Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Алгинского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 45 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе»

Ереже · № 320 · қабылданған 18.12.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2016-no-45-ekb-137487/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Алгинского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 45 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе» Күшін жойған Ереже ·№ 320 ·18.12.2019
23.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Алгинского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 45 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ 320 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Алгинского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 45 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе»
Атауы (қаз.)
Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
320
Қабылданған күні
18.12.2019
Көрсетілген редакция
23.09.2020 137487_483448.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19CC006599
ЭКБ идентификаторы
137487
Редакция идентификаторы
137487_483448
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:18

0 Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5114 тіркелген, 2016 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
8 тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына жылу маусымының 7 ай ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде.»;
12 тармақта:
1) тармақшасында:
«100 000 (жүз мың)» сандары «500 000 (бес жүз мың)» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
«50 000 (елу мың)» сандары «100 000 (жүз мың)» сандарымен ауыстырылсын;
4) тармақшасында:
«15 000 (он бес мың)» сандары «30 000 (отыз мың)» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшасында:
«25 000 (жиырма бес мың)» сандары «30 000 (отыз мың)» сандарымен ауыстырылсын;
15 тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

2 2. «Алға аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________ Е. Данағұлов
______ ____________ 2019 ж.

Қолданыстағы