О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 сентября 2017 года № 74 «Об утверждении Инструкции по организации дознания по уголовным правонарушениям, отнесенным законодательством Республики Казахстан к ведению Пограничной службы Комитета национальной безопасности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 сентября 2017 года № 74 «Об утверждении Инструкции по организации дознания по уголовным правонарушениям, отнесенным законодательством Республики Казахстан к ведению Пограничной службы Комитета национальной безопасности»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 74 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1/ҚЕ
- Қабылданған күні
- 03.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 03.01.2024 203857_733665.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24KN000001
- ЭКБ идентификаторы
- 203857
- Редакция идентификаторы
- 203857_733665
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:36
0 «Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 74 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15902 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 15-тармағы 132) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 15-тармағы 132) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінде (бұдан әрі – Шекара қызметі) анықтау өндірісі қызметін ұйымдастыруды нақтылайды.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімдері (бұдан әрі – АӘІЖБ).»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Шекара қызметінің жедел бөлімшелері;»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Анықтау бөлімшелерінің және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелердің қылмыстық-процестік іс-қимылының нәтижелері мынадай негізгі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
1) сотқа жолданған қылмыстық істердің саны (өсу оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
2) прокурордың анықтаушының, анықтау органының заңсыз қаулыларының, сондай-ақ анықтау органы бастықтарының қаулыларын келісуден бас тарту және өзге де шешімдер мен нұсқаулардың күшiн жою туралы қаулылардың саны (төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
3) прокурорлармен қосымша тергеп-тексеруге қайтарылған, соттармен ақтау үкімдері шығарылған және соттармен ақтау негізінде тоқтату туралы қаулылары қабылданған, сондай-ақ, сотқа дейінгі сатыда күдіктінің әрекеті сараланғаннан кейін ақтау негізінде тоқтатылған қылмыстық істердің жоқтығы (оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
4) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны немесе баянатты тіркеу және олар бойынша шешім қабылдау мерзімдерінің сақталуы (бұзушылық фактілерінің төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
5) қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы (бұзушылықтардың төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады).»;
10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінде анықтауды ұйымдастыру Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінің бастықтарына жүктеледі, олар мыналарды жүзеге асырады:»;
13-тармақ алынып тасталсын;
14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінің бастығы анықтау өндірісі бойынша жұмысты тиімді қамтамасыз ету мақсатында:».
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңмасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері оларға қатысты бөлігінде таныстырылсын.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы