Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 февраля 2017 года № 86 «Об утверждении Правил действия согласительной комиссии и ее состава»

Бұйрық · № 63 · қабылданған 11.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2017-no-86/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 февраля 2017 года № 86 «Об утверждении Правил действия согласительной комиссии и ее состава» Қолданыста Бұйрық ·№ 63 ·11.09.2020
11.09.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 февраля 2017 года № 86 «Об утверждении Правил действия согласительной комиссии и ее состава»

Қолданыста Бұйрық ·№ 63 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 февраля 2017 года № 86 «Об утверждении Правил действия согласительной комиссии и ее состава»
Атауы (қаз.)
«Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
63
Қабылданған күні
11.09.2020
Көрсетілген редакция
11.09.2020 146324_481399.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021204
ЭКБ идентификаторы
146324
Редакция идентификаторы
146324_481399
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:51

0 «Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14936 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 сәуірде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Келісу комиссиясы – отырысқа тергеп-тексеруге қатысатын адамдарды шақыра отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактілері бойынша қорытындылардың жобаларын, олардың толықтығы мен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын оларда келтірілген бұзушылық фактілері дәлелдемелерінің сапасы тұрғысынан қарау мақсатында құрылған комиссия;
2) жұмыс органы – монополияға қарсы орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Келісу комиссиясы өз құзыреті шегінде:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындылардың жобасын енгізген күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде олардың толықтығы мен оларда келтірілген бұзушылық фактілері дәлелдемелерінің сапасы тұрғысынан қарайды;
2) тексеру жүргізетін лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) қорытынды жобасын қарау нәтижелері бойынша өзінің ескертулері мен ұсынымдарын енгізеді;
3) тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) уәжді қорытындысын қарайды;
4) уәжді қорытындыны қарау нәтижелері бойынша тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) ескертулер мен ұсынымдар енгізеді;
5) Келісу комиссиясы құзыретінің мәселелері бойынша, оның ішінде Келісу комиссиясының отырыстарына қатысу үшін мемлекеттік органдардан, қоғамдық бірлестіктерден, қауымдастықтардан (одақтардан) тиісті бейіннің сарапшыларын, мамандарын өтеусіз негізде тартады;
6) Келісу комиссиясына жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асырады.»;
9 және 10-тармақтар алып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өтінішінің көшірмесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша қорытынды жобасы, Келісу комиссиясы отырысының күні белгіленгенге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей Келісу комиссиясының қарауына енгізіледі.»;
12-тармақ алып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қорытындының жобасына ескертулер қабылданған жағдайда тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адам (лауазымды адамдар) оны пысықтауды жүзеге асырады және ескертулер мен ұсыныстарды алған кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмейтін мерзімде Келісу комиссиясының қарауына қайта ұсынады.
Тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адам (лауазымды адамдар) Келісу комиссияның ескертулері мен ұсынымдарымен келіспеген жағдайда Келісу комиссияның қарауына жататын уәжді қорытындыны қалыптастырады.
Монополияға қарсы орган ведомствосының қорытындыны бекіту туралы шешімі Келісу комиссиясының қорытынды жобасына ескертулері болмаған жағдайда қабылданады және тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде монополияға қарсы орган ведомствосының бұйрығымен ресімделеді.»;
19-тармақтың 2), 3), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) монополияға қарсы орган ведомствосының басшысы, Келісу комиссиясы төрағасының орынбасары;
3) монополияға қарсы орган ведомствосы басшысының орынбасары;
4) монополияға қарсы орган ведомствосы заң қызметінің басшысы;».

2 2. Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

Қолданыстағы