О внесении изменений в решение Алгинского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 45 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Алгинского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 45 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 262
- Қабылданған күні
- 25.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2020 131083_483450.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CC006130
- ЭКБ идентификаторы
- 131083
- Редакция идентификаторы
- 131083_483450
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:13
0 Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5114 тіркелген, 2016 жылы 4 қарашасында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
9 тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) көп балалы отбасыларға 140 000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;»;
9 тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) аз қамтылған азаматтарға 140 000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;»;
14 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Алға ауданы әкімдігі бекіткен тізімі бойынша көрсетіледі
Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндер мен мерекелік күндері (санатына байланысты) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).».
2 2. «Алға аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді.
2 2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы шешімді Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________________ Қ. Отаров
______ _______________ 2019 жыл