Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 июня 2016 года № 177 «Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей руководителей и специалистов государственных архивов Республики Казахстан»

Бұйрық · № 477-НҚ · қабылданған 11.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2016-no-177-ekb-201641/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 июня 2016 года № 177 «Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей руководителей и специалистов государственных архивов Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 477-НҚ ·11.10.2024
11.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 июня 2016 года № 177 «Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей руководителей и специалистов государственных архивов Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 477-НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 июня 2016 года № 177 «Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей руководителей и специалистов государственных архивов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
477-НҚ
Қабылданған күні
11.10.2024
Көрсетілген редакция
11.10.2024 201641_724163.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24JC000477
ЭКБ идентификаторы
201641
Редакция идентификаторы
201641_724163
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:14

0 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13943 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілcін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 17) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 64) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандарының лауазымдарына қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
10-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Мемлекеттік архив қағидалары) сәйкес құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, құжаттарды қабылдауды және есепке алуды ұйымдастырады;».

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі

Қолданыстағы