О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 27 января 2017 года № А-2/27 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 27 января 2017 года № А-2/27 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № А-2/27 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-6/249
- Қабылданған күні
- 05.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2017 113439_202635.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17B0006014
- ЭКБ идентификаторы
- 113439
- Редакция идентификаторы
- 113439_202635
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:54
0
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № А-2/27 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № А-2/27 қаулысына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 5805 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 16 наурызда жарияланған) келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулының қосымшасында:
2-тармағы келесі мазмұндағы 11), 12), 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
11 «11) дефектолог;
12 12) біліктілігі жоғары деңгейдегі барлық санаттағы мамандар және санаты жоқ мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер;
13 13) біліктілігі орташа деңгейдегі барлық санаттағы мамандар және санаты жоқ мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер;
14 14) кітапханашы.».
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
_________________Д. Нұрмолдин
2017 жылғы 05.06.