О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 27 января 2016 года № 15/1 «Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 27 января 2016 года № 15/1 «Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 15/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 236/5
- Қабылданған күні
- 09.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 09.08.2019 114106_417345.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17P0005599
- ЭКБ идентификаторы
- 114106
- Редакция идентификаторы
- 114106_417345
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:12
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 15/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану және мемлекетті сатып алуды жүргізудің сапасын арттыру мақсатында Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 15/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4919 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 ақпанда «Регион.kz» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағындағы «Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» сөздері «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» сөздерімен ауыстырылсын.
2. «Павлодар облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының ресми жариялануын;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Павлодар облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Арыноваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.