О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 июня 2016 года № 177 «Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей руководителей и специалистов государственных архивов Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 июня 2016 года № 177 «Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей руководителей и специалистов государственных архивов Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 288
- Қабылданған күні
- 27.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 27.10.2020 147934_489066.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021539
- ЭКБ идентификаторы
- 147934
- Редакция идентификаторы
- 147934_489066
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:07
0 «Қазақстан Республикасы
мемлекеттік архивтерінің басшылары
мен мамандары лауазымдарының
үлгілік біліктілік сипаттамаларын
бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Мәдениет және
спорт министрінің 2016 жылғы
27 маусымдағы № 177 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13943 болып тіркелген, 2016 жылғы
1 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Біліктілігіне қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және архив ісі саласындағы басшылық лауазымдарда кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы басшылық лауазымдарда кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Біліктілігіне қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және архив ісі саласындағы басшылық лауазымдарда кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы басшылық лауазымдарда кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгiленген тәртiппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі