралы ілеспе хат
+
+
11
лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тексеру туралы мәліметтер және борышкерге лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тоқтата тұру туралы ұсынысты сотқа жолдау
+
12
борышкерді жұмысқа орналастыру туралы хабарлама
+
11
дебиторлық берешектің жоқтығы туралы мәліметтер (мемлекеттік кірістер және бухгалтерия органдарынан алынған ақпарат)
+
12
борышкер болып табылатын заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып)
+
13
Барлығы
2 Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1136
Бұйрығына 2 қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 қарашадағы
№ 595
бұйрығымен бекітілген
Қағидаға 2 қосымша
нысан
20__жыл «__» ________ ________
(шығудың күні мен уақыты)
_________________________
Қала, облыстың атауы
Жеке сот орындаушысы _________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(жеке сот орындаушысының аты, әкесінің аты және тегі (болған жағдайда) және
атқарушы округі, мекенжайы) ___________________________________________________
______________________________________________________________________________
___________________________________________________ атқарушылық құжат бойынша
(атқарушылық құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні )
______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________ туралы
(атқарушылық құжаттың талаптары, өндіріп алушы мен борышкер (жеке тұлғаның аты,
әкесінің аты және тегі (болған жағдайда) олардың жеке сәйкестендіру нөмірлері)
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның
126-бабын басшылыққа алып мекенжайы бойынша шығып, ___________________________
_______________________________________________________________________________
(көше, үй, подъезд, қабат, корпус, пәтер көрсетіледі)
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________ анықтады,
(шығудың нәтижесі)
Куәгер(лер) _________________________________________________________________
аты, әкесінің аты және тегі (болған жағдайда)
_____________________________________________________________________________
Жеке сот орындаушысы _________________________
жеке сот орындаушысының тегі мен аты
________________
қолы