Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в решение Жетысайского районного маслихата от 27 декабря 2018 года № 10-52-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 12-74-VI · қабылданған 27.03.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-10-52-v-ekb-130116/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений в решение Жетысайского районного маслихата от 27 декабря 2018 года № 10-52-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 12-74-VI ·27.03.2019
31.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в решение Жетысайского районного маслихата от 27 декабря 2018 года № 10-52-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 12-74-VI · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в решение Жетысайского районного маслихата от 27 декабря 2018 года № 10-52-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Жетісай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 10-52-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12-74-VI
Қабылданған күні
27.03.2019
Көрсетілген редакция
31.12.2020 130116_504442.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19UP004957
ЭКБ идентификаторы
130116
Редакция идентификаторы
130116_504442
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:41

0 Жетісай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 10-52-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жетісай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №10-52-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №4899 тіркелген, 2019 жылғы 22 ақпандағы «Жаңа Жетісай» газетінде және 2019 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жетісай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тізбесін айқындаудың қағидасында:
7 тармақ мынадай абзацпен толықтырылсын:
«8 наурызда «Халықаралық әйелдер күні»- көпбалалы аналарға, оның ішінде:
«Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
9 тармақ мынадай 12 тармақшамен толықтырылсын:
«12) Ауғаныстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яғни ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСРО Одағының орденімен және медальдармен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 5 айлық көрсеткіш.».

2 2. «Жетісай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдануын;

3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы