Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 27 июля 2016 года № 211 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Аккайынского района»

Қаулы · № 118 · қабылданған 14.05.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2016-no-211/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 27 июля 2016 года № 211 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Аккайынского района» Күшін жойған Қаулы ·№ 118 ·14.05.2018
19.03.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 27 июля 2016 года № 211 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Аккайынского района»

Күшін жойған Қаулы ·№ 118 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 27 июля 2016 года № 211 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Аккайынского района»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 шілдедегі №211 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
118
Қабылданған күні
14.05.2018
Көрсетілген редакция
19.03.2019 122005_393787.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18SB004733
ЭКБ идентификаторы
122005
Редакция идентификаторы
122005_393787
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:32

0

«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 шілдедегі №211 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 211 қаулысына (2016 жылғы 31 тамыз Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3879 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына келісті жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1 1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ресми жариялау және Эталондық бақылау банкіне қосу үшін оның көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы қаулы ресми жариялағаннан кейін оны «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Аққайың ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 3 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Аққайың аудандық
мәслихаттың хатшысы
_______________С.Ө. Мұқанов
2018 жылғы «14» мамыр

8 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдырының тізбесі

Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 14 мамырдағы
№ 118 қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «27» шілдедегі
№ 211 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдырының тізбесі

1 1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

дәрігер;
мейірбике;
емдәм бикесі.

2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің басшысы;
қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші;
жұмыспен қамту орталығының басшысы;
жұмыспен қамту орталығы құрылымдық бөлімшесінің маманы;
ассистент.

3 3. Білім беру мамандарының лауазымдары:

мемелекеттік мекеменің басшысы;
мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
мектепке дейінгі білім ұйымы мемлекеттік мекеме басшысы;
мектепке дейінгі білім ұйымы қазыналық кәсіпорынның басшысы;
мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері - жоғары, орта, деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
әлеуметтік педагог;
психолог;
тәрбиеші;
музыкалық жетекші;
мемлекеттік мекеме әдістемелік кабинетінің жетекшісі;
әдіскер;
шебер;
вожатый;
кітапхана меңгерушісі;
шеберхана меңгерушісі.
Логопед;
Бастауыш әскери дайындығының тәрбиеші-ұйымдастырушысы
Дене шынықтыру бойынша инструктор.

4 4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

мемелекеттік мекеменің басшысы;
мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы;
ауылдық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлім басшысы;
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің бөлім басшысы;
аудандық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлім басшысы;
кітапхананың меңгерушісі;
көркемдік жетекші;
әдіскер;
кітапханашы;
библиограф;
режиссер;
аккомпаниатор;
мәдени ұйымдастырушы;
хореограф.

5 5. Спорт мамандарының лауазымдары:

нұсқаушы;
шебер;
әдіскер;
жаттықтырушы.

6 6. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

ветеринариялық стансаның басшысы;
ветеринариялық станса басшысының орынбасары
ветеринарлық дәрігер;
зертханашы;
малды жасанды ұрықтандыру технигі;
тұқымдық ісі бойынша техник;
ветеринарлық фельдшер.

Қолданыстағы