О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 27 мая 2016 года № 186 «Об утверждении норм потребления коммунальных услуг по теплоснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета в Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 27 мая 2016 года № 186 «Об утверждении норм потребления коммунальных услуг по теплоснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета в Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 186 «Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 131
- Қабылданған күні
- 26.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2020 143319_463576.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20S0006321
- ЭКБ идентификаторы
- 143319
- Редакция идентификаторы
- 143319_463576
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:20
0 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 186 «Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына, «Құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 186 «Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» қаулысына (2016 жылғы 13 шілдеде «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттык-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3798 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 26 мамыры
№ 131 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы 27 мамырдағы
№ 186 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ
тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша
коммуналдық қызметті тұтыну нормалары
№ р/с
Елді мекеннің атауы
Жылумен жабдықтау ұйымдарының атауы
Өлшем бірлігі
Жылу энергиясын тұтыну нормасы
1
Айыртау ауданы Саумакөл ауылы
«Саумалкөл жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге
0,03
(нөл бүтін жүзден үш)
2
Аққайың ауданы Смирново ауылы
«Сапро Нат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге
0,034
(нөл бүтін мыңнан отыз төрт)
3
Есіл ауданы Явленка ауылы
«Қамқор Есіл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге
0,024
(нөл бүтін мыңнан жиырма төрт)
4
Жамбыл ауданы Благовещенка ауылы Дачная көшесі, 7А үй
«Сапро Нат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге
0,027
(нөл бүтін мыңнан жиырма жеті)
5
Жамбыл ауданы Пресновка ауылы
«Дания 2014» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге
0,03
(нөл бүтін жүзден үш)
6
Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев мұнай айдайтын станция кенті
«Булаев су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге
0,046
(нөл бүтін мыңнан қырық алты)
7
Қызылжар ауданы Петерфельд ауылы
«Қызылжар-ЖКХ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге
0,042
(нөл бүтін мыңнан қырық екі)
8
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Нежинка ауылы
«Нежинка-Ерке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге
0,025
(нөл бүтін мыңнан жиырма бес)
9
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишимское ауылы
«Теплосервис-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге
0,0374
(нөл бүтін он мыңнан үш жүз жетпіс төрт)
10
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишимское ауылы
Жеке кәсіпкер «Ертай-К»
Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге
0,0374
(нөл бүтін он мыңнан үш жүз жетпіс төрт)
11
Тайынша ауданы Тайынша қаласы
«Тайынша ЖылуСервисі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге
0,043
(нөл бүтін мыңнан қырық үш)
12
Тайынша ауданы Тайынша қаласы
«ТайыншаКоммунСервисі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге
0,043
(нөл бүтін мыңнан қырық үш)
13
Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылы
«Қызылту су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Гигакалория айына 1 (бір) шаршы метрге
0,024
(нөл бүтін мыңнан жиырма төрт)