Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 27 сентября 2017 года № 13-2 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Западно-Казахстанской области»

Ереже · № 28-4 · қабылданған 28.08.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2017-no-13-2/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 27 сентября 2017 года № 13-2 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Западно-Казахстанской области» Күшін жойған Ереже ·№ 28-4 ·28.08.2019
28.06.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 27 сентября 2017 года № 13-2 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Западно-Казахстанской области»

Күшін жойған Ереже ·№ 28-4 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 27 сентября 2017 года № 13-2 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Западно-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 13-2 «Батыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28-4
Қабылданған күні
28.08.2019
Көрсетілген редакция
28.06.2024 134413_708660.kaz
Соңғы өзгеріс
28.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19Z0005774
ЭКБ идентификаторы
134413
Редакция идентификаторы
134413_708660
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:41

0 Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 13-2 «Батыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы №296 «Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 13-2 «Батыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4912 тіркелген, 2017 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Батыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеудің қағидаларында:
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.».

2 2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппараты басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы