Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 27 июля 2016 года № 343 «Об утверждении типового договора о подключении объектов по использованию возобновляемых источников энергии, а также правил его заключения»

Бұйрық · № 406 · қабылданған 10.10.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2016-no-343-ekb-125661/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 27 июля 2016 года № 343 «Об утверждении типового договора о подключении объектов по использованию возобновляемых источников энергии, а также правил его заключения» Қолданыста Бұйрық ·№ 406 ·10.10.2018
10.10.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 27 июля 2016 года № 343 «Об утверждении типового договора о подключении объектов по использованию возобновляемых источников энергии, а также правил его заключения»

Қолданыста Бұйрық ·№ 406 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 27 июля 2016 года № 343 «Об утверждении типового договора о подключении объектов по использованию возобновляемых источников энергии, а также правил его заключения»
Атауы (қаз.)
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 343 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
406
Қабылданған күні
10.10.2018
Көрсетілген редакция
10.10.2018 125661_367247.kaz
Соңғы өзгеріс
10.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017664
ЭКБ идентификаторы
125661
Редакция идентификаторы
125661_367247
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:57

0 «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 343 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 343 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14108 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартты жасасу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тиісті объектісі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына енгізілген Энергия өндіруші ұйым Энергия беруші ұйымнан желіге қосуға арналған техникалық шарттарды алғаннан бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы шарт жасасуға еркін нысанда өтінім (бұдан әрі – өтінім) жолдайды.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Энергия өндіруші ұйымның құрылтай құжаттары;
2) желіге қосуға арналған техникалық шарттары;
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығымен бекітілген Электр желілік қағидалар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10899 болып тіркелген) (бұдан әрі – Электр желілік қағидалар) талаптарына сәйкес әзірленген электр станцияларының қуатын беру схемасы;
4) Электр желілік қағидалардың 4-тармағына сәйкес Электр станцияларының қуатын беру схемасын келісу туралы Энергия беруші ұйым мен жүйелік оператор хаттарының көшірмелері.».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы