О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 марта 2017 года № 305 «Об утверждении Правил обращения с объектами судебной экспертизы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 марта 2017 года № 305 «Об утверждении Правил обращения с объектами судебной экспертизы»
- Атауы (қаз.)
- «Сот сараптама объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 740
- Қабылданған күні
- 31.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2026 I228507_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039502
- ЭКБ идентификаторы
- 228507
- Редакция идентификаторы
- I228507_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 14.08.2026 03:34
0 «Сот сараптама объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2017 жылғы 27 наурыздағы № 305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сот сараптама объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14958 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптама объектілерімен жұмыс істеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу тәртібін сот сараптамасы органының қызметкерлері, лицензияның негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғалар және «Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда сот сараптамасын жүргізуді бір жолғы тәртіппен жүзеге асыратын өзге де адамдар жүзеге асырады».»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Зерттеуге келіп түскен есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды қабылдау сәтінде сот сарапшысы сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) немесе оның уәкілетті өкілінің қатысуымен таразыға тартады (сұйықтың көлемі өлшенеді).
Аталған объектілерді қараудың және таразыға тартудың (көлемін өлшеудің) нәтижелері Қарау актісінде көрсетіледі, оған осы сараптаманы қабылдаған сот сарапшысы, сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Сараптама жүргізу үшін келіп түскен материалдар мен объектілерді тіркеу журналдарын (осы Қағидаларға 1-17 қосымшалар), сондай-ақ бақылау өндірістерін сақтау мерзімі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне сәйкес айқындалады.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Карантинді және аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін тасымалдау және жерлеу, сондай-ақ одан кейінгі дезинфекциялау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № ҚР ДСМ-116 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде №25254 болып тіркелген) бекітілген «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жүргізіледі.».