О внесении изменений в постановление акимата Буландынского района от 27 марта 2018 года № А-03/87 «Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Буландынского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Буландынского района от 27 марта 2018 года № А-03/87 «Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Буландынского района»
- Атауы (қаз.)
- Бұланды ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № А-03/87 «Бұланды ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-08/231
- Қабылданған күні
- 22.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 01.03.2021 134253_511558.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19BG007333
- ЭКБ идентификаторы
- 134253
- Редакция идентификаторы
- 134253_511558
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:44
0 Бұланды ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы
№ А-03/87 «Бұланды ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14 бабының 3 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Бұланды ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № А-03/87 «Бұланды ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6531 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Бұланды ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы осы қаулының 1-13 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2 2) 14-қосымшаның 3 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«3. Тасымалдаулар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады».