О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 27 июля 2017 года № 393 «Об утверждении Инструкции по организации обеспечения качества авиационных горюче-смазочных материалов и специальных жидкостей в государственной авиации»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 27 июля 2017 года № 393 «Об утверждении Инструкции по организации обеспечения качества авиационных горюче-смазочных материалов и специальных жидкостей в государственной авиации»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағар май материалдарының және арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 237
- Қабылданған күні
- 19.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 19.04.2021 155113_521808.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022598
- ЭКБ идентификаторы
- 155113
- Редакция идентификаторы
- 155113_521808
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:34
0 «Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағар май материалдарының және арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағар май материалдарының және арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15651 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағар май материалдарының және арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі анықтамалар:
1) авиациялық бөлім – мемлекеттік авиация әуе кемелерінің ұшуын ұйымдастыру мен орындауды, оларды пайдалануды және сақтауды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме;
2) авиациялық оқиға – әуе кемесінің бортындағы адамдардың қаза табуына (өлімге әкелген дене жарақатына) және/немесе осы әуе кемесінің жойылып кетуіне әкелген әуе кемесін ұшуда пайдалануға байланысты авиациялық жағдай;
3) авиациялық техника – авиациялық техникалық құралдар кешені (әуе кемелері, олардың борттық жабдығы мен агрегаттары, қозғалтқыштар, мемлекеттік авиация әуе кемелерінің авиациялық қару-жарағы, авиациялық құтқару құралдары, кешенді тренажерлар (ұшу симуляторлары), жиынтықтаушы бұйымдар, әуе қозғалысын басқарудың, қондыру навигациясының және байланыстың техникалық құралдары, сондай-ақ ұшуды орындау, әуе қозғалысын басқаруды және ұшуды жерүсті қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін арналған жалпы және арнайы қолдануды жерүсті қамтамасыз ету құралдары;
4) әуе кемесі – жер (су) бетінен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын аппарат;
5) қамтамасыз ету бөлімдері – авиациялық-техникалық базалар, авиациялық комендатуралар, әуе қозғалысын басқару орталықтары;
6) мемлекеттік авиацияны басқару органдары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі.»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Әуе кемелерінде жанармайды ауыстыру әуе кемесінің пайдалану құжаттамасында белгіленген мерзімдерге, олар болмаған жағдайда осы Нұсқаулыққа 29-қосымшаға сәйкес әуе кемелерінің бактарында жанармайды сақтау мерзімдеріне сәйкес жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 119-1-тармақпен толықтырылсын:
«119-1. Далалық жағдайларда әуе кемесіне отын құю мынадай қағидат бойынша жүзеге асырылады: тұндыру ыдысы (автоцистерна, резервуар) – шығыс ыдысы (әуеайлақтық отын құйғыш) – әуеайлақтық отын құйғыш – әуе кемесі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5 Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі