Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жетысайского районного маслихата от 27 декабря 2018 года № 10-52-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 26-147-VI · қабылданған 09.01.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-10-52-v-ekb-138494/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жетысайского районного маслихата от 27 декабря 2018 года № 10-52-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 26-147-VI ·09.01.2020
31.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жетысайского районного маслихата от 27 декабря 2018 года № 10-52-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 26-147-VI · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жетысайского районного маслихата от 27 декабря 2018 года № 10-52-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Жетісай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 10-52-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
26-147-VI
Қабылданған күні
09.01.2020
Көрсетілген редакция
31.12.2020 138494_504444.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UP005363
ЭКБ идентификаторы
138494
Редакция идентификаторы
138494_504444
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:31

0 Жетісай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 10-52-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жетісай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №10-52-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №4899 тіркелген, 2019 жылғы 22 ақпандағы «Жаңа Жетісай» газетінде және 2019 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жетісай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тізбесін айқындаудың қағидасында:
7 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

7 «7. Әлеуметтік көмек мынадай мереке күндеріне ұсынылады:

9 мамыр «Жеңіс күні» мерекесіне орай:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, біржолғы әлеуметтік көмек 300 000 теңге мөлшерінде;

2 2) Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлер, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, біржолғы әлеуметтік көмек 60 000 теңге мөлшерінде;

3

3) 1941 жылғы 22 маусымы мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, біржолғы әлеуметтік көмек 30 000 теңге мөлшерінде;

4 4) қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына), біржолғы әлеуметтік көмек 30 000 теңге мөлшерінде;

5 5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, біржолғы әлеуметтік көмек 30 000 теңге мөлшерінде.

8 наурызда «Халықаралық әйелдер күні» - көпбалалы аналарға, оның ішінде:
«Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;
9 тармақтың 12) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

12

«12) Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен, жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яғни ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСРО Одағының орденімен және медальдармен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге біржолғы әлеуметтік көмек 30 000 теңге мөлшерінде.»;
13 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

2 2. «Жетісай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Жетісай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы