О внесении изменений в решение Тарбагатайского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 6-6 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Тарбагатайского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 6-6 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
- Атауы (қаз.)
- Тарбағатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 6-6 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» шешiмiне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 52-8
- Қабылданған күні
- 27.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2021 141222_551840.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VP006859
- ЭКБ идентификаторы
- 141222
- Редакция идентификаторы
- 141222_551840
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:27
0 Тарбағатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 6-6 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» шешiмiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Тарбағатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 6-6 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4732 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 15 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары оқу жылы ағымында ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.»;
2 тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«5) шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеліп соққан жағдайлар туындаған кезде (мүгедек бала он сегіз жасқа толғанда, мүгедектігін алғанда, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқыған кезеңінде, мүгедек бала қайтыс болғанда) төлем сәйкес жағдай туындаған айдан келесі айда тоқтатылады.»;