О внесении дополнения в решение Качирского районного маслихата от 27 июля 2016 года № 3/6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Качирского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение Качирского районного маслихата от 27 июля 2016 года № 3/6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Качирского района»
- Атауы (қаз.)
- Качир аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 шілдедегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Качир ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 3/6 шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/31
- Қабылданған күні
- 27.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2019 124270_435060.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18PH006045
- ЭКБ идентификаторы
- 124270
- Редакция идентификаторы
- 124270_435060
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:37
0 Качир аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 шілдедегі
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және
Качир ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»
№ 3/6 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Качир аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 шілдедегі «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Качир ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 3/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5215 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Качир ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының
10-тармағындағы 3) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«осы Қағидалардың 9-тармағының 6) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 АЕК мөлшерінде тексерілу және емделу үшін уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, мүгедектік туралы анықтама, медициналық мекеменің емделу курсын алғаны туралы растау – анықтамасы қоса берумен жазған өтініш негізінде;».