О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 июня 2016 года № 181 «Об утверждении Инструкции об отраслевой системе поощрения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 июня 2016 года № 181 «Об утверждении Инструкции об отраслевой системе поощрения»
- Атауы (қаз.)
- «Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23
- Қабылданған күні
- 03.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 03.02.2020 139310_442523.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000019976
- ЭКБ идентификаторы
- 139310
- Редакция идентификаторы
- 139310_442523
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:10
0 «Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 11) тармақшасына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 13986 болып тiркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 5 тамызда жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығында:
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді:
«2-тарау. Көтермелеудің салалық жүйесі»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді:
«Ұсынымда қызметкер туралы келесі мәліметтер (аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, тиісті саладағы жұмыс өтілі, жеткен жетістіктерінің нәтижесін көрсетілулері қажет), қызметкердің нақты қызметін, жетістіктерін және табыстарын көрсететін көрсеткіштер сипатталады.»;
7-тармақтың екінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінде өзгерістер енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
нұсқаулыққа 1 және 2-қосымша осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2020 жылғы
« »______________
№ _______ бұйрығына
1-қосымша
Көтермелеудің салалық
жүйесі жөніндегі Нұсқаулығына
№ 1-қосымша
Нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
_________________________________ саласының дамуына қосқан үлесі үшін
(мәдениет, әдебиет және өнер, дене шынықтыру және спорт)
______________________________________________________ марапатталады.
(қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
___________________________ _______
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
«___» __________20 ____ жыл
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2020 жылғы
« »______________
№ _______ бұйрығына
2-қосымша
Көтермелеудің салалық
жүйесі жөніндегі Нұсқаулығына
№ 2-қосымша
Нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
АЛҒЫС ХАТ
________________________________саласының дамуына қосқан үлесі үшін
(мәдениет, әдебиет және өнер, дене шынықтыру және спорт)
__________________________________________алғыс хатпен марапатталады.
(қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
___________________________ _______
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
«___» __________20 ____ жыл