О внесении дополнения в решение Алгинского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 45 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение Алгинского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 45 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 352
- Қабылданған күні
- 27.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2020 141507_483452.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CC007023
- ЭКБ идентификаторы
- 141507
- Редакция идентификаторы
- 141507_483452
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:28
0 Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5114 тіркелген, 2016 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
келесі мазмұндағы 24-1 тармақпен толықтырылсын:
«24-1. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.».
2 2. «Алға аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________ Б.Елеусінова
______ ____________ 2020 ж.