Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 июня 2016 года № 181 «Об утверждении Инструкции об отраслевой системе поощрения»

Бұйрық · № 165 · қабылданған 01.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2016-no-181-ekb-183619/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 июня 2016 года № 181 «Об утверждении Инструкции об отраслевой системе поощрения» Қолданыста Бұйрық ·№ 165 ·01.07.2023
01.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 июня 2016 года № 181 «Об утверждении Инструкции об отраслевой системе поощрения»

Қолданыста Бұйрық ·№ 165 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 июня 2016 года № 181 «Об утверждении Инструкции об отраслевой системе поощрения»
Атауы (қаз.)
«Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
165
Қабылданған күні
01.07.2023
Көрсетілген редакция
01.07.2023 183619_642235.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033021
ЭКБ идентификаторы
183619
Редакция идентификаторы
183619_642235
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:05

0 «Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13986 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 11) тармақшасына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығында:
7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қызметкерлерді көтермелеу үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Аппарат басшысының (бұдан әрі – Аппарат басшысы) бұйрығымен комиссия құрылады.
Комиссия мүшелерінің құрамы тақ саннан құрылады. Комиссия құрамы комиссия төрағасын есептемегенде Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрлерінен, аппарат басшысынан, ведомстволардың басшыларынан немесе орынбасарларынан, тиісті салаға жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің немесе олардың міндеттерін атқарушы тұлғалардан тағайындалады.
Комиссия төрағасы болып Аппарат басшысы тағайындалады.
Хатшы Министрліктің Персоналды басқару қызметінің қызметкерлерінің ішінен анықталады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы