О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 сентября 2017 года № 74 «Об утверждении Инструкции по организации дознания по уголовным правонарушениям, отнесенным законодательством Республики Казахстан к ведению Пограничной службы Комитета национальной безопасности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 сентября 2017 года № 74 «Об утверждении Инструкции по организации дознания по уголовным правонарушениям, отнесенным законодательством Республики Казахстан к ведению Пограничной службы Комитета национальной безопасности»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 74 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/қе
- Қабылданған күні
- 17.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 17.01.2020 138997_441627.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000019918
- ЭКБ идентификаторы
- 138997
- Редакция идентификаторы
- 138997_441627
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:19
0 «Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 74 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының атауын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15902 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 қазанда Казақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығында:
11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Өңірлік басқармаларының АӘІЖ бөлімдері, сондай-ақ «Нұр-Сұлтан», «Алматы» және «Қорғас» шекаралық бақылау жасақтары ай сайын есеп беру кезеңінен кейін, айдың 5-ші күнінен кешіктірмей БШ АӘІЖ басқармасына ұсынады:»;
12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Өңірлік басқармалардың АӘІЖ бөлімдері, сондай-ақ, «Нұр-Сұлтан», «Алматы» және «Қорғас» шекаралық бақылау жасақтары өндірістеріндегі барлық қылмыстық істер бойынша уақытылы есеп жүргізіп, бақылау жасау үшін:».