Құжат мәтініне өту

О внесений изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 7-1/179 «Об утверждении Правил функционирования процессингового центра»

Бұйрық · № 234 · қабылданған 16.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-7-1179/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесений изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 7-1/179 «Об утверждении Правил функционирования процессингового центра» Қолданыста Бұйрық ·№ 234 ·16.06.2023
16.06.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесений изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 7-1/179 «Об утверждении Правил функционирования процессингового центра»

Қолданыста Бұйрық ·№ 234 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесений изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 7-1/179 «Об утверждении Правил функционирования процессингового центра»
Атауы (қаз.)
«Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 7-1/179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
234
Қабылданған күні
16.06.2023
Көрсетілген редакция
16.06.2023 183081_640853.kaz
Соңғы өзгеріс
16.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032840
ЭКБ идентификаторы
183081
Редакция идентификаторы
183081_640853
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:20

0 «Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 7-1/179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 7-1/179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10749 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және процессингтік орталықтың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 4), 8) и 9) тармақшалары алып тасталсын;
3-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдардың (құралдардың) және атрибуттардың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында (бұдан әрі – Бірдейлендіру қағидалары) белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау;»;
4), 6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді жеке нөмірлер эмиссиясы жөніндегі дерекқорда тіркеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11926 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларына (бұдан әрі – Тіркеу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.»;
9-тармақ алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Процессингтік орталықтың ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың Бірдейлендіру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтауы оларды тіркеу кезінде Тіркеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
5, 7 және 8-тараулар алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Қолданыстағы