О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 марта 2017 года № 53 «Об утверждении условий и минимальных требований к порядку предоставления информации поставщиками информации в кредитные бюро, Правил оформления согласия субъектов кредитных историй на предоставление информации о них в кредитные бюро (за исключением кредитного бюро с государственным участием), оформления согласия на выдачу кредитного отчета из кредитного бюро, а также Правил и услов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 марта 2017 года № 53 «Об утверждении условий и минимальных требований к порядку предоставления информации поставщиками информации в кредитные бюро, Правил оформления согласия субъектов кредитных историй на предоставление информации о них в кредитные бюро (за исключением кредитного бюро с государственным участием), оформления согласия на выдачу кредитного отчета из кредитного бюро, а также Правил и услов
- Атауы (қаз.)
- «Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысына өзгерісте
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 30.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2020 146970_483433.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021348
- ЭКБ идентификаторы
- 146970
- Редакция идентификаторы
- 146970_483433
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:32
0
«Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы
27 наурыздағы № 53 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15115 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін.
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарында:
2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ақпарат берушінің Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты, кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) электрондық нысанда беруге алған келісімдерін есепке алуы;
3) кредиттік тарих субъектісінің Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімінің болуы.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін және (немесе) кредиттік есепті алушыға кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімін Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер және кредиттік есептерді алушылар Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасының талаптарына және құжаттарды сақтау тәртібін айқындайтын ішкі құжаттарға сәйкес сақтауға тиіс.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ақпарат берушілер ақпарат беруші мен кредиттік тарих субъектісінің арасында қарыз беру туралы шарт не өзге мәміле жасау кезінде Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін (бұдан әрі – ақпарат беруге келісім) алады.».