О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 марта 2017 года № 53 «Об утверждении условий и минимальных требований к порядку предоставления информации поставщиками информации в кредитные бюро, Правил оформления согласия субъектов кредитных историй на предоставление информации о них в кредитные бюро (за исключением кредитного бюро с государственным участием), оформления согласия на выдачу кредитного отчета из кредитного бюро, а также Правил и услов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 марта 2017 года № 53 «Об утверждении условий и минимальных требований к порядку предоставления информации поставщиками информации в кредитные бюро, Правил оформления согласия субъектов кредитных историй на предоставление информации о них в кредитные бюро (за исключением кредитного бюро с государственным участием), оформления согласия на выдачу кредитного отчета из кредитного бюро, а также Правил и услов
- Атауы (қаз.)
- «Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысына өзгеріс е
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 68
- Қабылданған күні
- 12.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 12.09.2022 171699_593309.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029628
- ЭКБ идентификаторы
- 171699
- Редакция идентификаторы
- 171699_593309
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:09
0
«Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15115 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңның 24-бабында көрсетілген ақпарат қамтылған кредиттік есепті кредиттік бюро Заңның 29-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша оны алуға құқығы бар кредиттік есепті алушыға осы қаулымен бекітілген Кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу қағидаларының 8-тармағына сәйкес ресімделген кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімі болған жағдайда электрондық немесе қағаз тасымалдағышта береді.
Күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аса мерзімінің өтуіне жол берілген кредит (банктік қарыз немесе микрокредит) бойынша кредиттік есепті берген кезде кредиттік бюро кредиттік тарих субъектісі (жеке тұлға) кредитті өтегеннен кейін күнтізбелік 12 (он екі) ай өткен және көрсетілген кезең ішінде кредиттер бойынша күнтізбелік 30 (отыз) күннен асатын уақытқа мерзімнің өтуіне жол бермеген күннен кейінгі күнгі жағдай бойынша кредиттік есепте кредиттің «оңалтылды» деген мәртебесін көрсетуді қамтамасыз етеді.
Кредиттік есепте соңғы ақпараты Заңның 14-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнен ерте алынған кредит бойынша ақпарат көрсетілмейді.
Кредиттік есепте:
1) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның, коллекторлық агенттіктің берешекті кешіруін;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатының есебінен берешектің өтелуін (ішінара өтелуін);
3) республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражатының есебінен берешектің өтелуін (ішінара өтелуін);
4) өзге де көздерді қоса алғанда, кредит бойынша қарыз алушы-жеке тұлғаның берешекті өтеу көздері туралы ақпарат көрсетіледі.».