О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 27 апреля 2016 года № 330 "О размещении государственного образовательного заказа на переподготовку и повышение квалификации кадров в области здравоохранения на 2016 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 27 апреля 2016 года № 330 "О размещении государственного образовательного заказа на переподготовку и повышение квалификации кадров в области здравоохранения на 2016 год"
- Атауы (қаз.)
- "Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2016 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 330 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1005
- Қабылданған күні
- 30.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2016 108785_139272.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014603
- ЭКБ идентификаторы
- 108785
- Редакция идентификаторы
- 108785_139272
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:06
0 «Денсаулық сақтау саласындағы
кадрларды қайта даярлауға және олардың
біліктілігін арттыруға 2016 жылға
арналған мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 27 сәуірдегі № 330
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2016 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 330 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13738 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға 2016 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді және мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күннің ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2016 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 30 қарашадағы № 1005
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 27 сәуірдегі
№ 330
бұйрығына қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды
қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға
2016 жылға арналған мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру туралы
Р/с№
Денсау
лық сақтау саласында
ғы білім беру ұйымдары
Бөлін
ген орын
дар
дың жал
пы саны
Білім деңгейі бойынша бөлінген орындар саны
Кәсіптік жоғарғы білімі бар мамандар
Кәсіптік орта білімі бар мамандар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
қайта даярлау
біліктілігін арттыру
біліктілігін арттыру
2
ай
4
ай
5
ай
1 апта
2 апта
4 апта
1 апта
2 апта
1.
Астана медицина универси
теті
14 552
200
619
67
2210
4552
3105
799
3000
Барлығы
14 552
200
619
67
2210
4552
3105
799
3000