Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 27 мая 2016 года № 463 «Об утверждении регламента государственной услуги «Согласование эскиза (эскизного проекта)»

Қаулы · № 937 · қабылданған 14.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2016-no-463/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 27 мая 2016 года № 463 «Об утверждении регламента государственной услуги «Согласование эскиза (эскизного проекта)» Күшін жойған Қаулы ·№ 937 ·14.11.2017
23.07.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 27 мая 2016 года № 463 «Об утверждении регламента государственной услуги «Согласование эскиза (эскизного проекта)»

Күшін жойған Қаулы ·№ 937 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 27 мая 2016 года № 463 «Об утверждении регламента государственной услуги «Согласование эскиза (эскизного проекта)»
Атауы (қаз.)
«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 463 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
937
Қабылданған күні
14.11.2017
Көрсетілген редакция
23.07.2018 116455_344710.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17L0006052
ЭКБ идентификаторы
116455
Редакция идентификаторы
116455_344710
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:17

0 «Эскизді (эскиздік жобаны)

келісуден өткізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентін
бекіту туралы» Қызылорда
облысы әкімдігінің 2016 жылғы
27 мамырдағы № 463 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 463 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5548 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Сүлейменовке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қызылорда облысы әкімдігінің

2017 жылғы «14» қарашадағы
№ 937 қаулысына қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы «27» мамырдағы
№ 463 қаулысымен бекітілген
«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – қағаз түрінде.

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 13610 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу немесе стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5

5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының не оның уәкілетті өкілінің: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның, нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлғаның (бұдан әрі – оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттар топтамасын ұсыну;

2

2) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді немесе стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы және (немесе) мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (жиырма минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне беру;
Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады;

3 3) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (бір жұмыс күні ішінде, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдау;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді (жиырма минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды (бір сағаттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдау;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды, егер ұсынылған құжаттар стандарттың 10-тармағында көзделген негіздерге сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды (бұдан әрі – дәлелді бас тарту) (төрт жұмыс күні ішінде);

егер ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда құжаттарды сараптамалық немесе cәулет-қала құрылысы кеңестерінің қарауына ұсынады (бір жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсыну немесе сараптамалық, сәулет-қала құрылысы кеңестері мәжілістерінің күн тәртібін дайындау;

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы дәлелді бас тартуға қол қояды (бір сағаттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: қол қойылған дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау;

8 8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дәлелді бас тартуды тіркейді (бір сағат ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: дәлелді бас тартуды Мемлекеттік корпорацияға жолдау;

9 9) Мемлекеттік корпорация қызметкері дәлелді бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді (жиырма минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: дәлелді бас тартуды беру;

10 10) сараптамалық кеңес:

техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің (бұдан әрі – күрделі емес объектілер) эскизін (эскиздік жобасын) – жеті жұмыс күні ішінде;
қолданыстағы объектінің сыртқы келбетін (қасбетін) өзгерту кезіндегі (бұдан әрі – қасбетін өзгерту кезінде) эскизді (эскиздік жобаны) – он екі жұмыс күні ішінде қарайды. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: хаттамалық шешімді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдау;

11 11) сәулет-қала құрылысы кеңесі техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің (бұдан әрі – күрделі объектілер) эскизін (эскиздік жобасын) қарайды (он екі жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: хаттамалық шешімді көрсетілетін қызметті берушіге жолдау;

12 12) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы хаттамалық шешімнің негізінде эскизді (эскиздік жобаны) келісу жобасын дайындайды (бір жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: эскизді (эскиздік жобаны) келісу жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсыну;

13 13) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы эскизді (эскиздік жобаны) келісу жобасына қол қояды (бір сағаттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау;

14 14) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді (бір сағаттың ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдау;

15 15) Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді (жиырма минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың тізбесі:

1 1)Мемлекеттік корпорация қызметкері;

2 2)Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері;

3 3)көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

4 4)көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

5 5)көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;

6 6)сараптамалық кеңес;

7 7)cәулет-қала құрылысы кеңесі.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимыл тәртібі реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

37 «Эскизді (эскиздік жобаны келісуден өткізу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қолданыстағы