О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 января 2016 года № 12-нқ «Об утверждении перечня персональных данных, необходимого и достаточного для выполнения осуществляемых задач»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 января 2016 года № 12-нқ «Об утверждении перечня персональных данных, необходимого и достаточного для выполнения осуществляемых задач»
- Атауы (қаз.)
- «Жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 12-нқ бұйырығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 29.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2023 182282_636420.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032628
- ЭКБ идентификаторы
- 182282
- Редакция идентификаторы
- 182282_636420
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:41
0 «Жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 12-нқ бұйырығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 12-нқ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13397 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесінде:
реттік нөмірі 39-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
39
Ұлы Отан соғысына қатысушылар немесе мүгедектігі бар адамдар туралы мәліметтер, мүгедектік тобы.
».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Адами ресурстармен жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.