О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 27 марта 2015 года № 83/3 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта Павлодарской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 27 марта 2015 года № 83/3 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта Павлодарской области»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 83/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 119/3
- Қабылданған күні
- 07.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 14.11.2017 101237_260675.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16P0005071
- ЭКБ идентификаторы
- 101237
- Редакция идентификаторы
- 101237_260675
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:43
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
«Павлодар облысының
дене тәрбиесі және спорт
басқармасы» мемлекеттік
мекемесі туралы ережені
бекіту туралы» 83/3 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 83/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4451 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Регион.kz» газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде 20-тармақтың 23) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«23) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;».
2 2. «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.