О внесении изменений в постановление акимата Каратальского района от 27 июля 2017 года № 267 «Об утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в Каратальском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Каратальского района от 27 июля 2017 года № 267 «Об утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в Каратальском районе»
- Атауы (қаз.)
- Қаратал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Қаратал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 267 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 328
- Қабылданған күні
- 04.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2023 184739_645977.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23IF005119
- ЭКБ идентификаторы
- 184739
- Редакция идентификаторы
- 184739_645977
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:30
0 Қаратал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі
«Қаратал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 267 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қаратал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Қаратал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 267 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4326 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қаратал ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаратал ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаратал ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 2023 жылғы 4 тамыздағы
№ 328 қаулысына қосымша
Қаратал ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 267 қаулысына қосымша
Қаратал ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Қызмет саласы
Алатын алаңы, шаршы метр
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауалар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
1
Үштөбе қаласы, Абай көшесінің бойында,
Абылай хан және Әбдірахман ақын көшелерінің арасында, «Эдем и К» дүкеніне қарама-қарсы
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары
90
5 жыл
"У Оли","Эдем и К" дүкендері
2
Үштөбе қаласы, Желтоқсан көшесінің бойында,
«Бәйтерек» сауда үйінің оң жағында
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары
32
5 жыл
«Даубай» дүкені
3
Үштөбе қаласы, Б.Момышұлы көшесінің бойында «Көксу» дүкенінің алдында
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары
32
5 жыл
«Көксу», «Сәлем» дүкендері
4
Ескелді ауылы, І. Жансүгіров көшесінің бойында,
Казпочта бөлімшесінің оң жағында
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары
60
5 жыл
"Радуга" дүкені
5
Жанаталап ауылы, Жамбыл және
Қ. Қоныспаев көшелерінің арасында «Аяжан» дүкенінің оң жағында
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары
60
5 жыл
"Аяжан", "Ернұр", дүкендері
6
Қаражиде ауылы,
Д. Қонаев және Е. Шалқошқаров көшелерінің қиылысында, «Нұр» тойханасына қарама қарсы
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары
60
5 жыл
жоқ
7
Шумек, Талдықорған-Үштөбе тас жолының 22 километрі
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары
60
5 жыл
жоқ
8
Бастөбе ауылы, Комаров көшесінің бойында, «Тан» дүкенінің оң жағында
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары
60
5 жыл
"Тан", "Шанс", "Лилия" дүкендері
9
Бастөбе ауылы, Юн көшесі, «Юбилейный» мейрамханасының алдында
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары
60
5 жыл
жоқ
10
Кәлпе ауылы,
Р. Бикенов көшесінің бойында, Казпочта бөлімшесінің қарама қарсы
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары
60
5 жыл
"Азат", "Еламан" дүкендері