О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 27 января 2017 года № А-2/27 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 27 января 2017 года № А-2/27 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № А-2/27 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-9/405
- Қабылданған күні
- 29.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2019 134480_419672.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19B0007358
- ЭКБ идентификаторы
- 134480
- Редакция идентификаторы
- 134480_419672
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:38
0 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру,
мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»
Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № А-2/27 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексіне сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № А-2/27 қаулысына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 5805 болып тiркелген, 2017 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.»;
қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі»;
көрсетілген қаулының қосымшасында:
2-тармағы мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармағымен толықтырылсын:
7 «7. Орман шаруашылығы мамандарының лауазымдары:
1 1) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы және басшысының орынбасары;
2 2) бас: аңшылықтанушы, орман қорғау және күзету инженері (табиғи кешендерді қорғау және күзету инженері), ормандарды қалпына келтіру инженері (ормандарды молықтыру және орман өсіру инженері);
3 3) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының орман тұқымбағының басшысы, орманшылық басшысы (орман күтуші);
4 4) орман өрт сөндіру станциясының басшысы;
5 5) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары деңгейдегі барлық санаттағы мамандар және санаты жоқ мамандар: орман (учаске) шебері, орманшы (инспектор), аңшылықтанушы;
6 6) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі орташа деңгейдегі барлық санаттағы мамандар және санаты жоқ мамандар: орман (учаске) шебері, орманшы (инспектор), аңшылықтанушы.».
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ.М. Ыдырысовқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облыстық
мәслихаты